Дәрістер кешені.
Дәріс № 1.
Тақырыбы: Шағын комплектілі мектептегі оқыту технологиясы пәні туралы түсінік.
Мақсаты: шағын жинақты мектеп туралы түсінік қалыптастыру.
Тірек ұғымдар: шағын жинақты мектеп, сынып-жинақ,оқушылар контингенті, біріккен сыныптар.
Дәрістің мазмұны:
Шағын жинақты мектептер туралы түсінік.
Шағын жинақты бастауыш мектептердің көбеюі.
Шағын жинақты мектеп ерекшеліктері
Шағын жинақты бастауыш мектеп- бұл параллель сыныптары жоқ оқушылар саны аз мектеп. Шағын жинақты мектептерде сыныптардың толық еместігі сай келеді . Бөлек сыныптар мүлде қатыспауы мүмкін мектептер де бар. Осындай мектептердің пайда болуы, біздің байтақ елімізде адамдардың әр түрлі орналасуына байланысты . Бұрын шағын жинақты мектептер тек шағын ауылдарда, уақытша елді – мекендерде қалашықтар да ашылды. Қазір туу көрсеткішінің азаюы , халықтың қалаға орналасуының көбеюіне байланысты олар ірі қалаларда да ашылуда . Негізгі және орта мектептердің аз қамтылғандармен бірігуі пайда болады .Шағын жинақты мектептердің даму динамикасы тең емес. Бір облыста аз болса, ал басқаларында көп болып келеді. Бұған туу көрсеткішінің азаюы мен халықтың орналасуынан басқа өндіріс құрылымдары да әсер етеді. Осы кезге дейін шағын жинақты мектептерге төмен деңгейдей оқу орны деп қарады, онда жоғары деңгейде білім мен тәрбие алу мүмкін емес деді. Қазіргі кезде көптеген мамандар шағын жинақты мектептерде белгілі бір артықшылық бар деген қорытындыға келеді. Басты мәселе – оқушы санының аздығы. Егер мұғалім бұл артықшылықты дұрыс қолдана білсе, онда ол оқыту – тәрбие үрдісін әрбір оқушыға дұрыс ұйымдастыра алады. Шағын жинақты мектеп – бұл әртүрлі жастағы кішігірім ұжым, онда үлкендер мен кішілерді тәрбиелеуге жақсы мүмкіндіктер жасалады. 20 – 30 оқушысы бар мектеп үлкен отбасын еске түсіреді. Бұндағы педагогтар мен оқушылардың қарым – қатынасы басқа үлкен ұжымдарға қарағанда жақын немесе жақсы болып келеді. Бұнда басқа үлкен мектептердегідей құқық бұзушылық орын алмайды. Әрқайсысы бір – бірін біледі, жақсы көреді, сенеді немесе көмектеседі. Шағын жинақты мектептің мұғалімдері бір мамандықпен шектелмейді, ол әр істің шебері, оның міндеттері оның терең кәсіби диагностикалау болып есептеледі. Мектеп – ауылдағы жалғыз мәдениет ошағы болып есептеледі. Ол әрқашан және бәріне ашық. Шағын жинақты мектеп көптеген әртүрлілігімен ерекшеленеді. Олардың ішінде
ең азы 2 – 3 оқушыдан тұратын және көбірегі 40-50 оқушы, 1-2 сыныбы жоқтары да бар. Көптеген мектептің материалдық базасы аз. Сондықтан, олардың қызметтік жағдайы ерекше. Педагогикалық заңдылықтар қайталанбайтын нақты сипаттарға ие болды. Бұл жағдайда педагогикалық жағдай әдіснамалық ұсыныстар шығармашылық қайта ойлануды талап етеді. Бұл жағдай шағын жинақты мектептің әдіснамалық орталықтан алыста орналасуы мұғалімнің үнемі педагогикалық ізденісте болғанын талап етеді.Қазіргі шағын жинақты мектептің ерекше сипаттамасы- олардың мектепке дейінгі мекемелермен тығыз байланыстылығында. «Мектеп- балабақша» деген кешендер таралып және өздерін жақсы көрсетті. Олар әлеуметтік- экономикалық және санитарлық –гигиеналық жағдайлары бар жерлердің барлығында ашылды.Басқарудың бірлігімен мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелейтін орталықтар ашылды. Педагогикалық кеңес стратегияны анықтады. Олардың ішіне меңгерушіден басқа, мұғалімдер, тәрбиешілер, әдіскер, музыкалық басқарушы, ата-аналар кеңесінің басшысы кіреді. Шағын жинақты мектепте мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейді. Сабақтың өзіндік ерекшелігі: оқу үрдісі бір мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылады.Мұның өзі мұғалімнің әр сыныпқа сабақ уақытының жартысын ғана жұмсауына мүмкіндік береді.Бұл көбінесе, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану, қазақ тілі пәндерінде қиындық туғызады. Өйткені, берілген тақырыптар аумақты, сондықтан уақыт жетіңкіремейді. Сабақ түрлерін өзгерту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру керек. Осыған орай қосар сабақ, жарыс сабақ түрлерін ұйымдастырған тиімді.
Сыныптарды бөлу, біріктіру мәселесі бойынша бір оқытушы І және ІІІ сыныптармен, екінші бір оқытушы ІІ және І V сыныптармен істейтіндей етіп бөлу ыңғайлы және қолайлы болатындығын, бұлай етіп бөлгенде: а жоғары сынып оқушыларының өз бетімен жұмы істеуін ұйымдастыру онша қиындыққа түспейді, соның есебінен төменгі сынып балаларын өз бетімен жұмыс істеуге даярлауға мүмкіндік береді; ә) жоғары сынып балалары төменгі сынып балалары үшін тәрбие жағынан үлгі бола алатыны сөзсіз. ШЖМ-дің тағы бір артықшылығы ауылдық жерлерде бала туғанынан бастап табиғат аясында өмір сүріп, тәрбиеленеді, жан-жануарларды, өсімдіктерді, табиғат құбылыстарын бақылап, дүниеге өзіндік көзқарасы қалыптасады, табиғатпен тығыз қарым-қатынаста болып, өз бетінше зерттеуге, белгісіз жайттарды ашуға талпынады.Табиғаттың жақындығы балалардың дүниені танып-білуге деген қызығушылық, құмарлық қасиеттерін, қиялын дамытады.
Табиғаттың бала өміріндегі, оның қалыптасып, дамуындағы ықпалының мол екендігі Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Константин Дмитриевич Ушинский, В.А.Сухомлинскийлердің еңбектеріннен де айқын көрінеді.
Сонымен, бала санының аздығы, әрбір оқушымен жеке жұмыс жасау мүмкіндігі, өзіндік жазба жұмыстың басым қолданылуы, табиғаттың жақындығы сияқты шағын жинақталағн мектептің кейбір ұтымды жақтарын тиімді пайдалана білу оқушыларды шығармашылыққа үйретуде маңызды орын алатын мүмкіндіктер болып табылады.
Республикамызда кейінгі жылдары елімізде шағын жинақты мектептердің көбейіп келе жатқаны айқын байқалуына орай шағын жинақты бастауыш мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсат етілді.
«Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» оқу құралының мазмұны мен құрылысы шағын жинақты бастауыш мектептің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш сыныптар мұғалімдерін кәсіби білім деңгейлерін көтеруге бағытталған.төмендегідей тараулардан тұрады:
- шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері;
- шағын жинақты бастауыш мектеп оқшыларының білім, білік және дағдыларын меңгеру барысын ұйымдастыру;
- шағын жинақты бастауыш мектепте пәндерді оқыту барысында қолданылатын қосымша материалдар.
Достарыңызбен бөлісу: |