45
бір-бірнен белгілі бір қашықтықта орналасқан үш топқа – шығыс, орталық
және батысқа топтасқан. Шығыс топта отызға тарта оба бар, олардың
көпшілігі бір біріне жақын орналасқан. Обалар жиынтығынан батысқа қарай
150 м жердегі сегіз обаның бесеуі бойлықтық бағытта тізбек құрып
орналасқан. Жиырма бір обадан тұратын батыс топтың негізін он бір оба
құрайды. Бойлықтық бағытта созылып орналасқан олардан түйіскен екі
тізбекті аңғаруға болады. Қалған обалар бір-біріне
жақын орналасқан жеке
немесе шағын топтардан тұрады [27, 113 бет].
Зерттеу жұмыстары 1961, 1962, 1963 және 1965 жж. жалғасын тапты.
Ұйғарақ қорымы жайлы О.А. Вишневскаяның «Культура сакских племен
низовьев Сырдарьи в VII-V вв. до н.э.» (1973) тыңғылықты еңбегі жарық
көрді[89].
Обалардан 70 оба қазылды. Ұйғарақ пен Түгіскенде жерлеу
құрылыстары әртектес болғанымен, жерлеу ғұрпы бірдей.
Ұйғарақ пен Оңтүстік Түгіскеннің құм үйінділері астынан алуан түрлі
жерлеу құрылыстары қазылып ашылды. Оның бірі, негізінен Ұйғарақтан ғана
шыққаны – адамдарды жердің бетіне, жеңіл қаңқалы ағаш құрылыстың не
күркенің ішіне, қамыс төсеніш үстіне жерлеу.
Мұндай құрылыстардың
сыртқы бітімі дөңгелек, сопақ немесе тікбұрышты болған.
Үйінделері жарты шеңберлі кейбірі созыңқы, биіктіктері - 0,3-2,0 м
аралығында, диаметрі - 10 м-ден 40 м-ге дейін жетеді.
Олар Солтүстік Түгіскендегі қола дәуірінің қарапайым жерлеу
қүрылыстарына ұқсас [88]. Оларды Солтүстік Түгіскендегі жерлеумен
жақындастыратын белгі – өліктің басын батысқа қаратып жерлеу және
ішінара – өлікті өртеу салты. Жерлеу құрылыстарының екінші үлгісі –
жерден қазылған шұңқырлар. Олардың бірнеше түрлері бар. Ұйғарақ пен
Оңтүстік Түгіскен қорымдарында шығыстан батысқа бағытталған
тікбұрышты үлкен жер шұңқырларға жерлеу түрі көп тараған. Лақаттар ағаш
бөренелерімен жабылып, олардың үстіне қамыс немесе ұсақ бұтақтар қабаты
төселген. Шұңқыр айналасындағы ескі қабат
пен қабір топырағын да
қамыспен жауып тастаған. Сонан соң диаметрі 15-20 м, кейде 30 метрге дейін
жететін оба үйген. Кейбір жағдайларда үйінді қамыс пен топырақ
қабаттарынан тұрғызылған. Басқа жерлеу құрылыстарындағы сияқты, мұнда
да отқа табыну кең таралған. Қабірдің бұрыштарында тіреу орындары сияқты
кішкене шұңқырлар жиі кездеседі. Кейбір қабірлерде лақыттың түбінен
кабырғаны жағалай арыкша казылған да, өлік жер «үстел» үстінде жатқандай
болып көрінеді. Қабір бұрыштарындағы шұңқырлар сияқты, мұндай
«үстелдер» де Солтүстік Түгіскендегі кесенелерінен дәстүрге айналған
белгілі жерлеу ғұрпының жергілікті тәсілдері. Түгіскенде жерден қазылған
шұңқырларға жерленетін обалардың тағы бір өзгеше тобы бар.
Құрылыстардың бұл нұсқасы – ортасында беті ағаш бөренелермен жабылған
жер
шұңқыры бар, жан-жағы айнала қоршалған топырақ дуалдан тұрады.
Дуалдың топырағы айналасындағы белдеулей қазылған орлардан алынған.
Бұдан басқа, топырақ дуалды қоршаған ор жанғыш материалдармен
46
(шөпшекпен) толтырылған. Сірә, жерлеу кезінде барлық құрылысты айнала
от жағылатын болса керек. Сонымен қатар Ұйғарақта жер қабірлердің
Түгіскенде жоқ түрі бар. Бұл негізінен бұрыштары дөңгеленіп келген
тікбұрышты тар молалар. Құрылымы жағынан оларды Түгіскен мен
Ұйғарақтағы үлкен жер шұңқырға жерлеумен жақындастыратын белгі –
сырғауылдармен және бұтақтармен жабылуы. Жерлеу құрылыстарының
осындай әр түрлі болуы, шамасы, отбасылық қатынастар жүйесін ғана емес,
сонымен қатар әлеуметтік кұрылымды, рулық
қауымның эволюциясын да
көрсетсе керек. Бұл, әсіресе, Ұйғарақ қорымындағы әр түрлі обалар
топтарының үлгісінде ерекше айқын байқалады. Абыз әйелдер көп жерленген
шығыс топтың молаларында кейінгі қола дәуірінен келе жатқан ғұрып-
дәстүрлері айқынырақ байқалады. Сақтардың Сырдарияның төменгі
ағысындағы жерлеу құрылысының қызығы, бұл жерлеу құрылысына сәйкес
сарматтардың қорымдарынан яғни Оңтүстік Орал маңынан табылып отыр.
Түгіскендегі мен Ұйғарақтағы обалар көбісі тоналған,
алайда ХАЭЭ-
сының қарқынды жұмыс жасауының арқасында қазылған қорымдардан
көптеген еркек, әйел адамдардың тұрмыста тұтынған заттары, ер адамдардың
әт-әбзелдері, қару-жарақтары аяқ жағына таман қойылған. Ал сарматтардан
айырмашылығы әйел адамдарда қару-жарақтар, жебе ұштары бірдей
табылып отыр.
Оңтүстік Түгіскен және Ұйғарақ қорымдары зерттеу деңгейі әлі де аз,
кешенді зерттеулер жұмыстары тәуелсіздік жылдарын алғаннан бері тіпті
жүргізілмеген.Бұл ескерткіштер әлі де зерттеулерді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: