Тақырып Анатомия және физиологияға кіріспе. Анатомия және физиологиядағы зерттеу әдістері



бет1/8
Дата14.11.2023
өлшемі37.24 Kb.
#483228
  1   2   3   4   5   6   7   8
№1 Анатомия. физиологияға кіріспе


Тақырып 1. Анатомия және физиологияға кіріспе.Анатомия және физиологиядағы зерттеу әдістері
1. Адам тәнінің жалпы және мүше жүйелерінің құрылысын пішіні мен қызметіне, сондай-ақ қоршаған ортасын байланыстыра зерттейтін пәнді адам анатомиясы дейді.
Анатомия пәнінің медицина ілімінің ішінде алатын орны ерекше.«Адам денесінің құрылысын білмейтін дәрігер науқасқа пайда емес- зиян әкеледі»деп жазды орыс ғалымы Е.О.Мухин.Анатомия және физиология медицина ілімінің негізгі фундаментін құрайды.«Анатомия пәнісіз терапияда, хирургияда болмайды» - деп жазды акушер-гинеколог А.П.Губарев.
Анатомия грек. Anatemno – «кесемін» деген сөзінен алынған. Анатомия ғылымы адам денесін зерттейтін әдістеріне байланысты: жүйелік, топографиялық, мүсіндік, сипаттамалық, салыстырмалы, функционалдық, динамикалық патологиялық, клиникалық, палеонтологиялық, жас ерекшелігі, рентгендік және микроскопиялық болып бөлінеді.
Жүйелік анатомия организмді жүйелер бойынша қарастыра отырып зерттейді. Тірек-қимыл жүйесі мүшелерін, ішкі мүшелердің жүйесін, жүрек-тамыр, жүйке және сезім жүйелерін және т.б. жүйелерді зерттейді. Топографиялық анатомияда – адам денесіндегі мүшелердің өзара орналасу тәртібін медициналық мақсатқа орай зерттейді. Мүшелердің орналасуын және өзара қатынасын(синтопия), мүшелердің қанқаға қатысты проекциясын (скелотопия), немесе мүшенің орналасқан орны немесе мүшелердің адам денесіндегі және оның қуыстарында орналасқан жеріне қатысты (голотопия) проекциясын зерттейді
Мүсіндік анатомия адам денесінің сыртқы құрылысымен оның мүшелерінің аралық қатынастарын оқып үйретеді. Суретшілер мен мүсіншілер анатомиядан дененің сыртқы пішіндері мен пропорцияларын ғана зерттейді. Косметикалық және пластикалық операциялар жасауда әсіресе маңызды.
Салыстырмалы анатомия филогенезді зерттеу үшін түрлі жануарлар мен адамның құрылыстарын салыстырып зерттейтін анатомия.
Патологиялық анатомия мүшелердің, тіндердің, жасушалардың ауру жағдайындағы құрылысын зерттейді.
Клиникалық анатомия арнаулы бағыттағы анатомиялық мәселелерді дамытады, сондықтан хирургиялық, стоматологиялық, рентгенологиялық және көптеген тығы басқаларға бөлінеді.
Палеонтологиялық анатомия ертедегі өлген адамдардың қазып алынған сүйектерін зерттейді.
Сипаттамалы анатомия ағзаның құрылысы мен пішінін сипаттайды. Функциональдық анатомия мүшелері пішін, еңбек, тұрмыс және сыртқы орта жағдайларына байланысты кәсіптік өзгерісті зерттейді.
Динамикалық анатомия адам денесін, қозғалмалы жүйелі мүшелердің құрылысын зерттеп, дене тәрбиесі және спорт мәселелерін қарастырады.
Жас ерекшелігі анатомиясы адамның әртүрлі жас кезеңдеріне байланысты
адам денесінің құрылыс ерекшеліктерін зерттейді,
туғанға дейінгі және туғаннан кейінгі өзгерістерді; баланың ана құрсағында өсуі мен дамуын(пренатальды кезең) эмбриология зерттейді; қарттық жаста-геронтология; қалыптан(нормадан) ауытқулар- аномалиялар мен зағиптықтарды зерттейтін саласы-тератология.
Рентгендік анатомия адам организмінің ағзаларын рентген сәулесі арқылы зерттейді.
Микроскопиялық анатомия ағзалардың ішкі пішіні мен құрылымын микроскоптың көмегімен зерттейді.
Анатомия адамның құрылысын зерттеп қана қоймайды, сонымен бірге тарихи даму барысында адам организмі қалай қалыптасқанын да зерттейді. Осы мақсатпен:
1. Жануарлар эволюциясының дамуына сәйкес адамзаттың өсіп жетілуі- филогенезі (phylon- туыс, genesis-даму) зерттеледі.
2. Қоғамның дамуымен байланысты адамзаттың қалыптасуы және даму үрдісі- антропогенез (anthropos-адамзат) зерттеледі.
3. Индивидтің жеке даму үрдісі-онтогенез (onthos-особь) оның бүкіл өмірі бойы: жатырдағы(эмбриогенез) және жатырдан тыс, яғни туғаннан өлгенге дейінгі кезеңдер қарастырылады.
Антропология – адамның шығу тегіндегі мүшелер ерекшелігін, ал салыстырмалы анатомия адамдар мен жануарлар арасындағы ұқсастықтар мен сапалық айырмашылықтарды салыстыра зерттейді. Анатомия – биологиялық пәндердің негізі. Онсыз палеонтологияны, антропологияны, физиологияны, гистологияны, эмбриологияны, эволюциялық ілімді және педагогиканы түсіну мүмкін емес.
Анатомияны оқып үйрену арқылы болашақ маман, адам мен жануарлар арасындағы ұқсастықтарды және сапалық айырмашылықтарды дұрыс бағалап, адамның табиғатындағы орнын айқындай отырып, өзінің дүниеге деген табиғи көзқарасын қалыптастырады. Анатомияның негізгі міндеті – адамның табиғи дамуының заңдылықтарын зерттеп білу арқылы олардың қалыпты жағдайын анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет