Тақырып №1. Бас,бет,ауыз қуысы, хирургиялық аурулары мен жарақаттары



бет13/39
Дата30.09.2022
өлшемі169.73 Kb.
#461674
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
Та ырып №1. Бас,бет,ауыз уысы, хирургиялы аурулары мен жара ат

Дәріс тезистері.
Бұғана сүйегінің сынуы Себебі:Тік соққы, сүрініп құлау,бала туылған кезде. Клиникалық белгісі:Ауырсыну сезімі, мәжбүрлі қалып, ісіну, көгеру, қолдың қысқаруы(деформация), клавиша симптомы. Бірінші Медициналық Көмек Ауырсыну сезімін басу, зақымданған қолға ыңғайлы қалып беру, дезо танғышы, үшкіл орамал, стационарға жеткізу.Диагностика- рентген. Емі- репозиция, Дельбе сақиналары, фиксация( гипстік таңғыш), остеометаллосинтез.
Қабырғаның жабық түрде сынуы. Себебі- тік соққы, спорттық жарақат, қысылу.Клиникалық белгісі:Бір қабырға сынғанда- локальді ауру сезімі, гематома, деформация, жөтелгенде, терең дем алғанда ауыру күшейеді, мәжбүрлі қалып.
Бірнеше қабырға сынғанда- адамның жағдайы ауыр, бозарып көгеру, ентігу, қабырға сынығы өкпені зақымдағанда қан түкіреді, тері асты эмфиземасы, өкпе қабында қан жиналған жағдайда өкпе кішірейіп, сол жақта тыныс естілмейді, тахикардия, гипотония, естен тану. Бірнеше қабырғаның сынуында пародоксальді тыныс байқалады. Бірінші Медициналық Көмек Бір қабырға сынғанда- ыңғайлы қалып беру, ауру сезімін басу(аналгетиктер), жағдайын бақылау.
Диагностика- рентген
Емі- ыңғайлы қалып, төсек режимі, аналгетиктер, спазмолитиктер, бронхолитиктер, 3-4 күннен кейін тыныс гимнастикасы.
Бірінші Медициналық Көмек Бірнеше қабырға сынғанда- ыңғайлы қалып беру, ауру сезімін басу( есірткі тәріздес н/е есірткімен) немесе жергілікті анестезия, көк тамырға жиі тамшылатып рефортан, полюглюкин,гелофузин, желатинол, өкпе ингаляциясы, шұғыл госпитализация.Черепица тәріздес лейкопластерлі таңғыш.
Диагностика- рентген, пункция( өкпе қабын тесіп қарайды).
Емі- антибиотико терапия, хир-лық ота, остеометаллосинтез, Субботин-Бюлау дренажы, спазмолитикалық ем.
Кеуде қуысының ашық жарақаты.
Кеуде жарақаты ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Кеуде қуысының ашық жарақатымен қоса өкпе және тағы басқа мүшелер жарақаттанып, кеуде қуясында қан (гемоторакс), немесе ауа (пневмоторакс) жиналып, науқастың жағдайы өте ауыр болады.
Пневмоторакс 3 түрге бөлінеді: ашық, жабық, кернелген немесе қақпақшалы (спонтанды).
Ашық пневмоторакс кезінде ауа адам дем алғанда жара арқылы ішке кіріп, науқас дем шығарғанда сыртқа шығады. Бірақ дем алған сайын ауаның бір бөлігі кеуде қуысында қалып, біртіндеп қуыс ауаға толып өкпені сырттан қысады.
Жабық пневмоторакста ауа жарақат алған кезде қуысқа еніп, сонан кейін жара өзегі жабылып қалып, ауа шығалмай іште тұралы. Жабық пневмоторакста адамның жағдайыеың ауырдығы кірген ауаның қөлеміне байланысты болады.
Кернелегн пневмоторакс кезінде ауа, адам дем алған сайын кеуде қуысына жарақат арқылы кіріп, дем шығарғанда жара өзегі жабылып сыртқа шыға алмайды.Дем алған сайын, сырттан кірген ауа көлемі көбейіп, өкпені қысылып, жүрекпен тамырлар оң жаққа ығысып, тыныс алу және қан айналымы бұзылып, науқастың жағдайы өте ауыр болады.
Клиникалық белгілері: ҚҚ төмендеп, тахикардия байқалады. Жәбірленуші адам өзі жарасын қолымен басып жабады. Тері асты эмфизема байқалып, беті мен мойының көлемі ұлғайып кетеді.Перкусия кезінде анық дыбыс естілгенмен, аускультацияда дем алысы әлсіз болып естіледі. Науқас ентігіп, цианоз байқалады.
БМК: ашық пневмоторакста - окклюзиялық таңғыш байлап, деру клиникаға тасымалдау, тасымалдау кезінде науқастың қалпы жартылай отырғызып.Жол бойы, ауырсыну сезімін азайту, гемодинамикасын тыныс алуын қадағалау керек, егер науқастың хәлі күрт нашарлап кетсе таңғышты алып, ауаны шығару керек.
Жабық пневмоторакста жара шеттерін өңдеп, асептиқалық таңғыш байлап, ауруханаға жеткізу.
Кернелген пневмоторакста – окклюзиялық таңғыш салу, инемен қуыс пункциясын орындау, от тегі беру, шоққа қарсы ем жүргізу.
Диагностикасы: аускультация, перкуссия, жара ревизиясы, рентген зерттеуі.
Емі: Вагосимпатикалық бөгеулер, жүрек гликозидтері, оттегі беру, Субботин-Бюлау дренажын кеуде қуысына 7қабырғаның астынан қоюы, жиналған ауаны сорып алу үшін. Кеуде қуысындағы мшелер зақымдалса –хирургиялық ота- торакотомия, дренаж қою.Кеткен қанның орнын толтыру, антибиотикотерапия, бронхолитиктер, жүрек гликозидтері.
Гемоторакс.
Себебі –өкпе жарақаты, тамыр жарақаты, қатерлі ісіктер, цинга, құрт ауруы.
Клиника: Кеуде қуысындағы ауырсыну сезімі, ауаның жетіспеуі, ентігу, цианоз, тамыр соғысы жиіленіп, әлсіз болып байқалады, науқас шалқасынан жата алмайды, перкусия кезінде тесе дыбыс естіледі, аускультацияда –өкпе шуы естілмейді.
Диагностика: жалпы қарау, ренген зерттеуі, диагностиқалық пункция, ЖҚЗ.
Емі: торакотомия, дренаж қою, антибиотикотерапия, гемотрансфузия, бронхолитиктер, емдік жаттығу, ауырсыну сезімін басатын тосқауылдар.
Жүрек жарақаты: Журек үлпершектерінің, жүрек камераларының, және жүректің сыртқы қабаты перикардтың зақымдануы кездеседі. Себебі –оқ тиген жара, пышақ тиген, қабырға сынығы. Клиникалық белгілер: жүрек тұсында жараның пайда болуы, науқастың хәлі өте ауыр, сыртқы қан кету байқалады, науқас абыржып есінен тануы мүмкін, тері мен шырышты қабаттары ағарып тахикардия, тамыр соғысы әлсіз, аускультация кезінде жүрек соғысы анық естілмейді, перкуссия кезінде жүрек көлемі ұлғайған. Диагностика: рентген зерттеуі.Емі. хирургиялық ота, реинфузия, гемотрансфузия, антибиотиктер, шокқа қарсы ем.
Гемопердикардиум. Жүрек үлпершегінің ішіне қанның жиналуы.
Себебі –жүрек жарақаты, аневризма. Үлпершек қуысына 400 мл қан сияды. Жиналған қан жүректі сырттан қысып, оның тоқтауына әкеліп соғады.
Дереу шұғыл ота кезінде жараға тігіс салынып, жиналған қанды сорып алады, кеуде қуысына дренаж қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет