Таланттар



бет66/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   151
Таланттар

САЗДЫ ҮЗІЛІС

Сыңғыр-сыңғыр қоңырау үні қанша ақынға тақырып болмады. Мысалы, қоңырау мектептің символы болатын. Соңғы кезде электр қоңырауға көштік. Оның шар еткен үні баланы селт еткізіп, тітіркендіреді. Алақанмен сипағандай жұмсақтық жоқ, мазмұнсыз шырыл. Осындай ойлардан кейін үзіліске мағына беруге бел байладық. Үзіліске жеке бағдарлама жасап, ұлттық ән-күйлер, классикалық музыка қоятын болдық. Сабақтың біткенін музыка білдіреді.


Балалар келе жатқаннан ойналған музыка күніне 5-6 рет қайталанады. Бірнеше күннен кейін «Көкейкестіні» ыңылдап жүргенін естисің. Сөйте-сөйте құлаққа сіңген әуен жүрекке де жетеді. Тамырлардан сыр тарту басталады.
Қазіргі әндерде бастауыштың өз саздары, жоғары сыныптың өз саздары болатынын ескерген жөн. Әуенмен айтылған мазмұн жан-дүниеге тез тарайды (дін сүрелерінің жүрекке жеткіштігінің бір сыры – әнмен айтылатындығында).
Сазды үзілістің бағдарламасын музыка сабағының мазмұнымен сабақтастыруға болады. Қазақстан Әнұранының әуенін де осы әдіспен тез үйреніп алдық.


ТӨБЕЛЕС

Бір директордан естігенім бар еді:


– Мен балаларды қатал өмірге дайындағанды қалаймын. Төбелессе – төбелессін, еркіне жіберемін. Бала таяқ жегенді білсін, ұрып үйренсін! – дейді. Сол мектептегі балалар арасында «дедовщина» байқалатын.
Біз шәкірттердің бір-бірінің жанын-жараламауын, намысына тиетін сөз айтпауын қадағаладық. Үй жағдайына, киіміне қарап кемсітуге тыйым салдық. Аға-інілі қамқорлық қатынасты сіңіруді жөн көрдік.
Сабақты жақсы оқитын баланы әр мұғалім ұнатады. Нашар оқушыны нағыз мұғалім ұнатады. Ұзақ уақыт көрген қорлық жауызды тәрбиелейді. Бесінші жылдықта Құрмаш – тентек, жаман оқушы атымен келген бала (Аты өзгертіліп алынды). Сабақта үріккен лақ секілді көзінің аласымен қарап, көп тиісіп, көп күліп отыруға әдеттенген. Оқудың бәрібір миға «қонбайтынына» сеніп алған.
Құрмаштың тентектігі аяныш туғызады. Өзін сабақта жақсы көрсете алмаған баланың амалдары ғой. Тентектік баланың намысынан туады. Намысын да жоғалса, ол баладан не қалады? Ал тентектіктің себебін түсіне алмаған мұғалім оны осы қаруынан айырғысы келеді. Тентек балаға тіпті көп көңіл бөлінуі керек.
Ал сонымен Құрмашты басқа балалардың кемсітуінен қорғау керек болды. Бір күні үзілісте қып-қызыл болып ұрысып тұрған Құрмаш көрінді. Қасындағылар тап-тап береді. Әке-шешесі алыста, оны балалар біледі. Ылғи да Құрмаш кінәлі боп үйренген болса керек, тіпті басынбақ ойлары бар. Қасына барғанымда:
– Қараңызшы, Алма бибі, мына Құрмаштың не сөз айтып тұрғанын! – деп шу ете түсті.
«Жыласа кімнің аузы қисаймайды» дегендей, ол да еселі сөзін жібермеген болу керек. Жиналған топ Құрмашқа ұрысуым керек деп ойлады. Тек шетке таман тұрған Айдарбек қана жаны ашып, не ақтай алмай, не көпке топырақ шаша алмай дағдарыста тұрғаны білінді. Құрмаш көзі жыпылықтап:
– Өздері бірінші тиісті! – деп айқайлайды. Кіп-кішкентай баланың тамыры адырайып, көз алайып кетіпті. Пенде өзінен зорға кездесіп, шамасын келмейтінін білгенде, әлдебір күшпен соңғы демін жиып, айқайлап қарсы ұмтылады ғой, сол сияқты. Жұдырығын түйіп алған. Өзін Құрмаштан гөрі тәуір оқимыз дейтін бір-екі бала оның аузын аштырмай, көзіне-көзін тақап ұрысады. Мінеки, баланы жақсы оқушы, жаман оқушы деп бөлген жерден жаман оқушының трагедиясы басталмақ.
Мен есімді жиып, Құрмашты иығынан құшақтап, Айдарбектің жанына әкелдім де:
– Айдарбек, әлсізге күш көрсетудің ең жаман іс екенін білесің ғой. Бұдан былай мына Құрмашты қорғап жүрші. Құрмашты өзім жақсы көремін. Ешкім тиіспесін, – дедім.
Айдарбек өзі де аяп тұр екен, қолдай кетті.
– Жүр, Құрмаш, – деп, дәрісханаға бастады. Құрмаш көзінен домалаған жасын жұдырығымен білдірмеген болып үйкелеп жіберіп, алға түсті. Кішкентай иығы бүлк-бүлк етеді. Бұдан былай Айдарбектің ағалық қамқорлығында болды.
Баланың жан дүниесін бірінші орынға шығармасақ, намысын таптаумен берген білімнің қандай құны бар?
Құрмаштың бейнесіне кейін көп өзгерістер енді. Үзілісте жүгіріп кеп, қол алысып амандасқанды тәуір көреді. Хал сұрайды. Би кешіндегі ойындарда өз жылдығының (сынып) намысын қорғап, бірінші орын алып береді. Басын көтеріп, адамдық қасиетке кірді. Вальсте екеуміз қыздарды биге шақырамыз. Сол қолын артына ұстап, оң қолымен алға ұмсынып, құйтақандай тізесін бүгеді. Ондай мәдениетті жігітті кім жек көрсін!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет