Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат


Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды ортаға бейімдеу және оңалту шаралары



бет7/13
Дата07.11.2022
өлшемі0.9 Mb.
#464142
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
818700384631 силлабус ОҢАЛТУ БЕЙІМДЕЛУ

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды ортаға бейімдеу және оңалту шаралары
Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді. Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен.
Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта үстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады. Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі организмнің қызметтік және құрылымдық өзгерістеріне әкеліп, өмірін қысқартады. Тұңғыш даму кезеңдерінде баланың қимыл – қозғалыс (локомоторлық) функциясы өте қарапайым формаларында іске асады.
Әдебиеттер:негізгі және қосымша әдебиеттер.
Психикалық дамуы тежелген балаларды ортаға бейімдеу және оңалту шаралары
Психикалық дамудың тежелу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден – бір көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Ол кемақылдылар қатарына жатпайтын, бірақ білім қорының көлеміне қарай оларды қорытуға жеткілікті икемділіктері болса да алғашқы сыныптарда мектеп бағдарламасын игере алмайды. Психикалық дамуы тежелген балаларды жан – жақты зерттеу 1960 жылдардан басталады: осы жылдары енгізілген міндетті орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларының күрделенуі көптеген балалардың сабақ үлгерімін төмендетеді. Психофизиологиялық ауытқушылықтары бар балалармен психологиялық-педагогикалық оқытудың тәрбиелік сипаты, көрнекілік, жеке ықпал ету сияқты жалпы дидактика принциптерімен қатар арнаулы педагогикадағы
түзете-дамыта оқыту және практикалық бағытта оқыту принциптерін
басшылыққа алады. Дегенмен, осы балалармен жүргізілген жұмыстардың нәтижелілігі қосымша факторларға да байланысты. Ең алдымен, оқу
сабақтарының балаларды қоғамдық тәртіп ережелеріне, белсенділіктерін
дамытуға, коммуникабельдік дәрежесіне сәйкес келуі үлкен орын алады. Сонымен қатар, барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арасындағы
байланыс, яғни бір тақырыптың түрлі пәндерде қаралып, түсіндірулермен
қатар, жағымды тұлға қасиеттерін қалыптастыруда еңбекке оқыту, еңбекке
баулу ерекше маңызды. Практика барысында балаларда болашақ әлеуметтік
бейімделуіне өте маңызды ұжымда бірлесе жұмыс істеу, еңбек етуге деген
икем, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Тәрбиеленушілерді әлеуметтік оқыту барысында көрнекі құралдар негізгі
тиімді әдіс болып табылады. Бұл жерде көрнекілік шынайылық деген
мағынаны білдіреді. Педагог балаларды экскурсия, сюжетті-рольді ойындар, ертегі қойылымдар, театрландырылған қойылымдар барысында сыртқы ортаның қасиеттерімен, құбылыстарымен таныстырады. Бұл балалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өздеріне қызмет ету, тұрмыста және арнаулы өндірісте қиын емес еңбек операцияларын орындауға, мүмкіндігінше қоршаған ортаға икемделуге бағытталған жұмыстар. Осындай жұмыстар барысында дамуында проблемасы бар балалар белсенділік көрсетіп, өз беттерінше жұмыс істей алуға, түрлі жағдаяттар барысына сай әрекет етуге, өзін өзгелердің бағалауына парапар ұстауға үйренеді. Түзету жұмыстары барысында жасаған жұмыстарына сын көзбен қарауға үйреніп қана қоймай, салыстырмалы түрде бағалауға, өзгелердің сындарын қабылдай және текшелей алуға, керек кезінде жолдастарын қолдауға, көмек қолын созуға үйренеді. астапқы кезден бастап, «Снузелен» немесе «сенсорлы бөлме» Голландияда ақыл–ойы кем балаларды күнделікті өмірге бейімдеу мақсатында құрылды. «Снузелен» сөзі голланд тілінен аударғанда «сезу», «түйсіну» деген мағынаны береді. Сенсорлы бөлме бұл – дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балалар мен ересек адамдарға алдын–алу және емдеу сеанстарын жүргізуге арналып жабдықталған бөлме. Сондай–ақ, сау балалардың өмірге деген көзқарастарын жақсартуға әсер етеді. Сенсорлы бөлме адамның қоршаған ортаны қабылдауына қажет 3 басты каналына әсер етеді. Олар кинестетикалық, аудиалды және визуалды (тактильді түйсіну, дауыс және түстер арқылы әсер ету).
Әдебиеттер:негізгі және қосымша әдебиеттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет