Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/37
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы – экономика факультеті
Экономика және менеджмент кафедрасы
Менеджмент пәнінен
5В050900 «Қаржы» мамандығының орта кәсіби білім негізінде күндізгі оқу нысаны студенттеріне арналған
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Павлодар
Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/38
|
|
БЕКІТЕМІН
Қаржы-экономика
факультетінің деканы
___________ Т.Я.Эрназаров
20__ж. «___»____________
|
Құрастырушы:________________ аға оқытушы М.К. Каримбергенова_
____ Экономика жэне менеджмент_______ кафедрасы
(кафедра атауы)
5В050900 «Қаржы» мамандығының орта кәсіби білім негізінде күндізгі оқу нысаны студенттеріне арналған
___________________________Менеджмент___________________________________________
(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің толық атауы)
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________ _С.К. Кунязова_ 20__ж. «____» ________
(қолы) (аты-жөні)
____________________________________________ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20_ж. «_____»____________ №____ Хаттама
ОӘК төрайымы ________________ А.Б. Темиргалиева 20__ж. «_____»___________
(қолы) (аты-жөні)
КЕЛІСІЛДІ
Кафедра меңгерушісі ____________ ____________ ___ 20__ж. «____» ________
(қолы) (аты-жөні)
1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Аты-жөні М.К. Каримбергенова_____________________________________
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі аға оқытушы_________________________
Экономика жэне менеджмент кафедрасы Ломов көш. 64 - «А» корпусында (мекен-жайы), 419 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 673643.
2 Пән туралы мағлұмат
2.1 Пәннің еңбек сыйымдылығы
Семестр
|
Кредиттар саны
|
Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны
|
Студенттің өздік жұмысының сағат саны
|
Бақылау нысан
дары
|
барлығы
|
дәріс
|
практи-ка
|
зертха-налық
|
студия-лық
|
жеке
|
барлығы
|
ОСӨЖ
|
5В050900 «Қаржы»
|
Орта кәсіби білім негізінде, күндізгі оқу нысаны, 2010 түскен жылы
|
4
|
2,1п
|
30
|
15
|
15
|
|
|
|
60
|
30
|
емтихан
|
2.2 Пәннің мақсаты
«Менеджмент» пәнінің мақсаты курстың теориялық-эдістемелік түрғысынан, басқару теориясы мен тэжірибесінің қолданылуы мен дамуын нарықтық қатынастар жағдайларыңда игеру болып табылады.
Менеджмент пәнінің зерттеу объектісі – бұл ұйым қызметін басқару қағидалары, тәсілдері, механизмдері және олардың жиынтықтары.
Пәнді оқытудың негізгі мақсаттары:
- студенттер үшін менеджмент туралы теориялық білімдер кешенін құру;
- менеджментті сипаттайтын түсініктер мағанасын ұғындыру;
- дүниежүзілік тәжірибені тиімді пайдалану кезінде басқару қызметіндегі нақты дағдыларды жасау.
2.3 Пәннің негізгі міндеттері
- тесттерді, тренингтерді, жаттығуларды, практикалық тапсырмаларды, іскерлік ойындарды және т.б. орындау арқылы студенттердің кәсіби білімдерін жетілдіру;
- басшының тәжірибелік жұмыс дағдыларын игеру;
- шығармашылық белсенділіктерді арттыру;
- іскерлік қасиеттерді дамыту.
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:
- басқару еңбегінің мәні, басқарудың әдістері, қағидалары, қызметтері, басқару стильдері және кәсіпорын қызметінің жеке сфераларындағы басқару ерекшеліктері жөнінде түсініктері болуы;
- басқарушылық процестердің, негізгі ұйымдық құрылымдардың, менеджердің атқаратын міндеттері мен жұмыс стилінің табиғатын;
- менеджердің жауапкершілігі туралы, басқару деңгейлері бойынша жауапкершіліктердің бөліну;
- ұйым ресурстарын тиімді басқара;
- ұйым қызметін жоспарлау және болжау әдістері мен нысандарын білуі;
- ұйым ресурстарын, яғни еңбек, қаражат, материалдық және т.б. тиімді басқару үшін олардың ұйым балансында қанша көлемде бар екендігін және оларға деген қажеттіліктің қанша екендігін бағалап, оны талдауға;
- ұйым қызметіне қойылған талаптарға және болашақта мүмкін болатын өзгерістерге сүйене отырып дұрыс қорытынды жасап, бірнеше баламалар ішінен тиімді шешім қабылдауға;
- ұйымда қарастырылатын жобаларды және оларды қаржыландырудағы инвестиция көздерін таңдауды экономикалық тұрғыдан қарастыруға икемді болуы;
- басқару шешімдерін әзірлеу, талдау және шешу бойынша;
- персоналды және толығымен ұйымды тиімді басқару бойынша практикалық машықтарды иемденуі қажет.
2.4 Пререквизеттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет:
- маркетинг негіздері; мамандыққа кіріспе; экономикалық теория; микроэкономика; шағын бизнес негіздері.
2.5 Пострекизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет:
қаржы менеджмент, кәсіпорын экономика; маркетинг; бизнес жоспарлау; бизнес этикасы
3 Тақырыптық жоспар
3.1 5В050900 «Қаржы» мамандықтың орта кәсіби білім негізінде күндізгі оқу нысаны, 2010 түскен жылы «Менеджмент» пәннің тақырыптық жоспары
(2 кредит, 1 перезачет)
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
|
|
№
|
Тақырыптың аталуы
|
Сағат саны
|
|
ДС
|
ТС
|
СӨЖ
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
1
|
Басқару ғылымының пәні мен әдісі
|
1
|
|
3
|
|
2
|
Менеджменттің мәні мен қағидалары
|
1
|
1
|
3
|
|
3
|
Қазақстандағы менеджменттің әдістемелік негіздері
|
|
|
3
|
|
4
|
Ұйым түсінігі және оның түрлері
|
1
|
1
|
3
|
|
5
|
Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
|
1
|
1
|
3
|
|
6
|
Менеджментті ақпаратпен қамтамасыз ету
|
0,5
|
|
3
|
|
7
|
Менеджменттегі коммуникация
|
0,5
|
1
|
3
|
|
8
|
Менеджмент басқару шешімдері
|
1
|
1
|
3
|
|
9
|
Басқарудың экономиқалық әдістері
|
1
|
1
|
3
|
|
10
|
Басқарудың әлеуметтік - психологиялық әдістері
|
0,5
|
1
|
3
|
|
11
|
Басқарудың ұйымдастырушылық - өкімдік әдістері
|
0,5
|
1
|
3
|
|
12
|
Басқару функциялары
|
|
|
3
|
|
13
|
Менеджменттегі жоспарлау
|
1
|
1
|
3
|
|
14
|
Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде
|
1
|
1
|
3
|
|
15
|
Менеджменттегі мотивация
|
1
|
1
|
2
|
|
16
|
Менеджмент жүйесіндегі бақылау
|
1
|
1
|
2
|
|
17
|
Басшылық: билік, ықпал ету және әріптестік
|
0,5
|
|
2
|
|
18
|
Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі
|
0,5
|
|
2
|
|
19
|
Қайшылықты, күзелісті және өзгерістерді басқару
|
|
|
2
|
|
20
|
Фирманың қадырлық саясаты
|
|
1
|
2
|
|
21
|
Басқару қызметінің мәдениеті
|
1
|
1
|
2
|
|
22
|
Басқарудың корпоративтік мәдениеті
|
|
|
2
|
|
23
|
Менеджердің іскерлік этикасы
|
1
|
1
|
2
|
|
|
Барлығы
|
15
|
15
|
60
|
|
4 Пәннің қысқаша сипаттамасы
«Менеджмент» пәні микродеңгейде басқарудың методологиялық, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық аспектілерін логикалық тізбекте қарастырады.
Басқару процесінде қатысатын негізгі элементтер болып коммуникация, басқару шешімдері, жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау функциялары табылады.
Осы пән бойынша студенттерді оқытудың белсеңді әдістері: имитациялық, ойындық, имитациялық емес.
5 Курстың компоненттері
Дәрістік сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Басқару ғылымының пәні мен әдісі
Экономикалық ғылымдар жүйесінде басқару ғылымының пәні.
Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері. Теория мен практика бірлігі, менеджментегі зерттеудегі тарихи және логикалық тәсілдер.
Өндірісті басқару ғылымының пәні. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың жіктемесі.
Басқару ғылымы әдістерінің жиынтығы.
Курстың мазмұны мен міндеттері. «Менеджмент» оқу пәнінің басқа пәндермен байланысы. Оның мамандар дайындаудағы мақсаттары мен міндеттері.
Басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі.
2-тақырып. Менеджменттің мәні мен қағидалары
Менеджмент ұғымы, міндеті мен түрлері: өндірістік менеджмент, қаржылық менеджмент, инновациялық менеджмент, инвестициялық менеджмент, бейдағдарыстық менеджмент, халықаралық менеджмент және басқалар.
Басқарушы және басқарылушы кіші жүйелер, олардың бірлігі мен өзара әрекеттестігі. Менеджер және оның функциялары.
Нарықтық экономикадағы басқару объектілері. Басқарудың ғылыми қағидалары. Басқару ғылым және өнер ретінде.
Басқару мен кәсіпкерліктің өзара байланысы.
Басқарудың мәні мен қағидаларына неғізгі теориялық көзқарастар. Америкалық және Жапон менеджменті: ерекшеліктері мен өзгешіліктері.
Тарихи алғышарттар мен менеджмент эволюциясының дамуы.
3-тақырып. Қазақстандағы менеджменттің әдістемелік негіздері
Қазақстанда менеджменттің қалыптасуы мен дамуының саяси және экономикалық алғышарттары, қазіргі заманғы өндірістің дамуындағы ролі.
Қазақстанда нарықтық қарым-қатынастарға өтудің негізгі бағыттары. Реформаларды жеделдету мен тереңдетудің мақсаттары мен міндетгері. Менеджменттің орны мен ролі. Экономика, саясат және басқарудың өзара эрекетгестігі.
Қазақстандағы кэсіпкерлік пен бизнестің мазмұны мен негізгі ерекшеліктері. Олардың дамуына ішкі және сыртқы ортаның эсері. Менеджмент жэне кэсіпкерлік.
Менеджмент бірігіп қүрастырылған еңбектің құрама бөлігі және Қазақстандағы меншіктің жаңа қарым-қатынастарын жүзеге асыру қүралы ретінде.
Өзін-өзі басқару концепциясы реттелмелі нарықтық экономикаға өтудің ғьшыми негізі ретінде.
Қазақстан Республикасының қалыптасуы жэне дамуының стратегиясы. Экономикалық даму стратегиясының кезендері.
ҚР мемлекеттік жоспарлау жүйесі.
4-тақырып. ¥йым түсінігі және оның түрлері
¥йым туралы түсінік. ¥йымның жалпы сипаттамалары. Ресми және бейресми үйымдар.
Көлденең және тік еңбек белгінісі. ¥йымдағы басқару процесі. Басқарудың негізгі деңгейлері. Басқару объектісі мен субъектісі.
Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік. Кәсіпкерлер басқарушы ретінде. Жетістікке бағытгалған басқару. Қазіргі заманғы менеджер моделі.
5-тақырып. ¥йымның ішкі және сыртқы ортасы
Үйымның ішкі ортасы туралы түсінік. Ішкі айнымалылар: мақсат, құрылым, міндет, технология және адамдар. Мақсаттар туралы түсінік жэне олардың әртүрлілігі. Бөлімшелердің мақсаттары. Ұйым кұрылымы. Мамандандырылған еңбек бөлінісі. Басқару көлемі. Міндеттер сипаттамасы. Технология ұғымы. Технологияның жіктелуі. Фирма жетістігіне технологияның әсері. Басқарудың жағдайлык көзқарасындағы адам айнымалысының негізгі аспектілері. Ішкі айнымалылардың өзара байланысы.
Сыртқы орта туралы түсінік. Сырткы ортаның маңызы және оның үйым жүмысына әсері. Сыртқы орта сипаттамалары: факторлардың өзара байланысы, ортаның күрделілігі, ортаның қозғалмалылығы, ортаның белгісіздігі.
Тура әсер ету ортасы: жабдықтаушылар, материалдар, капитал, еңбек ресурстары, тұтынушылар, бәсекелестер.
Жанама әсер ету ортасы: экономика жағдайы, элеуметтік-мәдени факторлар, саяси факторлар, жергілікті түрғындармен қарым-қатынас. «Технология» факторының сыртқы аспектілері.
6-тақырып. Менеджмептті ақпаратпен қамтамасыз ету
Ақпарат үғымы. Ақпарат басқару қызметінің пәні ретінде.
Ақпараттың басқару тиімділігіне әсері. Ақпараттың анық-тамасы, белгілері, жіктелуі. Ақпаратқа қойылатын талаптар. Фирма ішіндегі ақпарат жүйесінің негізгі қағидалары, міндеттері мен функциялары. Ақпарат сапасына әсер ететін факторлар.
Ақпара құрылымы. Ақпараттық жүйелер. Ақпараттық ағымдарды ұйымдастыру, ақпаратты жинау мен өндеу әдістері. Менеджмент жүйесіндегі ақпаратты дифференциациялау. Менеджменттің ақпараттық икемділігі.
Қазақстан экономикасын басқарудагы ақпаратпен қамтамасыз етілу.
7-тақырып. Менеджменттегі коммуникация
Басқарудағы коммуникацияның ролі. Менеджменттегі көлденең және тік коммуникациялар. Жеке адам аралық және топтық коммуникациялар. Қарым-қатынас түрлері мен үйымдастыру түрлері. Іскерлік қарым-қатынастың дамуы. Қарым-қатынас жасаудағы жеке тұлғалық және кәсіби факторлар. Коммуникациялық процес: түсінігі, міндеті, элементі, кезендері. Шуылдар. Кері байланыс. Жеке түлға аралық кедергілер. ¥йымдық кедергілер.
Қүжат айналымын жобалау.
Коммуникациялық кедергілер мен оларды өту әдістері.
8-тақырып. Менеджменттегі басқару шешімдері
Менеджмент процесіндегі шешімнің рөлі. Басқару шешімдері туралы түсінік және олардың жіктелуі. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыру технологиясы. Басқарушылық шешімдер сапасының көрсеткіштері. Шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру кезеңдері.
Белгісіздік жағдайындағы шешім үғымы. Шешім салдары: бағалау мен болжау. Баламаларды талдаудың негізгі әдістері.
Күрделілік дәрежесі әртүрлі проблемаларды шешудегі басқару шешімдері. Бағдарламалы-мақсаттық және проблемалы-бағытталған басқару.
9-тақырып. Басқарудың экономикалық әдістері
Экономикалық әдістердің басқару әдістер жүйесіндегі орны. Елдің элеуметтік-экономикалық дамуын тездету үшін халық шаруашылығының барлық деңгейлеріндегі басқарудың экономикалық әдістеріне көшудің маңызы. Басқарудың экономикалық әдістерінің жіктемесі. Нарықтық қарым-қатынастардың қалышасуы кезеңіндегі басқарудың эртүрлі деңгейлеріндегі экономикалық эдістерді қолдану ерекшеліктері.
10-тақырып. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
Басқарудағы әлеуметтік-психологиялық әсердің орны мен ролі. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерінің жіктелуі мен сипаттамалары.
Әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудағы элеуметтік факторлар ролін арттыру. Қайта құру түжырымдамасындағы адам факторы. Шаруашылық қызметтің әлеуметтік бағытын күшейту. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету басқарудың шаруашылық механизмінің тиімділігінің жоғаргы критерийі ретінде.
11-тақырып. Басқарудың үйымдастырушылық-өкімдік әдістері
Үйымдастырушылық-өкімдік әдістердің басқару әдістері жүйесіндегі орны, олардың басқа басқарушылық әсер ету тәсілдерімен түбегейлі өзара байланысы. Үйымдастырушылық-өкімдік әдістердің мәні және олардың сипаттамасы. Оперативті басқаруда пайдаланылатын үйымдастырушылық әдістер.
Өкімшілік ықпал ету, оның басқару жүйесінің әртүрлі деңгейіндегі мақсаттары мен жүзеге асыру нысандары. Экономиканы басқарудағы құқықтық әдістердің рөлі. Өндірісті басқарудағы құқықтық реттеу механизмі.
12-тақырып. Басқару фуыкциялары
Басқару функциясы үғымы. Функцияларды беліп көрсетудің ғылыми негізі және басқару практикасы. А.Файоль және функционалды басқару. Басқарудың жалпы және нақты функциялары. Функциялардың макродеңгейдегі, микродеңгейдегі (кәсіпорын функциялары) жіктелуі, қазіргі кезеқдегі нарықтық функциялар. Басқару объектісі мен субъектісінің функциялары.
13-тақырып. Менеджменттегі жоспарлау
Жоспарлаудың мазмұны, мадсаттары мен міндеттері. Жоспар түрлері, жоспарлау формалары. Жоспарлау қағидалары: кестелер, байланыс, деңгейлер, күнтізбемен байланыстыру.
Үйым кызметін стратегиялық жоспарлау. Стратегиялық жоспарды жасаудың әдістері, процедуралары мен ережелері. Стратегиялық жоспарды бағалаудың сандық және сапалық белгілері. Стратегияны жүзеге асыру процесін басқару. Тактикалық жоспарлау. Тактикалық жоспарды жасау процедурасы мен сипаттамасы. Ішкі фирмалық жоспарлаудың үйымдастырушылық формалары. ¥йымды басқарудағы бизнес-жоспар. Бизнес-жоспардың міндеттері мен белімдері. Қызметті тандау, бәсекелестік артықшылықтарының түрлері. Өткізу нарығын бағалау. Нарықты зерттеу процесінің кезеңдері. Бэсекелестік қабілеттілікті бағалау. Маркетинг, өндіріс, қаржы жоспарының негізгі элементтері. Шет елдерде жоспарлауды үйымдастыру мен оның ерекшеліктері.