ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
5
Республикасының стандарттау бойынша нормативтік құжаттар көрсеткіштері» және «Қазақстан
Республикасының стандарттау бойынша мемлекетаралық нормативтік құжаттар көрсеткіші» ақпараттық
тізімдемесі және ай сайын шығатын тиісті ақпараттық бюллетень-журнал бойынша тексерген жөн. Егер
сілтеме құжат ауыстырылса (өзгерсе), онда осы нормативті пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген)
құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтеме құжат ауыстырусыз күшін жойса, онда оған сілтеме жасалған
ереже осы сілтемеге қатысы жоқ бөлігіне қолданылады.
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы ережелер жинағында келесі терминдер тиісті анықтамаларымен, сондай-ақ
берілген объектіге қатысты құрылыс нормаларында келтірілген терминдер мен
анықтамалар қолданылған.
3.1 Конструкцияның сенімділігі: Конструкцияның берілген функцияларды
белгіленген пайдалану көрсеткіштері мәндерінің мерзімін талап етілетін пайдалану,
техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтау және тасымалдау режимдері мен шарттарына
сәйкес берілген шектерде сақтай отырып, орындау қабілеті.
4 ҚОЛАЙЛЫ ШЕШІМДЕР
4.1 Жалпы ережелер
4.1.1 Құрылыс алаңында жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу кезінде Қазақстан
Республикасының заңнамасы және ҚР ЕЖ 1.03-106 талаптары сақталуға тиіс.
4.1.2 Құрылыс алаңы ГОСТ 23407 талаптарына сәйкес қоршалуы және қауіпсіздік
белгілерімен және белгіленген нысандағы жазулармен ҚР СТ ГОСТ Р 12.4.026
талаптарына сәйкес белгіленуі керек. Құрылыс алаңы, жұмыс орындары, жұмыс
орындары, оларға апаратын жолдар мен кірме жолдар тәуліктің қараңғы уақытында
ҚР ЕЖ 2.04-106 және ГОСТ 12.1.046 талаптарына сәйкес жарықтандырылуға тиіс.
4.1.3. Ғимараттар мен имараттарды салу бойынша жұмыстарды бекітілген
ұйымдық-технологиялық құжаттама бойынша, оның ішінде жұмысты атқару жобасы
(ЖАЖ) бойынша жүргізу қажет.
4.1.4 Конструкциялар мен қондырғылар монтажын қатар орындауды жұмыстарды
қатарынан атқару тәртібі, монтаждық қабаттар мен аймақтардың өзара байланысты
схемасы, конструкциялар мен қондырғыларды көтеру кестесі бар ЖАЖ бойынша орындау
керек.
4.1.5 ЖАЖ монтаждық элементтерді орнатуға ауытқушылықтарды белгілеуі тиіс,
оның жағдайы барлық монтаждық жұмыстарды аяқтағаннан кейін олардың шекті
мәндерден аспау есебімен оларды тұрақты бекіту мен кезекті конструкциялармен жүктеу
процесінде өзгеруі мүмкін.
Тиісті
негіздемелер
кезінде
жобаларға
осы
ережеде
көзделгендерден
айрықшаланатын параметрлері дәлдігіне, бақылау көлемі мен әдісіне талаптар белгілеуге
жол беріледі. Нормативтік талаптар бойынша дәлдік есебі негізінде конструкциялардың
геометриялық параметрінің дәлдігін белгілеу керек.
4.1.6 Жұмысты орындаушы (мердігерші) оған орындау үшін берілген жобалық
құжаттамаға ішкі бақылауды орындауға, құрылыс салушыға (тапсырысшыға) ол
|