Тарих кафедрасы


Тарихты оқытуда көрнекті құралдарды және компьютерлік техниканы пайдалану



бет2/14
Дата22.02.2016
өлшемі1.14 Mb.
#87
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Тарихты оқытуда көрнекті құралдарды және компьютерлік техниканы пайдалану

Студенттердің жұмыс түрлері:

  1. Техникалық құралдарды тарих сабағында қолдану әдістемесін меңгеру.

  2. Тарихты оқытуда компьютерлік техниканы пайдалану жолын меңгеру.

  3. Электрондық оқулықтар, Он-лайн жүйесін оқу үрдісіне енгізу мәселелері.

5 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат.



  1. Тарих сабақтарында тарихи мәліметтер мен құжаттарды пайдалану

Студенттердің жұмыс түрлері:

1.Тарихи құжаттар мен мәліметтерді зерттеу методикасын меңгеру..

2.Мәліметті конспектілеу. Тарихи мәліметтердің сипаты: авторы, жасалу уақыты, жанры, негізгі идеялары, тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктерін анықтау.

3.Тарихи мәліметтермен, құжаттармен жұмыс істеу оқушылардың зерттеушілік дағдысын калыптастырып, анализдеуге (сараптауға) үйретеді, ойлау қабілетін жетілдіру.


6 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат

  1. Тарихты оқыту жұмыстарын ұйымдастыру формалары

Студенттердің жұмыс түрлері:

1. Тақырыптық сабақты жоспарлау.

2. Сабақтың жұмыс жоспары мен оның негізгі компоненттері.

3. Тарих сабағының дидатикалық жабдықтары.



  1. Сабақ жоспарларын әзірлеу:

    • Мұғалім баяндаған жаңа материалды түсіну сабақтары.

    • Дағды мен шеберлікті қалыптастыру білімділікті тексеру сабақтары. Жалпылама немесе қайталама- жалпылау сабақтары.

    • Білімділік пен шеберлікті тексеру сабақтары.

    • Семинар сабақтар.

    • Ықпалдастық сабақтар т.б.

7 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат



  1. Тарихты оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдер

Студенттер кесте бойынша салыстыру жұмыстарын жүргізеді:

1. Ауызша оқу әдістері: жалпылама белгілер және айырмашылықтары.

2. Практикалық әдістер: жалпылама белгілер және айырмашылықтары.

3. Көрнекілік әдістер: жалпылама белгілер және айырмашылықтары.


8 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат

  1. Антикалық және ежелгі дүние тарихын оқытудың ерекшеліктері

Жоспар:

1.Төмендегі ұсынылған тақырптар бойынша оқу әдістемесін құру:

Алғашқы деректі қолдану. Эгей әлемінің пайда болуы мен құлауы, крит, треон және микен мәдениетінің гүлдену кезеңі, полистер әлемі мен оның күйреуі, эллиндік дөуірдегі Жерорта теңізі. Ұлы Рим державасының қалыптасуы, рим республикасының дағдырысы мен құлауы, принципат дөуіріндегі императорлық Рим, 3-ші ғасыр дағдарысы мен доминат кезеңі. Классикалық Рим қүқықтары. Императорлық Рим архитектурасы.


  1. Тәрбиелеу мақсаттарында ежелгі Рим кейіпкерлерін үлгі ретінде пайдалану.

9 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат



  1. Орта ғасырлар тарихын оқыту ерекшеліктері

Жоспар:

1.Төмендегі ұсынылған тақырптар бойынша оқу әдістемесін құру:

Ерте ортағасыр, ортағасырлық гүлдену кезеңі. Орталықтанған мемлекеттердің пайда болуы. Орталық Еуропадағы феодалдық күйреу. Батыс Еаропа мәдениеті. Ұлы географиялық ашулар және отарлық шапқыншылық. Еуропа елдерінің кейінгі ортағасыр тарихы. Еуропа елдерінің экономикалық , әлеуметтік және моделі дамуындағы түбегейлі өзгерістер, ерте капиталистік қатынастардың пайда болуы. Англия, Германия, Франция мемлекеттік құрылымындағы түбегейлі озгерістер. Реформация, контрреформация, қайта өрлеу сияқты жалпы еуропалық процестер. Еуропалық және Азиялық аймақтардағы экономикалық жөне саяси дамуға географиялық және климаттық ерешеліктердің ықпалы.
10 Іс-тәжірибе. 1сағат


  1. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі

1. Мектепте және орта арнаулы оқу орындарында Қазақстан тарихын оқыту әдістемесін меңгеру, оны тәжірибеде қолдану.
11 Іс-тәжірибе. 1 сағат

  1. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің қалыптасуы және оның қазіргі жағдайы

Дөңгелек-стол басында «Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің қазіргі жағдайы» мәселесін талқылау.
12 Іс-тәжірибе. 1 сағат

  1. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық оқытудың ерекшеліктері

Жоспар:

1. Тақырып бойынша қалалық өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастыру әдістемелік- жоспарын әзірлеу.


13 Іс-тәжірибе. 1 сағат

  1. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихын оқытудың ерекшеліктері

Жоспар:

1. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихының негізгі оқиғалары бойынша кездесу ұйымдастырудың әдістемелік- жоспарын әзірлеу.


14.Іс-тәжірибе. 1 сағат

  1. Кино-фото құжаттарын, кезеңдік баспа материалдарын пайдалану

Жоспар:

  1. Кино, бейне таспа негізінде тарихты оқыту әдістемесі.

  2. Фото құжаттарын қолдану әдістемесі.

  3. Баспа материалдарын пайдалану әдістемесі.

15. Іс-тәжірибе. 1 сағат



  1. Қазіргі таңдағы Қазақстан тарихы сабағы

Жоспар:

  1. Жаңа оқыту технологиясына сай Қазақстан тарихы сабағын өткізу әдістемесі.

Сабақты талдау.

СОӨЖ

1. Қазақстан Республикасының нормативтік-құжаттарын білім берудің негізгі көзі ретінде оқыту: 2сағ.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  2. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы.

Қазақстан Республикасы президентінің жаңа ғасыр- жаңа ұрпақ тәрбиелеудегі ой түйіндері, «Жаңа әлемдегі- жаңа Қазақстан».

2.Салыстырмалы талдау жасау:2 сағ.

  1. Патшалы Ресей мектептеріндегі тарих пәнінің оқытылуы.

  2. Кеңес елі мектептерінде тарих пәнінің оқытылуы.

3.Қазіргі білім беру үрдісіндегі негізгі жаңалықтарды басшылыққа ала отырып, әдістемелік мәселелерді шешу:2 сағ.

1. Тарих пәнін оқытудағы түбірлі өзгерістердің қажеттігі.

2. Мектепте Отандық тарихты оқытудағы келелі мәселелерді оқытудағы әдіснамалық мәселелер.

3. 20 ғасыр тарихын кезеңдерге бөлу.



4.Тарихи түсініктерді қалыптастыру.2 сағ.

5. Тарихи ұғымдарды қалыптастыру.3 сағ.

6. Жоғарғы сыныптарға сабақ жоспарын әзірлеу.2 сағ.

1. Мектептік семинары.

2.Мектептік лекция.

7. Жаңа педагогикалық ақпараттық технологиялардың ғылыми-әдістемелік негіздері. 3 сағ.

8.Жаңашыл әдіскерлердің бағалау критерийлері бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын есепке алу, бағалау әдістемесін меңгеру:2 сағ.

Тарих пәнінен стандарт талаптарының орындалуын бағалаудың жалпы тәсілдері.



9.Қазақстан тарихы пәні бойынша сабақ жоспарын әзірлеу:4 сағ.

Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастыру формалары.



10.Тарих пәнінен тәрбиелік іс-шараны ұйымдастыру:2 сағ.

Тарих пәнінің тәрбиелік мәні.



11. Қазақстан тарихы мазмұнының ұлттық дерек көздерін оқыту әдістемесі.2

12. Қазақстан тарихы пәні бойынша ҚР-ғы айтулы даталар бойынша сыныптан тыс жұмыс өткізу. 2 сағ.

13.Қазақстан тарихы бойынша жүргізілетін өлкетану жұмыстары 2 сағ.
СӨЖ 45 сағат

«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша СӨЖ орындау және тапсыру кестесі



Сабақтың мақсаты мен мазмұны

Жұмыс түрлері

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1.

  1. Оқушылардың таным-ойлау қызметін дамыту

Кездесу жоспары

жеке


09- 1 аптасы

2.

  1. Проблемалық оқыту әдісі

Блиц-турнир

топтық жарыс

09-2 аптасы

3.

  1. Курсаралық, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру.

Блок сабақ түрін ұйымдастыру

топтық

11- 2 аптасы

4.

  1. Иллюстарциямен түсіндіру әдісі

Жоспар әзірлеу

жеке

11-3 аптасы

5

  1. 0қушылардың картамен жұмыс істеудегі әдіс- тәсілдсрді қолдану

әдістемелік жоспар

жеке

11-4 аптасы

6.

  1. Тарих пәнін жабдықтау тәртібі

жабдықтау жобасын әзірлеу

Топтық

12-2 аптасы

7.

  1. Тарих пәнінің мұғалімі, келбеті ұстанымы

Дебат ұйымдастыру

Топтық жарыс

12- 3 аптасы

8.

Пән үйірмелерін ұйымдастыру.

Үйірме жоспарын әзірлеу

Жеке

01-2 аптасы

9.

Тарих пөнін оқытуда Рәміздерді қолдану тәсілдері

Сабақ жоспары

жеке

01-3 аптасы

10.

Курс жұмысын жазу.

Курс жұмысы

Жеке

12-2 аптасы


Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет:

  1. Тұрсын Хазретәлі. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі. А.,2004.

  2. Оқу мектептеріне арналған тарих пәні бойынша типтік оқу бағдарламалары.

  3. Тарих оқулықтары. /5-11 сыныптар бойынша/.

  4. Вагин А.А. Методика обучения истории. М.,1972.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Білім беру Заңы.

  2. Қазақстан Республикасы білім беру концепциясы.

  3. Жалпыға міндетті білім беру стандарты.

  4. Короткова М.В., М.Т. Студеникин. Методика обучения истории в схемах, таблицах, описаниях. М.,1999.

  5. Методика преподавания истории в средней школе. М.,1986.

  6. Вяземский, О. Ю.Стрелова . Методические рекомендации учителя истории. М.,2000.

  7. Короткова М.В. Наглядность на уроках истории. М.,2000.

  8. Бухвалов В.А. Технология работы учителя-мастера. М.,1995.

  9. Актуальные вопросы методики обучения истории в среднй школе./ под ред. А.Г. Колоскова . М.,1984.

  10. Дайри Н.Г. Как подготовить урок истории? М.,1969.

Тарихты оқыту әдістемесі пәнінен дәріс сабақтарының тезистері
Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасы мектептеріндегі тарихтан білім берудің қазіргі құрылымы. 2сағат.

Дәріс сабағының мақсаты:Мектепте Қазақстан тарихын оқыту жолдары мен мақсатын анықтау.

Жоспар:

1.Қазақстан Республикасы мектептеріндегі тарихтан білім беру мазмұны.

Тарих пәні бойынша оқу жоспары.

Тарих пәні бойынша оқытуды ізгілендіру.

12 жылдық білім беруге көшу, тарихтан білім беру мазмұны.

Қазіргі қоғам оқытушылардан үздіксіз, жүйелі де берік білім беруді іске асыру міндетінің орындалуын талап етуде. Әр оқытушы осы бағытта оқу үрдісінің жалпы мазмұнын білу, кәсіби терең білімнің болуы және білім беру құжаттарымен жұмыс істей білу талаптарын орындап, іске асыра білуі шарт

Білім берудегі негізгі міндеттердің бірі – білім беруді жетілдіру, талапқа сай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру. Білім беру – оқушылардың ғылыми білімдер жүйесін меңгеру, танымдық дағдысы мен ынтасын, дүниеге көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық қабілеті мен күшін, адамгершілік қасиеттерін дамыту үрдісі.

Білім беру мазмұны – оқу іс әрекетінің нәтижесі, оқуды аяқтауда талап етілетін нәтижелер. Ғылыми білімдер, дағды мен ынта, дүниеге көзқарас, таным, шығармашылық іс тәжірибелердің оқушылардың оқу арқылы меңгеруі, қоғамдың іс тәжірибенің ұрпаққа берілуі.

Білім беру мазмұнының бағыттары : білім, іскерлік, дағды.

Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар :

Білім беру мазмұны қазіргі білім беру деңгейіне сай болу керек.

Білім беру мазмұны оқушылардың психологиялық мүмкіншілігі мен дамуына сай болу керек.

Жеке адам білімді қажет етуі, таңдауы керек.

Білім беруді анықтайтын құжаттарға: білім стандарты, оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар жатады. Оқу үрдісін ұйымдастыратын әрбір оқытушы аталған құжаттармен жұмыс істей алуы керек. Себебі олар білім алудың негізгі құралдары болып табылады.

Білім беру стандарты дегеніміз – Республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық мәнді құжат. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 бабы, 4 тармағында Былай деп жазылған : « Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті қалыптарын ( стандарттарын ) белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі сол қалыптарға сай болу керек.».Мемлекеттік білім стандартын енгізу « Білім туралы» Заңға да сәйкес келеді.



Оқу жоспары дегеніміз – пәндер бірізді жүйелі құрылып, оны оқыту мерзімі, әр пәннің сағат саны көрсетілетін нормативті құжат.

Оқу жоспары :

оқу жылының, тоқсандардың демалыс күндернің мерзімін,

оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін,

әрбір оқу жылы бойынша оқу тәртібін және ретін,

әр пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат.

Оған сәйкестендіріліп:

-типті оқу жоспары,

- оның негізінде оқу жұмыс жоспарлары жасалады.

Оқу жоспары – білім стандартының ең басты межесі, ол білім беруде,

білім мазмұнының төменгі шегін ( min )

оқуға бөлінген уақыттың төменгі шегін

оқушы жүктемесінің жоғарғы шегін ( max ) анықтап береді.

Барлық пәндер мазмұнына ұлттық мәдениет пен педагогика тәжірибелерін енгізуді,

Білімді ізгілендіруді,

әр пән бойынша оқытудың әдістемелік жүйесін жаңартуды,

әр пән немесе курс бойынша оқу-әдістемелік кешендер жасауды көздейді.

Оқу жоспары екі бөлімнен тұрады : инвариантты, вариативті. Инвариантты оқу жүктемесінде міндетті оқитын білім мазмұнының бөлігі шоғырланған, яғни негізгі міндетті оқитын оқу пәндері мен оған бөлінген сағат сандары көрсетіледі. Вариативті оқу жүктемесінде оқу орнының мүмкіндіктері, оқушылардың қараулары бойынша таңдау сабақтары қарастырылады.

Базистік оқу жоспары негізінде білім беру мекемелерінде оқу жұмыс жоспарлары жасалады. Онда ағымдағы жағдайлар, әр топтардың ерекшеліктерін ескере отырып жасалады. Оны оқу ісінің меңгерушісі, бөлім меңгерушілері жасайды. Ол әр мамандыққа ондағы топтарға негізделіп жасалады. Онда, оқылатын пәндер тізімі, сағат саны, оқу мерзімі, оқу апталары, теориялық, практикалық сағаттар, курстық, бақылау жұмыстары, оларға бөлінген сағат көлемі, бақылау түрлері, оларға бөлінген сағат мөлшері іс-тәжірибе көлемі, уақыты, каникул уақыты көрсетіліп, қарастырылады. Оқу жоспары негізінде білім мекемелерінің ішкі оқу-тәрбие жоспарлары жасалары.



12 жылдық білім беруге көшу, тарихтан білім беру мазмұны.

Тарихи білім беру қазіргі қазақ қоғамын демократияландыру басымдылық маңызға ие болады, өйткені тарих ғылымы бүгінгі күннің ақиқатымен тығыз байланысты. Мемлекеттік тэуелсіздіктің қалыптасуы кезеңінде қазақ қоғамын демократияландыруды тереңдету меен ілгерлік өзгерістер тарихи білім мазмүнын, оқу материалын іріктеудің негізгі принциптерін өзгертуді талап етеді. . [11.4.] Тарих білім мазмүлын өзгертудің негізгі бағыттары мыналар:

тарих процесті оқып - үйренуге формациялық жэне өркениеттік
түрғыдан қүрауды оңтайлы үштастыратын тарихты оқып - үйренудің
негізгі эдіснамалық түжырымдамасын жасау;

Қазақстан тарихын жэне дүниежүзік тарихан қатар жүретін


пропедевтикалық курстарды енгізу;

мәдениет, дэстүрлер, этногенез, қоғамының рухани өмірінің тарихы


бойынша тарауларды кеңейту;

мектептік курстарға дүниежүзілік тарихи дамудың жэне отан


тарихының жалпы процестерін сипаттайтын тараулар енгізу;

Шығыс елдері тарихи бойынша тарауларды кеңейту;


Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Нормативтік құжаттарды атаңыздар?

2. Білім беру мазмұны дегеніміз не?

3. Тарих сабағы бойынша жоспар қалай жасалынады?
Дәріс тақырыбы: 2. Тарихты оқыту әдістемесінің жоспарлары мен бағдарламалары. 2 сағат.

Дәріс сабағының мақсаты: Тарих пәнінен мектеп бағдарламалары және тарихи білім беруді қалыптастыруға арналған мемлекеттік құжаттар мазмұнымен студенттерді таныстыру.

Жоспар:

Тарих пәндері бойынша білім беру стандартының мазмұны мен құрылымы.

Бағдарлама жасаудың концентратты, хронологиялық принциптері.

Бағдарламалардың компоненттері.

5-9,10-11 сыныптардың оқу бағдарламалары.
Білім стандарты деп – білім мазмұнының міндетті минимумын, оқушының оқу жүктеменің шегіне жеткен көлемін және оқушы дайындығына қойылар талап деңгейін белгілеп береді. Мемлекеттік білім нормасы ретінде қабылданатын, нақтылы тұлғалардың мүмкіндіктерін қоғамдық тұтынымға сай танытатын негізгі параметрлер жүйесін айтады.

Стандарттың қызметі :

Критерилік-бағалау қызметі. Оқыту мазмұнын, оқу жүктемесінің көлемін, білім нәтижесін, мұғалім мен білім беру мекемелерін аттестациялау барысында стандарт білім жүйесіне бағдаршы норматив ретінде қызмет атқарады.

Толыққанды білім қызметін қамтамасыз ету қызметі. Стандарт негізінде білім алуды қамтамасыз ететін, жеке тұлғаның толыққанды дамуына негіз болатын кәсіптік жүйеде білім алуға мүмкіндік беретін жағдайды қамтамасыз етеді.

Республикада білім кеңестігінің тұтастығын сақтау қызметі. Білім стандарттарының рольін орнықтырады, белгілеп береді. Кепілді білімді қамтамасыз етеді.

Білім беруді гуманизациялау қызметі. Білімді саралап отыруға жол ашады, әртүрлі деңгейдегі материалды игеруге, сол игергенін өз мүддесі мен бейіміне жаратуға мүмкіндік береді.

Басқару қызметі. Білім беру жүйесін бақылайды, барлық деңгейде орнықты шешім қабылдау үшін нақтылы дерек алап отыруды және білім нәтижесінің сапасын анықтап отыруды қамтамасыз етеді.

Білім сапасын көтеру қызметі. Стандарт белгіленген базалық деңгейге әр оқушының кепілді түрде қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Стандарт мынадай құрылымнан тұрады :

базистік оқу жоспары, яғни стандартты ұсынудың басты деңгейі.

Білім беру аясындағы базалқ стандарттар.

Бұл құрылымдар төменгі құжаттар арқылы жүзеге асады :

Түсініктеме.

Базистік оқу жоспары.

Базалық білім аясының стандарты.

Мемлекеттік стандартқа жетудің өлшеуіш жүйелерін саралауға қатысты жалпы мәселе.

Түсініктеме жалпы стандарт идеялогиясының негізгі тұжырымдамалық жай-жапсарын анықтап, оның құрылымы мен мазмұнын түсіндіреді.

Базистік оқу жоспары құрылым мен білім мазмұнына қатысты жиынтық дерек береді. Білім мекемелерінің нақтылы жоспарларын жасауға сай келетін негізгі кешендердің нормативтерін белгілейді:

білім стандартының республика мен оқу орыны арасындағы сәйкестігі.

Білімнің базалық және сараланған бөліктерінің арасындағы сәйкестік.

Білім берудің ұзақтығы.

Базалық білім аясындағы міндетті және факультативті сабақтардың апталық жүктемесі.

Білім аясының стандарттары білімнің міндетті мазмұнын және оқушылардың сол білімді игеру талабын анықтап береді.

Оқу жоспары дегеніміз – пәндер бірізді жүйелі құрылып, оны оқыту мерзімі, әр пәннің сағат саны көрсетілетін нормативті құжат.

Оқу жоспары :

оқу жылының, тоқсандардың демалыс күндернің мерзімін,

оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін,

әрбір оқу жылы бойынша оқу тәртібін және ретін,

әр пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат.

Оған сәйкестендіріліп:

-типті оқу жоспары,

- оның негізінде оқу жұмыс жоспарлары жасалады.

Оқу жоспары – білім стандартының ең басты межесі, ол білім беруде,

білім мазмұнының төменгі шегін ( min )

оқуға бөлінген уақыттың төменгі шегін

оқушы жүктемесінің жоғарғы шегін ( max ) анықтап береді.

Барлық пәндер мазмұнына ұлттық мәдениет пен педагогика тәжірибелерін енгізуді,

Білімді ізгілендіруді,

әр пән бойынша оқытудың әдістемелік жүйесін жаңартуды,

әр пән немесе курс бойынша оқу-әдістемелік кешендер жасауды көздейді.

Оқу жоспары екі бөлімнен тұрады : инвариантты, вариативті. Инвариантты оқу жүктемесінде міндетті оқитын білім мазмұнының бөлігі шоғырланған, яғни негізгі міндетті оқитын оқу пәндері мен оған бөлінген сағат сандары көрсетіледі. Вариативті оқу жүктемесінде оқу орнының мүмкіндіктері, оқушылардың қараулары бойынша таңдау сабақтары қарастырылады.

Базистік оқу жоспары негізінде білім беру мекемелерінде оқу жұмыс жоспарлары жасалады. Онда ағымдағы жағдайлар, әр топтардың ерекшеліктерін ескере отырып жасалады. Оны оқу ісінің меңгерушісі, бөлім меңгерушілері жасайды. Ол әр мамандыққа ондағы топтарға негізделіп жасалады. Онда, оқылатын пәндер тізімі, сағат саны, оқу мерзімі, оқу апталары, теориялық, практикалық сағаттар, курстық, бақылау жұмыстары, оларға бөлінген сағат көлемі, бақылау түрлері, оларға бөлінген сағат мөлшері іс-тәжірибе көлемі, уақыты, каникул уақыты көрсетіліп, қарастырылады. Оқу жоспары негізінде білім мекемелерінің ішкі оқу-тәрбие жоспарлары жасалары.



Оқу бағдарламасы – оқу пәні бойынша білімнің, біліктер мен дағдының көлемін, іс тәжірибелік және лабараториялық сабақтардың өтілу реттерін және олардың бөлінуін, пәндердің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптардың оқытылу ретін анықтайтын, жеке оқу пәнін сипаттайтын мемлекеттік құжат.

Оқу бағдарламалары оқ жоспары негізінде құрастырылады.

Оқу бағдарламасының құрамы :

аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын түсінік хат, пәннің мазмұнын анықтайтын тақырыптар мен тараулар, негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі, әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері, әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі, ұсынылған әдебиет.

Сонымен оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша оқу бағдарламасы құрылады.Ол :

түсініктеме хат,

негізгі бөлім, мазмұны,

әдістемелік аппараттан тұрады ( әдістемелік нұсқаулар, пән аралық байланыс, лабараториялық, іс тәжірибелік сабақтар, оқу-әдістемелік құралдар )

Оқу бағдарламасы бағытына қарай екіге бөлінеді : жалпы білім беру және кәсіби білім беру бағдарламалары. Соның ішінде кәсіби білім беру бағдарламалары – арнайы мамандық бойынша бағытты білім беру, қазіргі технология, экономика, еңбек құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мәселелерін қарастырады.

Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалықтардың өсуіне байланысты оқу бағдарламасы қайта қаралады. Қазір орта кәсіби білім беру мекемелері 2002 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің бастауыш және орта кәсіптік білім жөніндегі оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен бекітілген типтік оқу бағдарламалары бойынша жұмыс жасайды.

Типтік оқу бағдарламасы негізінде жекелеме пән оқытушылары оқу-жұмыс бағдарламаларын және күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет