Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы» Уақыты



бет1/3
Дата25.04.2024
өлшемі22.01 Kb.
#499794
  1   2   3
Мамандықтың бәрі жақсы


Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Уақыты: 18.11.2021
Сынып: 2 Б
Сынып жетекшісі: Утепбергенова Анархан
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдау білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, интерактивті тақта, қанатты сөздер жазылған плакаттар.
Жоспары:
I.Кіріспе. (Амандасу, топтармен таныстыру, сұрақ – жауап.)
II.Негізгі бөлім.

  1. «Миға шабуыл»-Ой-қозғау.

2.Презентация «Менің сүйікті мамандығым»(Үй тапсырмасы)
3.Ойын: «Мамандықтың бәрі жақсы»(Интеллектуалдық ойын)
4.Көрініс (Мамандықтар туралы күлкілі жағдаяттар)
5.Капитандар сайысы «Қай мамандық?» (пантомима)
III.Қорытынды.
1.Бағалау.
2.Рефлексия.
Барысы: I.Кіріспе.
—Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Мамандықтың бәрі жақсы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сабағымызды бастамас бұрын топтармен танысайық. Сөз бірінші топқа беріледі.(Әр топ өзімен таныстырып өтеді.)
-Балалар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, мамандық дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?
1 – оқушы: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
-Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
2 – оқушы: Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.
3 – оқушы: Ал мамандық – еңбек қызметінің түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.
4 – оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрсетілген іс. Мамандық иесі болу үшін әдейі оқу керек.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар.
-Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан, — деп Абай атамыз айтқандай, өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу әрқайсыңның арманың.
Сендердің таңдауларың да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет