Таланттар


Алматыда үйсіз-күйсіз жүргендер – жалғызбасты қазақ қыздары



бет129/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   151
Таланттар

9. Алматыда үйсіз-күйсіз жүргендер – жалғызбасты қазақ қыздары. Жатақхана синдромы қазақтың тектік кодына кіретін болды. Жекешелендіруде осы топты ескерудің орнына, жатақханаларды өз пайдасына сатып жіберіп жатқан мекеме басшыларына тыйым бола ма?
Ел ахуалының түзелуін күтіп отырмайтын мәселе – мектеп. Ауылындағы мектеп тозып кеткенде, хандарға лайық коттедждерде жалаңаш халықтың байбатшасы болып шіренген басшыларды ел азаматы деп айтуға келмейді. Бұрынғы мұғалімдер шұбырып вагон-вагонда шұлық сатумен жүргенде, ұрпақ тәрбиесі бақылаусыз қалды деген сөз. Әйелдерді ең көп қамтитын мұғалімдік пен медицина қызметінің құны көтерілмей, жағдай жөнделе қоятын түрі жоқ. Әр түрлі шетел миссионерлік орталықтарының тапсырмасын ала келген еркектер жалғызбасты әйелдерді екі-үш баласымен қоса қуана-қуана алып кетіп те жатыр. Себеп - қазақ әйелдерінің жоғала қоймаған қасиеттері.
Қорыта келе айтарымыз, қазіргі қоғамда етек алған тойымсыздық қасиеті қазақ әйелін қасиетінен айырып барады. Рухани құндылықтарымызға қайта оралайық.
БАЛАНЫ БАСҚАША ОҚЫТПАСАҚ...


Енді бір он жылдан кейін бізде білім мен мәдениеттің өрісі мүлдем тарылуы мүмкін
(Сұхбат)


Бұл сөзді мен ҚазМҰУ-дың оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Алма Қыраубаевамен әңгімелесу кезінде естідім. Ол университеттегі қыруар жұмыстарын атқара жүріп, Қаскелең ауданына қарасты О.Жандосов атындағы совхоздың орталығынан Гуманитарлық қазақ мәдениеті мектеп-лицейін ашқалы да біраз уақыт болды.

Алма апай (бұл кісінің шәкірттерінің бәрі осылай атайды, мен де солардың бірімін), өзіңізді біздер ғалым ретінде, үлкен шығармашылық жолдағы адам ретінде білетінбіз. Енді бүгін үлкен айдын төсінен жағалауға қайтып оралған сияқтысыз. Сонымен ауыл мектебіне келуіңіздің себебі неде?


– Мен университетте әлі де сол бұрынғы қызметімді толық атқарудамын. Ғылымнан да қол үзгенім жоқ, үзбеймін де. Шығармашылық жұмыстар жөнінде айтсақ, әңгіме көп қой...
Әрине, оған тоқталсақ, әңгіме арқауы басқа арнаға бұрылып кететін тәрізді. Дегенмен, Алматыдан көшіп, мына шағын ауылға келгеніңіз, бұл жерден жеке меншік мектеп ашқаныңыз, сөйтіп, астана мен ауыл арасына күнделікті қатынай жүріп, осыншама шаруаны тындыратыныңыз мені ептеп таңдандырып отырғаны да рас.
– «Жекеменшік иесі» деген сөз бүгінде баюдың жолына бет бұрған немесе бай адамдарға байланысты айтылатын ұғымға айналды ғой. Ал менің мұнда келіп жеке меншік мектеп ашудағы мақсатым мүлде басқа. Университетте студенттерге дәріс оқыған біраз жылдар кезеңінде қазақ мектептерінде гуманитарлық білімнің өте тайыз екеніне көзім жетті. Бұл олқылықтың орнын университетте толтыру қиын екен. Жоғарғы оқу орындарының негізгі міндеті-мектепте алған білімнің негізінде студенттердің таным деңгейін одан әрі тереңдету, ғылымға бейімдеу болып табылады. Ал мектепте дұрыс білім алмаған баланы қанша оқытып, тәрбиелесең де, одан білікті маман шықпасы анық. Сол шала мамандар ертең мектепке келіп сабақ береді. Сонда олардан дәріс алған балалар болашақта қандай маман болады?
Енді бұл мектеп-лицейдегі оқу бағдарламасына тоқтала кетсеңіз. Қазіргі кезде жеке меншік мектептер мен лицейлер әр жерде жұмыс істей бастады. Олармен салыстырғанда сіздің мектептің өзгешелігі қандай?
– Аты айтып тұрғандай, бұл – Гуманитарлық Қазақ мәдениеті мектеп-лицейі болғандықтан, алдымен оқушылардың гуманитарлық сала бойынша жан-жақты білім алуына назар аударамыз. Мұнда «Қазақтың көне мәдениеті» деген арнайы курс жұмыс істейді. Бұл жұмысты жүргізуге мен Қытайдан келген бір азаматты тарттым. Шығыстану саласынан білімі өте терең. Университетте шығыстану пәнінен сабақ бере жүріп, ол осы мектептің жұмысына да белсене араласуда. Сонымен қоса қазақ пәлсапасы, грек пәлсапасы мен қазақ пәлсапасының байланыстары деген сабақтар, тіл-әдебиет, математика, физика тағы басқа пәндер оқытылады. Бала тәрбиесінде халықтық педагогика тәсілдерін қолдануға тырысамыз. Өзімізді мақтағанымыз емес, мемлекеттік мектептермен салыстырғанда, бізде оқыған балалардың білім деңгейі де, тәрбие-өнегесі де көп ілгері екенін айтқым келеді. Аманшылық болса, оны өмірдің өзі әлі-ақ дәлелдейді деп ойлаймын.
Жеке меншік мектеп пен мемлекеттік мектеп арасындағы айырмашылықтарды қандай мысалдар арқылы көзге елестетуге болады?
Мына бір мысалды ғана айтайын. Біздің мектеп осы ауылдағы мектептің дәл іргесіндегі ескі клубта орналасқан. Әзірге бес класс жұмыс істейді. Әрқайсысында 10-15 баладан бар. Жанымыздағы мектептен ауысып келген кейбір балалар алғашында ауыз ашпайтын. Бір жылдың ішінде сол балалар өз ойын ашық айтатын жағдайға жетті. Бұрынғы бұйығы күйінен арылып, үзіліс кезінде жайраңдап жүретінін талай байқадым. Сонда оған не әсер етті деген сұрақ туатыны заңды құбылыс. Оның бәрі мұғалімге байланысты. Бізде балаға ұрсу, жекіру деген болмайды. Ұл балалармен «мырза», кішкене қыздармен «бикеш» деп сөйлесеміз. Бұған мұғалімдердің өзі алғашқыда үйрене алмай, ыңғайсызданып жүрді. Қазір балалардың өзі жас мұғалім қыздарды «бике» деп атаса, үлкен адамдарды, мысалы мені «Алма бибі» деп атайды. Сосын біз балаға қарата сөйлегенде, «сен» деген сөзді қолданбаймыз, оған «сіз» дейміз. Осыдан-ақ балалар өзіне деген құрметті сезінеді. Баланы фамилиясымен атап: «Орныңнан тұр, неге сабақ оқымай келдің?» дегеннен гөрі оның атын атап: «Марат мырза, тақтаға шыға қойыңыз» немесе «Гүлнар бикеш, сіз неге ренжіп отырсыз?» десеңіз, ол балаға мүлде басқаша әсер етеді. Кейде оқушылардың арасында жазбаша сұрау (анкетирование) жүргізіп: «Сені қай сабақ қызықтырады немесе қызықтырмайды? Қай мұғалімнен қорқасың, қай мұғалімді жақсы көресің?» деген сыңайда жауап аламыз. Бұл арқылы мұғалімдердің де жұмысы көрініп жатады. Мұғалімдердің де көкейінде жүрген ойлары мен өзіндік бағдарламаларын қағазға түсірткізіп, оларды өз арамызда талқылап, пікір алысып отырамыз. Бұл әдістің де жұмысқа көп пайдасы тиюде.
Әйтсе де бала болған соң жүгіріп-секірмеуі, байқаусызда болса да тентектік жасамауы мүмкін емес. Ондай жағдайларда да ұрыспайсыздар ма?
– Әрине, бала болған соң тентектік жасамай тұрмайды. Бірақ сол тентектік қайдан шығады деген мәселеге үлкендер жағы мән бермейміз. Ұрсып, жекіру арқылы баланы тәрбиелейміз деу ағаттық. Бала қашанда өзіне назар аударғанды қалайды. Біздер көбінесе жақсы оқитын оқушыларға ғана көңіл бөлеміз де, нашар оқитындарды немесе бұзықтау балаларды мүлдем санаттан шығарып тастаймыз. Ондай бала ерегесіп, өзін басқа жағынан танытуға тырысады. Міне, сол сәтте оған жиі назар аударып, жүрегіне жол таба білу керек. Менің білуімше, көбінесе қабілетті балалар тентек болып келеді. Оның сол қабілетін дұрыс бағытқа салсаң, одан талантты адам шығуы мүмкін. Жалпы баланы мұғалімнің еркімен емес, баланың өз еркімен тәрбиелеген жөн. Мысалы, балаға 45 минөт бойы екі қолыңды алдыңа салып, қазықтай болып отыр деу, маған кейде жазаның ең ауыр түріндей әсер етеді.
Келешекте мен класқа көрпе-жастық әкеп қойып, егер бала шаршаса, жантайып тыңдауға да рұқсат берсем бе деймін. Мүмкін бала кейбір кезде көзін жұмып отырып, сабақ тыңдауды ұнататын шығар. Тіпті оған да көнуге болады.
Қандай да бір жақсы идеяны жүзеге асыру мәселесі қаржыға келіп тірелетіні белгілі. Оны қалай шешіп жатырсыз?
– Мұғалімдердің айлығын ата-аналардың мектепке төлеген ақшасынан бөліп береміз. Бірақ сол қаржының тең жартысына үкімет «ортақтасады». Мен болашақ деп, халық деп түн ұйқымды төрт бөліп жүрсем, олар екінші жақтан салық деп қысады. Мысалы, біз ата-аналардан осы мектепке балаларын оқытқаны үшін айына 50 теңге алсақ, оның 30 процентін салық инспекциясына, 2 процентін жұмыссыздық үшін құрылған қорға аударуға тиіспіз. Оның үстіне табыс салығын қосыңыз. Сонда тірнектеп тапқан ақшамыздың жартысы ғана өзімізге тиеді екен. Әрине, Президенттің Жарлығы бойынша жеке меншік кәсіпорындар мен мекемелердің ешқайсысы да салықтан құтылмауға тиісті. Коммерсанттар мен бизнесмендер үшін бұл Жарлық дырыс-ақ делік. Бірақ, біз ештеңе өндірмейміз, ештеңе алып-сатпаймыз, бар болғаны халқымыздың рухани қажеттілігін өтейміз. Олай болса, бұл Жарлықты бізге қолдануға келмейтін сияқты. Осыны айтып талай мекеменің табалдырығын тоздырсам да, ешкімге түсіндіре алмадым.
Егер сіздің мектепті жартылай мемлекеттік мектеп етіп құрса қалай болар еді?
– Мен оған қуана келісер едім. Ондай жағдайда мұғалімдердің айлығынан тыс құрылыс жабдықтары, оқу құралдары, тағы басқа керек-жарақтарды сатып алуға мүмкіндік кеңінен туады ғой. Сонсын бізден салықты да ұстай берсін...
Осы арада айта кетейін, мемлекеттік мектептерде оқитын бір балаға бір жылда жұмсалатын шығынды баласын біздің мектепте оқытқысы келген ата-ананың қолына берсе, олар оны бізге аударса, балаларды сол қаржыға оқытар едік. Бірақ өкіметіміз бұған көнбей отыр. Мұны Қаржы министрлігі шешуге тиіс екен. Ал ондағыларға түсіндіру қиын.
Сіз осы идеяларыңыздың өміршеңдігіне сенесіз бе? Небір ізгі мақсаттар бүгінде қаржы тапшылығынан жүзеге аспай, жолда қалып жатқаны рас...
– Өзіңе ғана айтайын, соңғы екі жылдағы өмірімді тек осы идеяны жүзеге асыру үшін сарп етіп келемін. Сенесің бе, автобуста келе жатып, тұрып ұйықтайтын кездерім де болады. Егер осы ізгі мақсат мені алға сүйремесе, баяғыда құлап қалар ма едім, кім білсін? Ең жақсысы, мені түсінетін жақын адамдарым бар, достарым бар. Демеушілік (спонсор) деген жай сөз екен. Танысың болмаса, ешкім де саған көмектеспейтініне көзім жетті. Кезінде өзіміздің есеп-шотымызды ашып, қолында қаржысы барларды түгелдей құлақтандырғанбыз. Бірақ олардан күні бүгінге дейін бір тиын да түспеді. «Жалын» баспасының директоры Бексұлтан Нұржекеев, «Рауан» баспасының деректоры Жарылқасын Нұсқабаев ағаларымыз алғашқыда қаржылай көмектесті. Қазір де алдарына бара қалсам, өздерінде шыққан қазақ тарихы мен әдебиетіне, мәдениетіне байланысты кітаптарды қолтығыма қыстырып жібереді. Ол кісілерге рахметтен басқа айтарым жоқ.
Мен манадан бері тек қиыншылықтарды айтып кеттім-ау деймін. Бұған қарап біздің жағдайымыз өте нашар екен деген пікір туып қалмасын. Енді бір бес жылдан кейін үкіметіміздің өзі бізді іздеп тауып, оқу-білімді дұрыс жолға қоюдың бірден-бір жолы осы екен-ау дейтініне сенімдімін. Сондықтан бұл бағытымнан ешқашан да таймаймын. Бір ескертерім, менің мектебіме келетін мұғалімдер үшін совхоз жер беруге әзір. Үй салам деушілерге көмектерін де аямайды. Ал қаржысы көп адамдар осы жерден үй сатып алып, балаларын сонда тұрғызып оқытуына болады. Егер өз баласымен қоса бір-екі бөлмесін басқа балаларға жатақхана ретінде берем десе, ол адамның баласын тегін оқытамыз.
Есепшоттарыңызды газет бетінде тағы бір көрсете кетсек қайтеді?
– Рақмет, керегі жоқ. Мен біреуге алақан жайғым келмейді. Бәрібір ешкім қаржы аудармасын білемін. Өзіміз бір амалын қарастырармыз.
Алма апай, сізге ең алдымен мықты денсаулық тілеймін. Қалғанының бәрін орнына келтіретініңізге мен де сенемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет