Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет8/12
Дата12.06.2016
өлшемі1.08 Mb.
#129836
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

құралдарымен жабдықтау
661. Құрылысы аяқталған ТМГҚ қабылдау кезінде оларға ұжымдық құтқару құралдары, капсулалар, құтқару қайықтары және салдары құрастырылады.

662. ТМГҚ ұжымдық құтқару құралдары жақсы әкелінген жабдығымен, дереу қолдануға дайындықта толық жабдықталуымен, қалыпты жағдайда ұсталады.

Ұжымдық құтқару құралдары тәуліктің кез келген уақытында қолдану кезінде көрінетін ашық (қызғылт сары немесе қызыл) түстерге боялады, құтқарылатын персонал рация және анықтаудың басқа құралдарын қоса алғанда, әр түрлі әдістермен құтқарушылардың көңілін аудара алатындай етіп орналасады. Құтқару кемесі егер де жұмыстарды мұзбен жабылатын теңізде жүргізу жоспарланатын болса, персоналды мұзды жағдайларда құтқаруды қамтамасыз етеді.

663. Қызмет көрсетуші персоналдың вахтасының әрбір ауысуы кезінде ТМГҚ-да ұжымдық құтқару құралдарының дұрыстығы тексеріледі. Анықталған бұзушылықтар дереу жойылады.

664. Суда ұжымдық құтқарудың құралдарының саны объектіде тұрақты болатын адамдардың штаттық санынан 50 % асады.

665. ТМГҚ келгенде бақылау тұлғасының вахтасы ауысқан кезде ағалар әрбір ұжымдық құтқару құралдары бойынша, журналда сәйкес жазба жүргізу арқылы соңғыларын қабылдауды-тапсыруды жүзеге асырады.

Әрбір жұмысшы немесе келуші өзінің жинау пунктін және ұжымдық құтқару құралын біледі.

666. ТМГҚ персонал азайған кезде жұмыстың жеке топтамасы аяқталғаннан кейін (мысалы, бұрғылау) ТМГҚ-ғы ұжымдық құтқару құралдарының саны қайта қаралуы мүмкін.



3 - тарау. ТМГҚ апат белгілерінің пиротехникалық

құралдарымен жабдықтау
667. Барлық ТМГҚ 2-кестеде көрсетілген мөлшерде, апат белгілерінің пиротехникалық құралдарымен қамтамасыз етіледі.

2-кесте



ТМГҚ-ды пиротехникалық белгі құралдарымен жабдықтау

Саны, данасы

Парашютті ракета

18

Дыбысты ракета немесе граната

18

Бір жұлдызды ракета жасыл

12

Бір жұлдызды ракета қызыл

12

668. ТМГҚ пиротехникалық белгі құралдары арнайы бөлінген жерлерде болады.

669. Пиротехникалық белгі құралдарының қалыпты жағдайына бақылауды бақылау тұлғасы жүзеге асырады. Пиротехникалық белгі құралдарының болуы және оларды тағайындалуы бойынша пайдалану журналда ескеріледі.

670. ТМГҚ пиротехникалық құралдар су өтпейтін жәшіктерде сақталады. Құтқару қайықтарында, капсулаларда немесе пиротехникалық құралдардың салдарында сақталады.



4-тарау. Құтқару қайықтарының, капсулалардың,

солдардың құрылымы

1 - параграф. Негізгі талаптар
671. Құтқару қайығында, капсулада, салдағы отырғызу орындары жапсырылатын белдіктермен жабдықталады.

672. Құтқару қайығы, капсула, сал адамдары бар тікұшақпен бірге тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, құралдарға ие.

673. Құтқару салдарында түсіруді сал ішінен бақылауды жүзеге асырумен, оларды адамдардың толық санымен және жабдықталумен суға түсіруді қамтамасыз ететін құрылым бар.

2 - параграф. Құтқару қайықтарын, капсулаларды,

солдарды жабдықтау
674. А, В, С типті ТМГҚ-да орнатылатын, құтқару қайықтарын, капсуланы, солдарды жабдықтауға, жүзуі шектелген ауданның кемелеріне тәрізді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары пайдаланылады.

675. Д типті ТМГҚ-да орнатылатын құтқару қайықтарын, капсуланы, солдарды жабдықтауға жүзуі шектелген ауданның кемелеріне тәрізді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары пайдаланылады.

676. Танкерлі қайықтар мен салдарда азық-түлік қорларымен жабдықтау бақылау тұлғасымен дәрігермен бірлесе отырып, он күнде бір реттен кем емес тексеріледі.

Танкерлі қайықтар мен салдардағы ішетін судың сапасы жылдың суық уақытында екі жұмада бір реттен және жылы уақытта – аптасына бір ретен кем емес тексеріледі.

Тексеру нәтижелері журналда тіркеледі.

Ауаның температурасы нөлден төмендеген жағдайда, су толтырылған анжеркаларды қайықтар мен салдарға жақын орналасқан жылы бөлмеге әкетеді.



5 - тарау. Құтқару күрдекшелері және суға

батырмайтын дөңгелектер
677. Құтқару күртешелеріне және құтқару шеңберлеріне қойылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары келтірілген.

6 - тарау. Түсіру құрылғыларының құрылысы

1 - параграф. Негізгі талаптар
678. Түсіру құрылғыларының көтергіш элементтерінің құрылымдық мөлшерлері жобаға сәйкес, жұмыс жүктемесі кезінде беріктік қоры қамтамасыз етілетіндей таңдалады.

679. Түсіру құрылғыларының жұмыс жүктемесін анықтау кезінде келесі операцияларды орындау қанағаттандырылады:

1) 1 м/с көп емес жылдамдық кезінде толық жабдықтаумен және рұқсат етілген адамдар санымен суға түсіру;

2) судан көтеру.

680. ТМГҚ-ға түсіру құрылғысын байлау кез келген типтегі платформада оны құтқару құралымен құрастыруды қамтамасыз етеді.

681. Түсіру құрылғысы қажет болған жағдайда платформада жұмыстың жеке топтамасы аяқталған кезде тез бөлшектеуге мүмкіндік беретін, бір ыңғайланған желілерден орындалады (мысалы, бұрғылау).

682. Түсіру құрылғысы платформада түсіру және суға қондыру кезінде теңіз стационарлы платформаның металл құрылымдарымен ұжымдық құтқару құралын зақымдау мүмкіндігі жоққа шығарылатындай етіп орнатылады.

683. Түсіру құрылғысының құрылымы құтқару құралын суға гравитациялық түсіруді қамтамасыз етеді.

684. Түсіру үшін құрылғыны қосу платформадан, құтқару құралының ішінен жүзеге асырылады.

685. Түсіру құрылғысы оны су басу кезінде құтқару құралынан автоматты және қолмен (қосарлы) ажыратуын қамтамасыз етеді.

686. Түсіру құрылғысы құтқару құралын платформада бастапқы қалыпқа көтеруін қамтамасыз етеді.

687. Құтқару құралын бастапқы қалыпқа соқпай қоюды қамтамасыз ететін құрылғы қарастырылады.

688. Түсіру жүйесі кез келген гидрометеорологиялық жағдайларда жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

689. Түсіру құрылғысының құрылымы түсіру кезінде құтқару құралынан өздігінен ажыратуды жоққа шығарады.



7 - тарау. Түсіру құрылғыларына арналған

шығырдың құрылысы
690. Түсіру құрылғыларына арналған шығырдың құрылысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шараларына жауап береді.

8 - тарау. ТМГҚ құтқару құралдарын

орнату және орналастыру

1 - параграф. Құтқару қайықтары,

капсулалар, құтқару салдары
691. Құтқару қайықтары, капсулалары, салдары ТМГҚ-да қызмет көрсетуші персоналдың тұрғылықты аймағында орналасады.

Ұжымдық құтқару құралдарын, түсіру құрылғыларын және шығырларды орналастыру орны олардың зақымдалу мүмкіндігін жоққа шығарады.

Құтқару қайықтарының, капсулалардың, салдардың палубасының үстінде 2 метрге дейінгі биіктікте көтергіш механизмінің элементтерін орналастыруға жол берілмейді.

692. Құтқару қайықтары, капсулалары және салдары оларға платформаның қызмет көрсету персоналын отырғызу ыңғайлылығын ескере отырып орнатылады.

693. Әрбір құтқару қайығы, капсуласы, салы үшін түсіру құрылғыларының жеке жиыны қарастырылады.

694. Құтқару қайықтары, капсулалары, салдары бастапқы қалыпта сенімді бекітіледі.

Бекіту құрылымы желдің әсерімен құтқару қайығын, капсуланы, салды шайқауға жол бермейді және адамдарды отырғызу кезінде ыңғайлы және дереу түсуді қамтамасыз етеді.

Бекіту қолмен тез және жеңіл беріледі және шектен тыс кернеуді тудырмайды.

695. Көп қабатты ТМГҚ үшін құтқару қайықтары, капсулалары және құтқару салдары биіктігі бойынша әр түрлі қабаттарда болуы мүмкін. Ол кезде неғұрлым жоғары қабатта орналасатын, қайықтарды, капсулаларды және салдарды түсіру неғұрлым төмен қабатта орналасқан қайықтарды және салдарды түсіруге кедергі келтірмейтін шаралар қолданылады.

696. Әрбір құтқару қайығының, капсуланың екі жағынан және тұмсық бөлігінің сыртынан, құтқару салында нақты ТМГҚ жататындығын көрсететін, нақты және өшірілмейтін жазбалар жазылады.



2 - параграф. Құтқару күртешелері.

Суға батпайтын дөңгелектер
697. ТМГҚ болатын әрбір құжат үшін, құтқару күртешесі қарастырылады. Құтқару күртешелері вахталық персонал үшін жұмыс орындарында орналастырылады.

698. Құтқару күртешелері тез қол жетімді жерде орналасады. Құтқару күртешелерін сақтау орындары нақты белгіленген. Егер де құтқару күртешелері ТМГҚ барлық тұлғалар арасында таратылмаса, онда оларды бір жерде 20 данадан көп мөлшерде сақтауға жол берілмейді.

699. Құтқару шарлары отырғызу-айлақтау алаңдарының, жолаушылар өтетін көпірдің (ол болған жағдайда) екі жағынан ТМГҚ әрбір қабатының өлшемі бойынша әрбір 20 м тең орналастырылады және олар тез қол жетімді және кез келген уақытта дереу қолдануға дайын болатындай орнатылады. Құтқару дөңгелектері шешілетін сызықтармен жабдықталады.

700. ТМГҚ-да құтқару дөңгелектерінің жалпы санының 50 % кем емесі өздігінен тұтанатын оттармен және олардың 25 % кем емесі автоматты әрекет ететін түтін тастарымен жабдықталады.

701. Өздігінен тұтанатын ашылулармен және автоматты әрекет ететін түтін тастарымен құтқару дөңгелектері ТМГҚ әрбір жағында оларды дереу түсіру мүмкін болатындай етіп орналастырылады.

702. Түтін тасымен өздігінен тұтанатын отынның іске қосу сызығы құтқару дөңгелегінің жанында ТМГҚ қозғалмайтын бөлігінде бекітіледі.



18 - бөлім. Белгі беру құралдары

1 - тарау. Жалпы ережелер
703. ТМГҚ белгі құралдарының құрамы мен орналасуы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 наурыздағы № 244 қаулысымен бекітілген, Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) қамқорымен қабылданған халықаралық конвенцияларға және ИМО туралы конвенцияға Казақстан Республикасының қосылуы туралы қаулысына сәйкес.

704. ТМГҚ салуға оператор мәлімдемесіне келесі сызбалар қоса беріледі:

1) ТМГҚ навигациялық қоршауының орналасуы;

2) ТМГҚ теңізде жүзу қауіпсіздігінің белгі құралдарының орналасуы;

3) ТМГҚ-да аэронавигация белгі құралдарының орналасуы;

4) қауіпсіздік аймақтары.

705. ТМГҚ пайдаланумен пайда болған, ТМГҚ ауданында, қауіпсіздік аймағының навигациялық жабдығының жүйесінде жүзу режимімен байланысты барлық өзгертулер туралы хабарлайды.

706. ТМГҚ техникалық жобасында уақытша жүзетін ескерту белгілері немесе навигациялық жабдықтың тұрақты құралдары, оларға қызмет көрсету құрылғылары қарастырылады.

707. ТМГҚ арнайы құралдармен және құрылғылармен жабдықтау және қамту ұйымды бақылау тұлғаларымен жүргізіледі.

708. Теңізде жүзу қауіпсіздігін бақылауға келесі жатады:

1) теңізде жүзудің белгі беретін қауіпсіздік құралдары;

2) навигациялық жабдықтың құралдары;

3) аэронавигацияның белгі беру құралдары.

709. Тұрақты бақылау белгі беру құралдарының жұмысын штаттық сипаттамалар бойынша қамтамасыз ету мақсатында, ұйымының бақылау тұлғаларымен жүргізіледі.

710. Белгі беру құралдарын кезектен тыс куәландыру ТМГҚ өрт, реттелмейтін атқыманы және белгі беру құралдарының бүлінуіне әкелуі мүмкін өзге жағдайларды жойғаннан кейін жүргізіледі.

711. Кезектен тыс куәландырулар ТМГҚ иесінің өтінімі бойынша, ал аэронавигация белгі беру құралдарына – азаматтық авиация кәсіпорнының талабы бойынша жүргізіледі.

712. Белгі беру құралдары ТМГҚ және мұнай кәсіпшілік технологиялық жабдығымен бір уақытта куәландыруға жатады.

2 - тарау. ТМГҚ белгі беру құралдарымен жабдықтау
713. Белгі беру құралдарының құрамына келесі кіреді:

1) белгі беру-ерекшелеу фонарларын, белгі пішінін, дыбыстық белгі құралдарын, пиротехникалық белгі құралдарын қамтитын, белгі беретін қауіпсіздік құралдары;

2) бумды қамтитын, навигациялық жабдық құралдары;

3) кодты және бөгейтін оттарды қамтитын, аэронавигация белгі беру құралдары.

714. Пиротехникалық белгі беру құралдарынан басқа, ТМГҚ белгі беру құралдарының құрамы 3-кестеге сәйкес.

715. ТМГҚ сүйрейтін блоктарында орнатылатын, белгі беру-ерекшелеу фонарлары аккумулятордан қоректендірумен электрлі немесе майлы.



3 - тарау. Белгі беру құралдарының құрамы
716. ТМГҚ ерекше оттары ретінде пайдалану кезінде төрт қызыл шам қарастырылады, олар тігінен олардың ара қашықтығы 2,0 м кем емес және 3 мильден кем емес қашықтықта, барлық деңгейжиек бойынша көрінетін, бірінің үстіне бірі орнатылады.

717. Мұнай мен газды бұрғылау, өндіру, сақтауға арналған ТМГҚ желіден немесе аккумулятордан қоректендірумен, тек электр фонарларымен жабдықталады.

718. Пайдалануда болатын, ТМГҚ қордағы фонарларының жиынына келесі шамдар кіреді:

1) кодты;

2) қоршайтын;

3) ауқымды;

4) беткейлі;

5) азықты (гак айналма);

6) «ерекшелейтін ТМГҚ».

719. Навигациялық жабдық құралдарының құрылымына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары пайдаланылады.

3-кесте


ТМГҚ жабдықтау

Теңізде жүзу қауіпсіздігінің белгі беру құралдары

Навигациялық жабдық құралдары

Аэронавигация белгі беру құралдары 1)

Белгі беру-ерекшелеу фонарлары

Белгі беру бейнелері

Дыбыстық белгі беру құралдары

Ауқымды

Беткейлі шамдар

Азықты

ТМГҚ ерекшелейтін

Ромбы

Шар

Қоңырау

Тифон

Буй 2)

Кодты

Қоршайтын

Оң жақ беткейін ерекшелейтін

Сол жақ беткейін ерекшелейтін

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Тасымалдау кезінде

Құрастыру (бөлшектеу) кезінде
Пайдалануда

Соның ішінде су асты техникалық жұмыстары кезінде


Жабуда

-


5

5


4

1


-

-


-

1


-

-


-

1


-

-


-

-


1

1


1

1


-

1

2



-

-


-

2

2



-

13)


1

1


1

13)

1

1


1

-

1

-


1

-

1

1


-


Фонарь ТМГҚ барлық биіктіктегі құрылыстарында орнатылады

Ескерту:


1) аэронавигацияның белгі беру құралдарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары пайдаланылады.
2) навигациялық буйлардың саны қоршалатын су айлағының өлшемімен анықталады. ТМГҚ құрастыру, қайта жабу аяқталған кезде буйлар бөлшектенеді;

3) жабдықтау тасымалданатын ТМГҚ-да экипаж болған кезде жүзеге асырылады.

Уақытша жүзетін буйлар дыбыстық белгі құралдарымен жабдықталады.

720. ТМГҚ-да теңізде жүзудің қауіпсіздік белгі беру құрылдарының құрылымына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары пайдаланылады.

721. Аэронавигацияның белгі беру құралдарының құрылымына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары пайдаланылады.

4 - тарау. ТМГҚ белгі беру құралдарын орнату

1 - параграф. Жалпы талаптар
722. ТМГҚ белгі беру құралдарының дұрыс және үзіліссіз қызмет етуін ТМГҚ иесі қамтамасыз етеді.

723. ТМГҚ белгі беру құралдары олар кез келген уақытта қолдануға дайын болатындай етіп орнатылады немесе сақталады.

724. Негізгі және қосымша жинақтағы белгі беру фонарлары үшін ТМГҚ-да жобамен оларды орнату орындары қарастырылады.

725. ТМГҚ-да дыбыстық дабыл белгілерін орнату бұрғылау немесе мұнай кәсіпшілік жабдықтың ешқандай бөліктері дыбыстық кедергілер келтірмейтіндей немесе осы құралдармен берілетін дыбыстың күші мен анықтығын төмендетпейтіндей етіп жүргізіледі.

726. Дыбыстық дабыл белгілері 6 м кем емес және теңіз деңгейінен 300 м көп емес биіктікте орналасады, дыбыстық дабыл белгісінің естілуі кез келген бағытта 2 мильге дейін қамтамасыз етіледі.

727. Пайдаланудағы ТМГҚ-да орталық басқару орнында кез келген стационарлы орнатылған белгі фонарының әрекетінің тоқтауы туралы хабарлайтын, көзбен шолу-дыбыстық дабыл белгісі орнатылады. Белгі шамдарын басқару орталық орыннан жүзеге асырылады.

728. Пайдалану немесе жабыда болатын ТМГҚ-да «ТМГҚ ерекшелейтін» фонарларын орнату үшін діңгектер, штангалар қарастырылады.

729. Қосымша фонарларды сақтауға арналған құрылғыға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары пайдаланылады.

730. Пиротехникалық белгі беру құралдарын сақтау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген Жару жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына жауап береді.

2 - параграф. ТМГҚ блоктарын тасымалдау
731. ТМГҚ сүйреленетін қалқымаларында немесе «қалқуда» белгі оттары орнатылады:

1) беткейлі – блок басында оң және сол жағынан;

2) азықты (ганайналымды) от – соңында блоктың диаметрлі жазықтығында.

732. Бұрғылау теңізінде зікірмен тұру кезінде ТМГҚ белгі оттары өзгеріссіз қалады.

733. ТМГҚ жоғарғы құрылысының сүйрелетін блогында мүмкіндігінше белгі шамдары қарастырылады.

734. ТМГҚ жоғарғы және төменгі құрылысында уақытша белгі шамдарын бекіту оларды құрастыру (бөлшектеу) ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.



3 - параграф. ТМГҚ құрастыру (бөлшектеу)
735. Егер де тұрғызылып жатқан немесе бөлшектеуге жататын ТМГҚ тұрақты оттар болмаса, онда олардың айналасынан қауіпсіздік аймағы құрылады, олар құрастыру (бөлшектеу) жұмыстары басталғанға дейін уақытша жүзетін ескерту белгілерімен қоршалады.

Жүзетін ескерту белгілері олардың жарығы кез келген бағыттан көрінетіндей, көріну ұзақтығы 5-10 миль, 15 с көп емес кезеңмен жарқылдары болатындай орнатылуы керек.

736. ТМГҚ қайта бөлшектеу бойынша жұмыстар жүргізу кезінде жүзетін ескерту белгісі түбінде кедергілердің жоқ екендігі туралы ескертетін, су асты тексерулерін жүргізгеннен кейін шешіледі.

Пайдаланылмайтын ТМГҚ толығымен алынады.

737. Түбін тексеру бойынша жұмыстар құрылыстар иелерімен орындалады.

738. Дыбыстық белгілерді орнатусыз ТМГҚ құрастыруға (бөлшектеуге) жол берілмейді.



4 - параграф. ТМГҚ пайдалану
739. ТМГҚ пайдалануда келесі белгі құралдары орнатылады:

1) кодты от – мұнараның жоғарғы бөлігінде, ал ол болмаған жағдайда ТМГҚ ең жоғарғы құрылысында;

2) қоршаушы от – ТМГҚ барлық биік құрылыстарында (мұнарада, діңгекте, кран жебесінде және сол сияқты);

3) көлемді от – біреуі мұнарада қоршаушы оттың астында тігінен, басқа төртеуі – платформа бұрыштары бойынша;

4) «айрықша ТМГҚ».

ТМГҚ кодты, қоршаушы және айрықша оттары кез келген бағыттан көрінеді.

740. Мұнарада қоршаушы от кодты отпен бір деңгейде орнатылады.

741. Егер де ТМГҚ-да бірнеше мұнара құрастырылатын болса, онда белгі оттары олардың біреуінде орнатылады.

742. Көп қабатты платформада көлемдік оттар төменгі және жоғарғы қабатта орнатылады.

743. Кодты және қоршаушы оттар астына оттары платформаға жарық сәулесін түсірмейтіндей мөлшерде көлденең қалқандар орнатылады.

744. ТМГҚ дыбыс беру құралдары ретінде қоңырау және әуе немесе электр сүзегі қолдануға жол беріледі.

745. Қоңырау кемелердің қарқынды қозғалысы жағынан платформа шетіне неғұрлым жақын орнатылады.

746. Тұман кезінде белгілерді ысқырумен (сүзекпен) беру үшін белгіні қолмен беру кезінде автоматты автоматты өшірумен белгі беру мүмкіндігін, уақыт бойынша белгілерді беруді реттеуді қамтамасыз ететін автоматтар қарастырылады.

747. Теңіз жүзушінің ТМГҚ жақындауы туралы ескерту үшін арналған жарық және дыбыс белгілері көрініс төмен болған кезде егер де персонал шығарылатын болса, оларды бақылаусыз жұмыс істейді. Апаттық көздердің қуаты навигациялық жабдықтың негізгі сипаттамаларын төмендетусіз 5 тәулік үзіліссіз жұмыс үшін жеткілікті.



5 - параграф. ТМГҚ жабу
748. ТМГҚ жабуда келесі белгі құралдары орнатылады:

1) «айрықша ТМГҚ» - арнайы діңгекте;

2) көлемдік от – платформаның төрт бұрышы бойынша.

749. Жабудағы ТМГҚ арнайы дыбыстық белгі құралымен қоршалады.




19 - бөлім. Байланыс құралдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет