Тақырып №6.Қарақшылық пен тонаудың тергеу әдістерімесі



Дата09.06.2016
өлшемі60.56 Kb.
#123956
Тақырып №6.Қарақшылық пен тонаудың тергеу әдістерімесі:
1.Қарақшылық пен тонаудың криминалистикалық сипаттамасы. Анықтауға жататын жағдайлар.

2.Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің алғашқы кезеңіндегі кәдімгі жағдайлар және тергеуші іс әрекеттері.

3.Алғашқы тергеулік әрекеттер тактикасының ерекшеліктері.

4.Келесі тергеулік әрекеттер.



5.Жедел-іздестіру шараларын қолдану.


  1. Қарақшылық пен тонау жәбірленушілерге материалдық зиянмен қатар, олардың өмірімен денсаулығына қастандық келтіретін болғандықтан, қоғамға елеулі қауіп төндіретін қылмыстар қатарына жатады. Сондай-ақ аталған қылмыстардың бір топ адамдармен іске асырылатыны жиі кездесіп , осы топтардың негізінде кейіннен аса қауіпті қымыстық қауымдастықтардың құрылатыны аз емес. Көбіне қарақшылық пен тонау азаматтардың жеке мүлкін иемдену көбіне кешкілік уақыттарда азғантай топпен немесе жалғыз қимылдайды. Алайда тәжірибеде күндізгі уақыттардағы қарақшылық пен тонау оқиғалары да кездеседі. Мемлекет немесе кәсіпкерлер мүмкігн иемденуге , азаматтардың тұрғылықты үйлері мен көліктерін тартып алуға, сондай-ақ такси жүргізушілерге қарсы жасаланылатьын қарақшылық пен тонау сирек кездеседі, Бірақ та олар қоғамға елеулі қауіп төндіреді. Мұндай қылмыстар әдетте алдын ала тыңғылықты дайындықты талап етіп, Ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасаланылады. Қарақшылық пен тонауды әдетте, жұмыс істемейтін, ішімдікке салынған, есірткі жаттарын пайдаланатын және қоғамға жат қылықтармен айналысатын тұлғалар жасайды. Олардың көпшілігін осындай санаттағы немесе басқа қылмыс түрлерін жасап, бұрын соталғандар құрайды. Қылмыскермен қарақшылықты іске асырар алдында болашақ құрбанды, оның материалдық жағдайын ескере отырып , таңдайтын көріністер тәжірибеде кездесіп отырады. Ішімдікке, сондай-ақ жеңілтек мінезді келіншектерге құмар адамдар қарақшылық пен тонау тәрізді қылмыстарға көбірек душар болады.

  2. Қарақшылық пен тонауға қатысты істер бойынша қылмыстық іс қозғауына негіз болатын жағдайлар: туысқандар мен жәбірленушілер арыздары; ұйым немесе мекеме қарамағындағы мүлікті ашық түрде иемдену не аталмыш мекеме қызметкерлеріне мүлікті жаулап алу мақсатында шабылдау деректері туралы осы ұжым лауазымдарының хабарламалары жатады. Әдетте, қарақшылық немесе тонау белгілері бар оқиға туралы мәлімет келіп түсісімен, арызданушыдан жауап алынады,. Егер де арызданушы жәбірленуші емес, басқа тұлға болса, онда оқиға болған жерге дереу күзет орнату әрекетін іске асырылады, сондай-ақ жәбірленуші анықталған соң, одан оқиғаның мән-жайы сұрастыралады. Жауап алушы жауап ала отырып, жәбірленушінің үстінде немесе денесіндегі жарақаттар мен кірленулер арқылы зорлық-зомбылықтың шын мәнінде болғандығына көзін жеткізеді. Күдіктіні іздестіру ұйымдастыру әрекетін жылдамдату мақсатында арызданушыдан жауап алу неғұрлым қысқа мерзім аралығында жүргізіледі. Өкінішке қарай, кейбір тергеуші мен анықтама органының қызметкерлері қарақшылық немесе тонау жайлы арыздар жалған болады деген оймен қылмыскерлерді іздеу әрекетін қолға алудың орнына, кейінде анықтауға мүмкіндік бар оқиғаның бөлек жағдайларын тексере бастайды.Қылмыстың шын мәнінде орын алғандығына көзі жеткенде, күдіктіге іздеу салу уақыты шамалы өтіп кеткендігін тергеуші мойындайды. Қарақшылық пен тонауды тергеудің алғашқы кезеңіне көбіне мынадай типтік тергеулік ситуациялар орын алады: 1.Қарақшылық немесе тонау жасауда күдікті тұлға оқиға болған жерденемесе оны тікелей іске асырысымен ұсталды. 2.Қылмыс жасауда күдікті тұлға ұсталған жоқ , бірақ та оған іздеу салып-ұстау әрекетін ұйымдастыра алатындай тергеушіде ақпарат бар. 3.Құқық қорғау қызметкерлері қарамағында қылмыс жасаған тұлға туралы мағлұмат жоқтың қасы немесе мүлдем жоқ. Қылмыстың жасалуынан кейін өткен уақытқа қарамастан, ізін суытпай іздеу салу әрекеті ұйымдастырылады. Осындай мақсатта тиісті жергілікті және көліктегі полиция қызметкері бағдарланады.

  3. Қылмыскер бөтен мүлікті шабуыл жасау арқылы иемдену барысында жәбірленушіден қарсылық көріп немесе осындай іс-әрекеттерді жасау кезінде қандайда бір бөгеттерге тап болғанда, қарақшылық пен тонауды тергеу кезіндегі оқиға болған жерді қарау өзінің елеулі нәтижелерін береді.Қарақшылық пен тонау қылмысы жайлы мәлімет келіп түсісімен, дереу жәбірленушіден жауап алынады. Егер жәбірленуші ауруханаға жеткізілсе, онда одан жауап алу емдеуші дәрігердің рұқсатымен және мүмкіндік бойынша үн таспаға жазылады. Қарақшылық немесе тонау нәтижесінде пайда болған жәбірленушінің психикалық жағдайы да ескеріледі. Сондықтан да жауап алар алдында адам үшін қолайлы жағдай жасалынып, жан тыныштығын қалпына келтіру әрекеті қолға алыну керек . Осы әрекеттер іске асырылғаннан кейін, нақтылы қандай жағдайда шабуыл жасалынды, шабуыл жасар алдында жәбірленуші қандай күйде болды, сондай-ақ ұмытшақтық, естімеушілік, көрмеушілік тәрізді кемтарлықтар құрбан бойынан орын алды ма, міне осындай мәселелер анықталады. Алдында жәбірленушіге қарақшылық немесе тонаудың барлық жағдайларын өз еркімен баяндап беру ұсынылады, сонан соң қымыскердің жеке басын, сырт келбетін сипаттаушы және киім, дауыс, қылмыс құралының көзге ұрар белгілеріне қатысты деректер нақтыланады. Ұрланған заттардың ерекше белгілері мен күш қолдану сипаты мұқият анықталады. Аталмыш деректердің барлығы жедел-іздестірушілік шараларын жүргізу үшін, сонымен қатар әр түрлі криминалистикалық тіркеулерді тексеру мақсатында пайдаланылады. Жәбірленушіден алынған алғаш жауаптың негізінен бағдарлық сипаты болып, ол іздеу салу мақсатында қолданылады. Келесі алынған жауаптар қылмыстың толық мән-жайын білу үшін жүргізіледі. Осындай тергеу әрекетін жүргізу арқылы анықталатын мән-жайлар: жәбірленуші оқиға болған жерде қандай жағдайда, қашан және кіммен болды; қарақшылық немесе тонауға не себеп болды. Кінәсін мойындап отырған күдіктіден жауап алу барысында қылмыстың барлық жағдайларын егжей-тегжейлі анықтамалар : ұрланған заттар қай жерде тығылған; қылмысты жалғыз немесе біреулермен біріге отырып жасады ма; қашан, кімге және қандай жағдайда ұрланған заттар мен құндылықтар саудаланды және т.б. Сонымен қатар жауап беруші бұрын қарақшылық немесе тонау әрекеттерін жасаған, жасамағандығын анықтап алу керек. Осындай санаттағы істерді тергеудің алғашқы кезеңінде куәлардан жауап алу, әр түрлі сараптамалар тағайындау тәрізді басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін. Алайда олар көбіне тергеудің келісі кезеңінде іске асырылады.

  4. Қарақшылық пен тонау істері бойынша куәлар ретінде жауап алынатындар: мекеме, өндіріс және ұжым басқарушылары; күдіктінің таныстары мен туыстары; жасалынған қылмысқа байланысты жағдайларды баяндай алатын басқа да тұлғалар. Олардан жасалынған қылмыс туралы нақтылы мән-жайлар анықталады. Жоғарыда қарастырылған қылмыс түрлерін тергеу кезінде тағайындалатын сот сараптамалары: - криминалистикалық(трасологиялықи және қару тасушылық); - сот- медициналық(тірі адамдар мен заттық дәлелдемелердің); - сотжер қыртысын танушылық; - материал танушылық және тағы басқа сараптамалар.Трасологиялық сараптама көмегімен анықталатын жағдайлар: қол, саусақ, аяқ және тағы басқа іздер нақты тұлғамен қалдырылған ба, ал шина іздері нақтылы автокөлікпен қалдырылған ба және тағы басқа мәселелер анықталады. Сот-медициналық сараптама арқылы көбіне жәбірленуші денесіндегі зақымданулар сипаты анықталады, ал заттық дәлелдемелердің сот-медициналық сараптасымен- күдіктіден алынған үлгілермен оқиға болған жерден алынған қанның топтық ұқсастығы немесе бөлектігі, шаш және басқа да ағза бөлімділерінің сәйкестігі анықталып жатады. Күдіктінің аяқ киіміндегі немесе көлік құралынан табылған жер қытысының қалдықтары оқиға болған жердегі жер қыртысымен бір тектес, әлде біртектес еместігі сот-жер қыртысының танушылық сараптама көмегімен шешіледі. Қарақшылықпен тонауды тергеудің келесі кезеңінде сондай-ақ тану үшін ұсыну,. Көрсетулерді оқиға болған жерде нақтылау және тағы да басқа тергеу әрекеттері жүргізіліп жатады.

  5. Жедел-іздестіру шаралары бұл жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың алдында тұрған міндеттерді өзінің құзыреті ауқымында шешуге бағытталған іс-әрекеті.Жедел-іздестіру шараларының мәнін сипаттайтын оның негізгі элементтерін атап көрсетуге болады: 1.Жедел-іздестіру шаралары заң шығарушы және заңға тәуелді нормативтік актілерге негізделген қылмыстарды болдырмау және ашу және жасырынған қылмыскерлерді іздестіру мақсатында көбінесе арнайы құралдармен әдістермен жүзеге асырылатын барлау(іздеу) шаралар жүйесі болып табылады.2.Жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде дайындалып жатқан, істеліп жатқан немесе істелінген қылмыс жөнінде ақпаратты табу, бекіту, алу, зерттеу үшін ғылыми-техникалық құралдармен әдістер кеңінен қолданылуы мүмкін.3.Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асырудың түрлері мен тактикасы ғылыми негізделген және іс жүзінде анықталған. 4.Заңнамада көрсетілген субъектілерден басқа, ешкімнің жедел-іздестіру шараларын жүргізуге құқығы жоқ. Ешбір өзге ұйымдар мен тұлғалардың осы қызметке құқығы жоқ. Жедел-іздестіру шаралары бұл тактикалық және психологиялық жағынан нәзік және күшті қару, оның көмегімен жедел-іздестіру қызметінің субъектісі қылмыскердің ниетін біліп, қылмысты дер кезінде не болдырмау,не ашу үшін құпия нәрсені анық қылады. Көп жылдық тәжірибе дәлелдегендей, қылмыскер қандай қулық-сұмдықтар жасамаса да, жедел-іздестіру шараларымен тергеу іс-қимылдарының шеберлікпен өткізілуінің нәтижесінде әшкереленетін болады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы.

2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі.

3.Криминалистикалық тактика.



4.Қылмыстық құқық коминтарий.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет