Жұмыс жоспары және зерттеулерді өткізу
Зерттеу әдістерін жасаған соң тәжрибелік (экспериминтальды) жұмыстың көлемі, әдістері, техникасы, еңбек сыйымдылығы мен мерзімі көрсетілетін жұмыс жоспары құрылады.
Экспериминтальды және теоретикалық зерттеулер аяқталған соң алынған нәтижелердің жалпы сараптамасы жасалады, эксперимент нәтижелері мен гипотезалардың сәйкестігі жүзеге асады.
Сараптау нәтижесінде теоретикалық үлгілер анықталады қажет жағдайда қосымша эксперименттер өткізіледі. Сосын, өндірістік және ғылыми қорытындылар қалыптасып, ғылыми-техникалық есеп құрылады.
Зерттеу нәтижелерін енгізу
Тақырыпты жасаудың келесі кезеңі өндіріске зерттеу нәтижелерін енгізу және оның шын мәніндегі экономикалық әсерін анықтау болып табылады. Өндіріске қолданбалы және фундаментальды ғылыми зерттеулерді енгізу тәжірибелік-конструкторлы бюрода, проектілі ұйымдарда, тәжірибелі зауыттар мен шеберханаларда өткізілген жұмыстар арқылы жүзеге асады. Жұмыс жоспарлары тәжірибелік-технологиялық немесе тәжірибелік-конструкторлық түрде безендіріледі, оның құрамына тақырыптың қалыптасуы, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, әдебиеттерді үйрену, экспериментальды үлгіні техникалық жобалау, жекелеген блоктар дайындау олардың жүйедегі бірігуі, техникалық жобаның келісімі және оның техникалық-экономикалық негізделуі жатады. Осыдан соң жұмыстық жобалау орындалады (жобаның детальды өңделуі), тәжірибелік үлгі дайындалады, оны сынақтан өткізу іске асады. Содан кейін тәжірибелік үлгіде жөндеп, түзеу жүзеге асады (өндірістік сынақ сараптамасы, қайта жасау және басқа бөлшектермен алмастыру).
Аталған кезеңдерді сәтті орындау үлгіні мемлекеттік сынаққа таныстыруға мүмкіндік береді, нәтижесінде сол үлгі сериялық өндіріске жіберіледі. Жасап шығарушылар бұл кезде бақылау жасап, кеңес береді. Зерттеу нәтижелерін енгізу зерттеу нәтижелерінің экономикалық әсері актісіне қол қойып, оны жасаумен аяқталады.
• Жалпы түсінік
• Ғылыми бірлік құрылымның бағыты
Жалпы түсінік
Ғылыми зерттеудің бағыты-жан жақты, объекті дұрыс ұғыну, процесті немесе көріністі, олардың құрылымын ғылымда таным әдістері және принциптерін шығаруда негізделген байланыс және қатынастар, сонымен қатар адамзатқа пайдалы нәтижелерді өндіріске енгізу және алу.
Әрбір ғылыми зерттеуде озіміз-объектісін және пәні болады.
Ғылыми зерттеудің объектісі ретінде материалдық және идеалды жүйе жатады.
Пән - бұл жүйенің құрылымы,жүйе ішіндегі элементтердің заңдық қосылысы және оның сыртында, даму заңдылығы, әртүрлі қасиеттері, сапасы және т.б.
Әрбір ғылыми-зерттеу жұмысын белгілі бір бағытқа жатқызуға болады.Ғылыми бағыт- ғылым және ғылым комплексі ретінде түсіндіріледі,бұл облыста ғылыми зерттеулер жүргізіледі және осымен бірге техникалық,биологиялық, әлеуметтік,физико-техникалық,тарихи және т.б.кейін бөлшектеуге мүмкіндігі бар бағыттарды айыруға болады.
Техникалық бағытқа мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану облысындағы зерттеулерді жатқызуға болады.Ғылыми бағыттың негізіне арнайы ғылым қатары, зерттеудің арнайы әдістері және техникалық құрылғылар(мысалы:жер асты гидромеханика,мұнай кен орнын игеру,газ кен орнын игеру және т.б.)болып табылады.
Проблема бағыттарын,ғылыми зерттеу тақырыптарын таңдау және ғылыми сұрақтарды құрастыру өте жауапты жұмыстардың бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |