Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері Менингиттер



бет12/15
Дата22.02.2024
өлшемі40.72 Kb.
#492890
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
НС инф аурулары

Вакциналық энцефалит.
Вакцинациялық энцефалит – шешекке қарсы вакцина еккеннен кейін КДС, АКДС вакциналарынан кейін дамиды. Аурудың негізіне мидың аллергиялық реакциясы жатады. Процесс көбінесе ми мен жұлынның ақ затында орналасады, демиелиндік ошақтар пайда болады.
Клиникасы. Алғашқы симптомдары вакцинациядан кейін 7-9-12 күннен кейін білінеді. Поствакциналық энцефалит кеш жүргізілген және 1-ші вакцинациядан кейін пайда болады. Ауру жедел басталып, дене қызуының 39-40С0 дейін көтеріледі. Басы ауырып, құсып, есінен айырылады, жалпы құрысу болады. Кей кезде менингеальды симптомдар байқалады. Ми мен жұлынның пирамидті жолдарының демиелинизациялануы салдануға әкеп соғады. Экстрапирамидтік жүйе зақымдалса қозғалыс координациясы бұзылады.
Жұлын сұйықтығын зерттегенде ликвордың қысымы жоғарлағаны анықталады.
Науқастардың көбі толығымен жазылып кетеді. Кей жағдайда мидың бірден ісуі баланың өміріне қауіп төндіреді. Жазылғаннан кейін де біраз уақытқа дейін парездер сақталады, бірақ кейін жойылып кетеді.
Емдеуі. Вакцинациялық энцефалит кезінде десенсибилизациялық заттар, дегидратациялық, тамыр тарылтқыш, температураны төмендететін препараттар тағайындалады
Қызылша кезіндегі энцефалит.
Қызылша энцефалиті -қызылшаның ең ауыр асқынуының бірі. Инфекциялық – аллергиялық энцефалитке жатады. Ми тамырларының аллергиялық васкулит тәрізді зақымдалуы байқалады. Кейде миелиндік қабықтан басқа остік цилиндрде зақымлады. Қызылша – энцефалиті кезінде өлен балалардың миында көптеген ұсақ қан құйылулар байқалады. Қызылша энцефалиті ми тамырлары мен синустарының флеботромбозымен асқынуы мүмкін. Кейде ми қабығында қабыну өзгерістері байқалады.
Клиникалық көрінісі. Бөртпе пайда болғаннан кейін 3-5 күннен кейін жедел басталады. Дене қызуы бастапқыда қалыпты болып, кейіннен бірден көтеріледі. Есі шатасқан. Ауыр түрінде галлюцинациялар, психоматорлық қозу, жалпы құрысу байқалады.
Тексергенде менингеальды симптомдар, парез, салдану, координациялық бұзылыстар, гиперкинез, II, III, VII бас ми жүйкелерінің зақымдалу симптомдары, жамбас қуысы органдарының қызметінің бұзылуы анықталады. Жұлын сұйықтығында белок көбейіп, қысымы жоғарлағаны анықталады.
Қызылша энцефалитінің ағымы ауыр, 25% өлімге әкеліп соғады. Энцефалиттің ауырлығы қызылшаның ауырлығына байланысты емес.
Емдеуі. Десенсибилизациялық, дезинтоксикациялық препараттар тағайындау қажет және ми ісінуіне қарсы жүргізу керек. Науқастармен қатынаста болған адамдарда аурудың алдын-алу үшін гамма – глобулин енгізеді.
Полиомиелит.
Полиомиелиттің қоздырушысы болып энтеровирус тобындағы сүзгіш вирус табылады. Сонымен қатар Коксаки, ЕСНО, РЭО-энтеровирус тобындағы вирустар жатады. Полиомиелт вирцсының айқын нейротропты қасиеті бар, ауру оральды-фекальды және ауа тамшы арқылы таралады. Жас балаларға вирус қолдарын жумай тамақ ішкенде, таза емес ойыншықтардан түседі. Инфекцияның таралуына шыбындардың маңызы да зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет