Т. Т. Ипалаков., Б. Апшикур маркшейдерлік іс негіздері


Кездесетін забоилардың сәйкессіздігінің өндірістік рұхсат мөлшері



бет10/26
Дата26.12.2023
өлшемі1.29 Mb.
#487980
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
МУП маркшейдер. дела

6.2 Кездесетін забоилардың сәйкессіздігінің өндірістік рұхсат мөлшері

Маркшейдерлік жұмыстарды орындауға таңдалған әдістемелер және кездесетін забоилармен тау-кен өңдеуін жүргізу үшін пландық және биіктік негіздерді құру барысындағы ұсынылған нормалар, кездесетін забои өстерінің сәйкессіздігінің өндірістік рұхсатты шамасына тәуелді болады. Қазіргі таңда әртүрлі тау кен өңдеу үшін кездесетін забоилардың сәйкессіздік рұхсатты шамасын анықтау бойынша бірлікке келген ұсыныс жоқ. Өндірістік рұхсатты шамалар әрбір қазылатын өңдеудің типін негізге ала отырып, олардың технологиясымен пайдалануы барысындағы нақты жағдайда анықталуы керек. Тау-кен өңдеудегі сбойкалардың қажетті дәлдігін анықтаушы нақты фактор, жер асты көлігінің түрі әсіресе конвейерлік көліктерге қойылатын қатаң талап болып табылады.


Сбойканың рұқсатты шектік қателігінің сандық шамасын, шахтаның техникалық жетекшісі маркшейдер беруі және жұмыс басталарға дейін берілген техникалық тапсырмаға сәйкес дайындалуы қажет. Егер алдын ала есептеудегі забоидың тоғысуының шектік қателігі маркшейдерлік жұмыстың таңдап алынған әдістемесі барысында рұқсатты шамадан артық болса, маркшейдер алдын ала есептеудің шектік қателігі қайтадан рөқсатты шамадан аспауы үшін, мұндай есеппен қабылданған әдістемені өзгертуі қажет. Анықталынатын қателіктің шектік мәні бастапқы қателіктің орташасына тең болады.


7 жалғастырылатын үшбұрышқа екі оқпан арқылы ориентирлік тәсіл


дәріс жоспары:

  1. Жер беті және жер асты тау-кен өңдеудің пландық түсірісі;

  2. Бір вертикальды оқпан арқылы жасалатын ориентрлі-жалғастыру түсірісі;

  3. Ориентрлі – жалғастыруды тіктеуіш көмегімен жасау әдісі.



7.1 Жалпы түсінік, ориентирлік жалғастыру түсірісі
Жер беті және жер асты тау-кен өңдеудің пландық түсірісін геометриялық байланыстыруды іске асыруда өзіндік ерекшелікке ие. Ориентирлік жалғастыру түсірісін орындау нәтижесінде алынуы қажет: а) Жерасты тірек торының бастапқы пунктінің х және у координаттары; б) бастапқы қабырғасының дирекционды бұрышы.
Жер асты өңдеулерді жер бетімен (кен орнын ашу тәсілі) жалғастыру тәсілдеріне байланысты, ориентирлі –жалғастыру түсірісінің негізгі үш түрі бар: 1) штол немесе еңістетілген оқпан арқылы; 2) бір вертикальды оқпан арқылы; 3) жер асты өңдеуді жалғаушы екі вертикалды оқпан арқылы.
Бірінші жағдайда, жалғастырушы түсіріс, шахтаға әдеттегі теодолиттік жүріс жасау жолымен іске асырылады. Екінші және үшінші жағдайға арнайы қабылдаулар пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет