Таксономиясы білу, түсіну және қолдану


Абай ілімінің басты категорияларын, олардың



Pdf көрінісі
бет10/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94
Абайдың-таксономиясы

 
3 Абай ілімінің басты категорияларын, олардың 
мазмұнын, өзара байланыстарын жүйелеу 
Абай ілімінің басты категорияларын, олардың мазмұнын, 
өзара байланыстарын жүйелеу бір-бірімен тығыз байланысты үш 
тақырыпша бойынша жүргізілді: а) Абай ілімінің категория-
ларын анықтау; б) Абай ілімі категорияларының мазмұнын 
анықтау; в) Абай ілімі категорияларының өзара байланыстарын 
жүйелеу.
а) Абай ілімінің категориялары екі деңгейде анықталды: 1) 
Абай ілімінің жалпы жүйесі деңгейінде; 2) Абай ілімінің 
құрамдас бөлімдері деңгейінде. Бірінші деңгейде Абай ілімінің 
басты категориялары топтастырылды. Олар – Абай көрсеткен бес 
жақсы іс (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) пен бес жаман 
іс (өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ) 
шегіндегі қасиеттер. Жақсы мен жаман – Абайдың мораль 
философиясындағы басты категориялар. Олардың əрқайсысының 
құрамдастарын анықтап, саралап көрсету Абай ілімінің катего-
риялары жүйесіндегі басты құндылық. 
Абай ілімінің құрамдас бөлімдерінің (ақыл, қайрат, жүрек
əрқайсысына тəн категориялар тобы анықталып, тиісті тəртіпте 
жүйеленді. Мысалы, Абай ілімінің құрамдас бөлімдерінің 
аясындағы категориялар ақын шығармашылығындағы ұғымдар, 
құндылықтар, қағидалар жүйесіне қарай анықталып, жүйеленді. 
Мысалы, Абай ілімінің құрамдас бөлімдерінің бірі ақыл 
шеңберіндегі категориялар төрт сала болып парықталды: 1) 
таным; 2) білім; 3) терең ой; 4) даналық. Абай ілімінің келесі 
құрамдас бөлімі қайрат мынадай категорияларымен сипат-
талатыны көрсетілді: 1) тоқтаулылық; 2) талаптылық; 3) шы-
дамдылық. Жүрекке тəн категориялар қатары мынадай болып 
түзілді: 1) əділет; 2) ынсап; 3) ұят; 4) рақым; 5) мейірбандылық. 
Аталған категориялар бір орында қозғалмай, сіресіп тұр-
майды. Абай ілімінің басты категорияларының қайбірі Абай 
ілімінің құрамдас бөлімдерінің категориялары қатарына енеді. 


21 
Мұндай категориялардың Абай ілімінің құрамдас бөлімдерінің 
категориялары ретінде берілуі олардың Абай ілімінің жалпы 
жүйесінде, ақыл, қайрат, жүрек үшеуінің бірлескен қызметі 
аясында көрінуіне қайшы емес. 
Абай ілімінің категорияларын жүйелеу бағытында орын-
далған жұмыстардың елеулі бір нəтижесі – Абайдың кісілік 
кодексі. Абайдың кісілік, адамшылық негіздері туралы айтқан 
терең мəнді, жалпы сипатты қағидаларын саралау, сараптау, 
пайымдау нəтижесінде түзілген бұл кодексте Абайдың он сегіз 
қағидасы берілген. Олар «Абайдың кісілік кодексі» деген атаумен 
бірнеше форматта дайындалды: А4 форматында; А2 форматында; 
плакат форматында. Бұл ретте «Абайдың кісілік кодексінің» 
көпшілік қауымның пайдалануына, қолдануына ыңғайлы болуы 
көзделді.
Абай ілімінің құрамдас бөлімдерін, Абай ілімінің кате-
горияларын жүйелеу, олардың өзара байланыстарын саралау − 
бұған дейін зерттеу нысаны болмаған, анықтайтын, айқын-
дайтын қырлары мен сырлары көп, аса маңызды ғылыми мəселе. 
Абай ілімінің категорияларын анықтау мен логикалық жүйелеу 
біздің зерттеуімізде алғаш рет қарастырылып, қол жеткен 
нəтижелер ғылыми қауымның назарына ұсынылды. 
Абай ілімінің құрамдас бөлімдерінің категориялары туралы 
ұғым жоба жетекшісінің зерттеулерінде алғаш рет ғылыми 
мəселе деңгейінде негізделген. Бұл бағыттағы ойлар терең-
детілді. Қайбір категориялар Абай ілімінің жүйесінде концепция 
деңгейінде жинақталды. Солардың бірі – білім категориясы. 
Зерттеу барысында Абай ілімі жүйесінде білім категориясы 
арнайы концепция ретінде бағаланды, оның арнайы концепция 
ретінде пайымдалуы категория ретінде қарастырылуына қайшы 
келмейтіні туралы ғылыми қағидалар негізделді. Ақынның білім 
концепциясының танымдық, эпистемологиялық, акмеологиялық 
мəселелері бойынша ғылыми тұжырымдар негізделді.
б) Абай ілімінің басты категорияларының мазмұнын анықтау. 
Абай ілімінің басты категорияларын анықтау олардың əрқайсы-
сының мазмұндық-мағыналық өрісінің шеңберін анықтап білумен 
сабақтас жүргізілді. Біздің зерттеуімізде категория ретінде анық-
талған əділет ұғымы кейбір ғалымдардың еңбектерінде ілім 
деңгейінде қарастырылуының методологиялық негізі жеткілікті 


22 
болмады. Ілім, категория, концепция ұғымдарының мазмұны 
құбылыстарды, ұғымдарды таптастырудың, классификация-
лаудың методологиясы мен теориясына сай сарапталуға тиіс.
в) Абай ілімінің басты категорияларының өзара байланыстарын 
жүйелеу. Абай ілімінің категорияларында, олардың өзара 
байланыстарында өмір құбылыстарын көркемдік ойлау кеңіс-
тігінде танудың, оларды шығармашылықпен пайымдаудың 
өзіндік заңдылықтары көрініс тапқан. Бұл заңдылықтардың 
мəнісі, олардың тармақтарының мағынасы, Абай ілімінің 
жүйесіндегі орны, маңызы үлкен.
Жоба аясындағы жұмыстар пəнаралық зерттеу принциптері 
негізінде жүргізілді. Абайдың ілімі − өз алдына бірбүтін жəне 
күрделі жүйе, сондықтан оның категориялары да өз өрісінде 
бірбүтін, күрделі сипатымен ерекшеленеді. 
Абай ілімі жүйесінің, оның құрамдас бөлімдері мен кате-
горияларының көптеген өзекті жайлары, солардың ішінде ме-
тодологиялық мəселелері Абайтану ғылымында бұған дейін 
қарастырылмай келді. Абай ілімінің жүйесін, құрамдас бөлім-
дерін, категорияларын анықтаудың өлшемдері, ұстанымдары, 
принциптері зерттеу аясында орындалған жұмыстардың нəти-
жесінде алғаш рет тиянақталды. Абай ілімінің категориялары 
Абайдың шығармашылық ойлау əлемінде əрдайым бір қалыпта 
тұратын статистикалық құбылыс емес. Абай ілімі катего-
рияларының өзара жəне шектес тұрған өзге құбылыстармен де 
байланысын, олардың мəнісін, мезгілдік жəне мекендік өрістерін 
саралап білу Абай ілімінің бірбүтін жүйесін анықтауға мүм-
кіншілік береді.
Орындалған жұмыстар нəтижесінде Абай ілімі катего-
рияларының теориялық негізі сараланып, категория ұғымының 
мəні Абай ілімінің бірбүтін жүйесіне қатысы тұрғысынан 
пайымдалды, Абай ілімінің категориялары ұғымының мазмұны 
тиянақталды, Абай ілімінің құрамдас бөлімдерінің аясында 
анықталған құбылыстарды категория деп атаудың ғылыми негізі 
дəйектелді. Абай ілімінің категорияларын топтастырудың, 
жүйелеудің методологиялық ұстанымдары негізделді, олардың 
өзара байланыстары, ортақ жəне дара ерекшеліктері сипатталды. 
Абай ілімінің жалпы жүйесінде асыл іске бастайтын бес қасиет 
пен жаман іске бастайтын бес қасиет екі топ болып, Абай ілімінің 


23 
басты категориялары ретінде негізделді. Абай ілімінің құрамдас 
бөлімдерінің əрқайсысына тəн категориялар жүйесі анықталды. 
Сипатталған категориялар Абай ілімін білудің, түсінудің жəне 
қолданудың, оның құрылым жүйесін зерттеу мен саралаудың 
теориялық тетігі қызметін атқаратыны дəйектелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет