Тақырыбы: «Кикілжің психологиясы» Кикілжің туралы түсінік. Кикілжің функциясы


Жоғары сынып оқушыларының арасындағы кикілжіңдердің түрлері мен туындау себептерін анықтау



бет12/13
Дата10.06.2022
өлшемі244.61 Kb.
#459082
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
КИКІЛЖІҢ

2. Жоғары сынып оқушыларының арасындағы кикілжіңдердің түрлері мен туындау себептерін анықтау.
Халықтық білім беру сферасындағы іс-әрекеттің төрт субъектілерін бөліп көрсетеді: оқушы, мұгалім, ата- ана және администратор. Субъекттердің өзаралық әртүрлі қарым-қатынасқа түсінуі байланысты кикілжіңдердіңкелесі түрлерш бөліп көрсетуге болады: оқушы - оқушы; оқушы - мұғалім; оқушы - ата-ана; оқушы - администратор; мұғалім - администратор; мүғалім - мұғалім; мүғалім - ата-ана; ата-ана - ата-ана; ата-ана - администратор; администратор - администратор (В.Воронин).
Оқу іс-әрекетінің көп тараған оқушылар арасындағы кикілжіңдерді қарастырайык.
Жасөспірімдік, жеткіншектік ортадағы кикілжің барлық заманға және халыққа тән, ол Р.Киплингтің бейнелеген XIX гасырдағы аристократтық мектебі болсын немесе ағылшын жазушысы У.Голдингтің «Повелитель мух» шығармасындағы ересектердің қарауынсыз, қарт аяғы баспаған аралдар қалып қойған бір топ балалардыц оқиғасы болсын (И.Кон).Мектептегі оқыту барысындағы жетіспеушілікке байланысты туындайтын кикілжіңдерді 1-сызбадакөре аламыз. Жоғары сынып арасындағы болатын кикілжіңдердің бірі лидерлікке ұмтылыс немесе лидерлік кикілжіңі. Мүнда екі-үш лидерлердің және олардың топтарының сыныптағы біріншілік беделіне таласуы. Орта сыныптарда қыздардың тобымен ұлдар тобының арасындағы кикілжіңдер жиі болып тұрады. Үш-төрт жасөспірімдердің бүкіл сынып немесе бір оқушының бүкіл сынып оқушыларымен кикілжіңге түсуі мүмкін. Психологтардың бақылауынша (О.Ситковская, О.Михайлова) лидерлікке жол, әсіресе жасөспірімдер ортасында, қатыгездік, мейірімсіздік, өзінің біріншілігін көрсету немесе демонстрациялаумен байланысты. Балалық қатыгездік - барлығына танымды құбылыс. Әлемдік педагогиканың бір парадоксының нәтижесі бойынша бала ересектенде көбірек өзінің қатарластарына қатыгездік көреді.
Оқушылардың агрессивтік қылықтарының генезисі олардың жеке тұлғалық әлеуметтенуінің дефектерімен байланысты. Сонымен қатар, баланың және жеткіншектің жеке тұлғасы өзімен-өзі қалыптаспайды, қоршаған ортада, қоғамда қалыптасады. Әсіресе, маңызды болып кіші топтар жатады. Мұнда жеткіншек басқа адамдар мен әрекеттеседі немесе қарым-қатынасқа түседі. Ең алдымен жанұяға қатысты. Әр түрлі авторлар сәтсіз қалыптасқан жанұяларды әр түрлі бөліп көрсетеді.
Л.С. Алексеева сәтсіз қүрылған жанүялардың келесі түрлерін көрсетеді:
1. кикілжіңдік;
2. аморальді;
3. педогогикалық компетентті емес;
4. асоциалды;
Г.П. Бочкарёва келесі жанұяларды бөліп көрсетеді:
1. әмоционалды атмосферасы сәтсіз қүрылған жанұялар, мүнда ата-аналары өз балаларына мейірімсіз, сонымен қатар дөрекі, құрметтемей қарайды.
2. мүшелерінің арасында әмоционалды байланыс жоқ, баланың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарайды.
3. балаға саяси жағымсыз қажеттіліктер мен қызушылықтар ілініп, оларды аморальді өмір сүруіне итеру.
Сонымен, мектепке дейінгі балалардың ата-аналарының жазалауының жиілігі мен балалардың агрессивтік әрекеттерінің жиілігінің арасындағы оңды байланысты табылған (Р.Сирс).
Ата-аналары физикалық күш көрсету арқылы тәрбиеленген балалар көбінесе кикілжіңге түскіш болып келеді (А.Бандура). Сондықтан зерттеушілердің көбісі жазалау жеке тұлға қылықтарының кикілжіңділігінің моделі деп санайды (Л.Джавинен, С.Ларсенс).
Әлеуметтенудің алғашқы сатыларында агрессия қасиеті абайсыздан көрінуі мүмкін. Бірақ агрессиялық әрекет арқылы көздеген мақсатына жеткен соң, әртүрлі қиын ситуациялардан шығу үшін мұндай тәсілді қайтадан қолдануға ұмтылуы мүмкін. Ол үшін агрессия - қол жеткізу тәсілі емес, агрессия - өзіндік мақсаты болып саналады. Бұл агрессия қылығының өзіндік мотивіне айналып, өзін-өзі басқаруының төменгі деңгейінде баскаларға деген қарсыластық сезімін тудырады.
Бұдан басқа жасөспірімдердің өздерінің сыныптастарымен кикілжіңге түсуі, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Яғни өзімен жастылардың оны моральды әтикалық критериймен бағалауы және т.с.с. (В.Лозоцева).
Сынып ішіндегі жеке тұлғалар арасындағы кикілжіңдер түрлері өте көп.
Оқушылар тобы ішіндегі өзаралық кикілжіңдер топтағы жеке тұлғалық қарым-қатынастардың дисгармонизациялануынан және топтың құрылымының тепе-теңдігінің бұзылуынан (статустық, рольдік, коммуникативтік, басқармалық) көрініс табады.
Топ әртүрлі күрделі де көп деңгейлі және көп функциональды көріністі болғандықтан, онда әр түрлі кикілжіңдердё дамиды.
Сол топ ішіндегі болатын кикілжіңдердің мінездемелеріне тоқтап өтсек:
1. Берілген топтағы микро-топтардың өзара әрекеттесуі барысында кикілжіңдер туындауы мүмкін. Мұндай топтар әр түрлі кіші әлеуметтік топтарда кездеседі, және оларды саны 6-8 адамнан аспайды, сонымен қатар 3 адамнан тұратын микро-топтар да бар. Көпсанды топтар тұрақсыз болып келеді. Топ мүшелерінің жас деңгейінің өсуіне және олардың әлеуметтік статусына байланысты топтардың саны азаяды. Топтың өмірінде мини-топтар үлкен роль ойнайды. Олардың өзара әрекеттесуі толығымен топтың климатының өзгеруіне, іс-әрекетінің нәтижелігіне әсер етеді. Кіші топтардың ішінде топтық өмірдің ережелері мен нормаларынан озу байқалады, дәлірек айтқанла мини-топ осы ережелердің өзгеруіне инициатор болып табылады. Бірінші топтағы мини-топты таңдау мәселе алдында тұрады. Ол топ оны өзіне қабылдап, оның мінезін мақұлдайды.
Түзілу деңгейінде және оқушылардың өзара бейімделу деңгейінен өткен мектеп сыныбы, ереже бойынша осындай бірнеше микро-топтардан түруы мүмкін. Олардың бұлай түзілуінің принципі болып, қатысушылардың статусына байланысты: «жұлдызы» бар немесе лидері бар жоғары статустық топтар, орта және төменгі статустық топтар, жиірек топ қабылдамаған жеке тұлғалардың (изгои) өзара қарым-қатынас құрған топтар болып бөлінеді.
Сыныптағы балалардың жынысы мен жасына байланысты кіші топтарға бөлінуі де әр түрлі өтеді. Бастауыш мектепте мектеп үлгерімі принципына байланысты кіші топтар түзіледі, және бір топтың өзіне сол және басқа жыныс мүшелерінің оқушылары түседі. Ал жеткіншектердегі балалар мен қыздар топтары көбінесе автономды болады. Мұнда балалар саны көп болса, онда топтың құрылымы бұтақталып, бір топқа жиналады. Ал егер қыз саны көп болса, ұлдар көбінесе қыздардың лидерлеріне бағытталып, бағынады.
Бір сыныптағы кіші топтар арасында әр түрлі қарым-қатынастар түзіледі. Ереже бойынша топтар арасында оң байланыс немесе барлық төменгі және орта статустық топтар жоғары статустық топқа бағытталуы мүмкін. Кейде топ ішінде топ аралық кикілжіңдер тудыратын бір адам немесе тұрақты жүк болады, олар басқа кіші топтың лидерімен кикілжің қарым-қатынас құруы мүмкін.
2. Кикілжіңдер жоғары статустық топтардын. сыртқы референтті топтың ортақ мақсатына және кұндылықтарына қарсы тұруына сәйкес келмеуіне байланысты туындайды.
3. Басқару стилімен келіспеген формальді емес сыртқы топтың басқарушысымен әрекеттесу барысында туындайтын кикілжіңдік жағдайлар. Мұндағы кикілжің топтық болып басталмайды. Бұл жердегі кикілжіңге қатысушылар басқарушы және топтың жеке онда тарқаған топтың мүшелеоі өз орнынан басқа қоғам - достықтан табады .
4. Лидерлер арасындағы кикілжіңдер. Бір жағдайда кикілжің күштері тең екі микро-топтың лидерлерінің арасында болса, екінші жағдайда кикілжің тұрақталған лидермен оның қолдаған, күшейіп келе жатқан адамының арасында туындайды. Бұдан басқа сынып үшін әр түрлі бағыттағы лидерлер кикілжіңдері дәстүрлі болып табылады. Мұндай қарсы күрестердің қажеті де жоқ, сонымен қатар үлкендердің дұрыс басқара алмауынан туындайды. Олар оқушыларға сыныпты «әсер ету сфераларына» бөлуге, өзінің лидерлік басшылығы тән спецификалық зоналарын әр лидерлерге табуға көмек бермейді.
5. Сонымен қатар, формальді емес лидермен топтың басқарушысының арасындағы көп таралған кикілжің. Лидермен басқарушысының қызығушылықтары мен мәселелері бағыттас болса да, олар үнемі қақтығысуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет