Су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғаудың бас схемасын бекіту туралы


Экономика салаларымен су қорларын пайдаланудың кәзіргі заман жағдайына баға беру



бет15/32
Дата25.02.2016
өлшемі6.07 Mb.
#22819
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32

Экономика салаларымен су қорларын пайдаланудың кәзіргі заман жағдайына баға беру

Қазақстан Республикасы су қорлармен жеткіліксіз қамтамасызданған және олардың біркелкі орналаспаған мемлекеттердің қатарында. Тұрмыстық қажеттіліктеріне, өнеркәсіп саласында пайдаланатын жер асты су қоры да әркелкі .

Соңғы онжылдықта су ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне үлкен көңіл бөлінді. Тұрғын үй шаруашылығына, өнеркәсіп саласына және ауыл шаруашылыққа алынатың судың ұдайы өсуі, жер асты және беткі сулардың ластануы сонымен қатар жер асты сулардың алынуы қоршаған ортаға әсер етуіне байланысты табиғат ресурстарды қорғау мәселесі қаралады, соның ішінде негізгісі су рессурстары.

Қоршаған орта жәңе су рессурстарының министирлігінің су рессурстарының комитетінің мәліметті бойынша жалпы пайдаланған су рессурстарының көлемі 2012 жылы 17,47 км3 құрады.

Қоршаған орта және су ресурстарының министирлігінің су ресурстар комитетінің мәліметті бойынша 2012 жылы жалпы пайдаланған су ресурстарының көлемі 17,47 км3 құрады, басқа қажеттіліктер есебімен 21,389 км3.

Республикада халықтың саны, малдың басы және өнеркәсіптің өнімділігі келешекте айтарлықтай өсуі күтілуде, осыған байланысты суды пайдалану және суды алу көлемдері өседі. Республиканың экономика салалардың су пайдаланудың меншікті көлемдерінің негізінде, сонымен қатар айналмалы жүйелерді енгізу және жүйедегі шығыстарды азайтудың арқасында суды үнемдеу, суды үнемдеу технологияларын енгізу және ПӘК-тін көтеру есебімен 2040 жыл даму деңгейіне дейін экономика салаларымен су алу көлемі анықталды .

2040 жыл даму деңгейіне дейін экономика салалармен су пайдалану көрсеткіштері 5.1. кестесінде көрсетілген. Перспективті даму деңгейлер бойынша су алу динамикасы 5 - суретте бейнеленген.
5.1 кесте
Экономика салаларының суды пайдалану жиынтық көрсеткіштері


Экономика салалары, суды пайдалану көздері

Жылдар бойынша су алу көлемдері (миллион шаршы метр)

1990 жыл

2012 жыл

2015 жыл

2020 жыл

2030 жыл

2040 жыл

Экономика салаларының суды пайдалануы, барлығы

35573,66

17465,45

20188,62

21004,66

22140,27

23260,19

- коммуналдық шаруашылық

1416,66

843,58

866,63

932,95

1059,26

1281,97

-өнеркәсіп

7110,70

4230,16

4482,23

4696,66

4968,30

5230,65

- ауылшаруашылық

Соның ішінде:

Тұрақты суғару

Жайылма суғару

Шалғындықты сумен басу

Ертіс өзенінің алқабына су жіберу және Қорғалжын көлдеріне су беру

Ауыл елді мекендердің сумен жабдықталуы

Жайылым өрістерді суландыру



26622,63
21539,94

1916,63


2073,26

0,00


479,60

613,20


12255,03
11186,18

152,28


550,53

0,00


267,61

98,43


14642,59
12124,86

408,93


778,39

837,00


364,29

129,12


15114,81
11957,86

686,47


1047,00

857,00


428,56

137,92


15785,97
12082,25

1079,22


1062,00

877,00


540,16

145,35


16382,37
12282,62

1342,62


1062,00

875,00


667,35

152,76


Қабат қысымын демдеу

0,00

38,99

40,94

44,95

49,28

54,50

- балық шаруашылығы

417,74

94,92

118,64

168,67

213,10

242,14

- рекреация

5,92

2,76

37,59

46,63

64,36

68,58

5 сурет Перспективті даму деңгейлер бойынша су пайдалану динамикасы



  1. Экономика салаларының суға қойылатын талаптары


Республика су шаруашылығы кешенінің басты мақсаты халықты және барлық экономика салаларын сапалы сумен қамтамасыз ету, олардын жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау, су қорларын жүдеуліктен және ластанудан қорғау.

Жаңартылған Бас Сұлбада, көптеген су шаруашылық мәліметтерді талдау нәтижесінде қазіргі уақыт деңгейінде мемлекетте жер асты және жер үсті су қорлардың жеткілікті көлемде бар болуы белгілі болды, бірақ келешекте бұл су қорлар жеткіліксіз болуы мүмкін, сондықтан су қорларды қайта реттеу және оларды бассейн ішінде ауыстыру қажет етеді.

Қазіргі уақыт жағдайда республика су шаруашылық кешеннің алдында тұрған негізгі мәселелер:


  • шаруашылық – ауыз сумен қамтамасыздандыру жағдайы төмен болуы;

  • судың тиімсіз пайдаланудың меншікті шығынның жоғары болуы

  • су нысандарында судың сапасы төмен болуы;

  • судың жағымсыз әсерінен болған едәуір материалдық зиян;

  • мемлекеттін су шаруашылығында басқару жүйесінің тиімділігі төмен болу;

  • ғылыми зерттеулер мен жобалық жұмыстарды қаржыландыруының едәуір қыскаруы;

  • су шаруашылық кешенінде негізгі қорлардың техникалық жағдайдын нашар болуы;

  • заңнамалық базаның жетілдірілмегендігі;

  • суды тиімді пайданылатын экономикалық механизмдердін толығымен болмауы;

Сарқырама ағындарының біркелкі болып, антропогендік факторлардың ықпалдығымен, ірі су тұтынушылар мен шаруашылық-экологиялық жүйелері ағынның алумен және басқа да себептермен су бетінің булануындағы қосымша шығынымен Қазақстанның өзен ағыны соңғы он жылдықта айтарлықтай өзгерді.

Соңғы он бес жылда су шаруашылығының барлық экономикалық салаларындағы суды пайдаланылған мен кетірілген көлемінінің біркелкі төмендеу тендециясы бақыланады. Мұның барлығы өнеркәсіптегі өндірістің төмендеуімен ауыл шаруашылығындағы суармалы жер көлемдерінің едәуір азаюмен сипатталатын Қазақстан Республикасының жалпы экономикалық жағдайымен байланысты.

2000 жылдан кейін де экономиканың өркендеуі байқалады, алайда, айтарлықтай су тұтыну көлемінің өсуі байқалмайды. Бұл өз кезегінде өнеркәсіп өндірісіндегі технологиялық циклде суды тиімді пайдалану мен егінді суғару кезеңінде тоқталып қалуымен байланысты.

Бас сұлбадағы кешенді су шаруашылық қайнар көзінің әрқайсысы бойынша су шаруашылық шаралардың жеткіліктігі, жер үсті мен жер асты суларын пайдалану көлемін қамтамасыз етуді талап ету бойынша есеп жүргізумен нақтыланады.

Қазіргі жағдайда негізгі су пайдаланушалар өнеркәсіп, қалалық және ауыл коммуналды шаруашылық, суармалы егіншілік болып табылады. Бұл тенденция 2040 жылға дейінгі деңгейдегі перспектива күшінде қалады. Сонымен қатар, алдағы уақытта өндірістің жалпы көлемінде ауыл шаруашылық жалпы өнімдерін, суармалы жерлер көлемін қалыпты жағдайда қайта жөндеу есебінен ұлғайтылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет