4-тарау. Жарықтандыру
382. ТСҚ жұмыс орындарын жарықтандыру Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді.
383. Жарықтандыру желісі жеке трансформатордан жарықтандырылады. Жарық және күштік жүктемені бірге қоректендіруіге жол берілмейді.
384. Бұрғылау мұнарасын және бұрғылау ғимараттарын және цементтелген насостар ғимараттарын жарықтандыру шырақшамдары үздіксіз жарықтандыруды қамтамасыз етуге арналған екі енгізуден қоректендіріледі.
385. Өндірістік ғимараттар, жұмыс алаңдары, эвакуация жолдарының апаттық жарықтандыруы болады.
386. Жергілікті жарықтандыруды талап ететін жөндеу жұмыстарын жүргізуге болатын орындарда қол шырақ шамдары үшін кернеулігі 12 Вольт розеткалар қарастырылады.
Жарылыс зоналарының сыртында розеткалар орналастырылады.
12 Вольт желіні қоректендіру бөлек орамдардан жасалған трансформатордан іске асырылады.
387. ТСҚ қолды тасымалданатын аккумуляторлы шырақ шамдармен жабдықталады.
Жарылыс зоналарында жұмыс істеуге арналған шырақ шамдар осы Талаптың 408-тармағына талаптарға жауап береді.
5-тарау. Жерге қосу
388. Электр қондырғылары (соның ішінде бақылаудың электр приборлары, автоматика, жарықтандыру, және тағы басқа) орнатылған барлық конструктивті металл элементтердің қабаттың металлконструкциясымен мықты электр контактісі болады.
389. Электр қондырғысының корпусы жарылыс зоналарында орналасқан кернеулік шамасына қарамастан металл конструкцияларда жерге қосылған құрылғыларға байланыссыз көп тармақты иілгіш мыс сымдармен жерге қосылады. Бұл талаптар ұшқын қауіпсіз электр тізбегі» бар-жарылыстан қорғалатын түріндегі электр қондырғыларына таралмайды.
390. Жабық және ашық технологиялық қондырғылар, отындар мен өнеркәсіп ағындарына арналған өнімдерді (заттар) тасымалдау және шашырату кезінде электрстатикалық зарядтар пайда болуы мүмкін ТСҚ орнатылатын, ыдыстар жерге қосылады.
391. Жерге қосылатын сымдар бояудан тазартылған орындарда жерге қосу көзделген орындарда электрқондырғылар корпустарына қосылады. ТСҚ металл конструкцияларының электр қондырғылары корпусында сымдардың жабысу орнында жерге қосулардың металл конструкциядардың тотығуға қарсы жабылуы болады.
392. Болтты қосулардың дірілдеуден өздігінен бұралуына қарсы шаралар қабылданады.
6-тарау. Электр энергиясының апаттық көздері
393. ТСҚ тұрғын блок зонасында орналасқан апаттық көзі қарастырылады. Тәуелсіз дизель-генераторлар және аккумуляторлар осындай көздерге жатады.
394. Аккумуляторлық батареяны пайдалану кезінде оны зарядтау үшін ТСҚ зарядтау құрылғысы болады. Аккумуляторлық ғимараттарға және зарядты құрылғыларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 қаулысымен танылған Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімінің Жүзу бұрғылау қондырғылары мен теңіз стационарлық қабаттарын жабдықтау, салу және классификациялау ережесінің талаптары қолданылады.
395. Апаттық көздер қуаттылығы 18 сағат бойы бір уақытта келесі тұтынушыларды қоректендіру үшін жеткілікті:
1) құтқару құралдарын түсіруге және персоналды эвакуациялауға арналған құрылғылардың электр сымдары;
2) сигнализацияның электр жүйелері: жарылыс қауіпті парлар мен газдар концентрациясының артуы туралы; жарылыс қауіпті ғимараттардың желдеткіштер жүйесінің жарамсыздығы туралы; өртті анықтау және көлемді өрттерді сөндіру құралдарын түсіру туралы; ыдыстардағы сұйықтар деңгейі туралы; электр қондырғы мен ғимараттардағы артық қысымды ұстау жүйесінің жарамсыздықтары туралы;
3) апаттық жарықтандыру шырақ шамдары;
4) габаритті және басқа да арнайы фонарьлар;
5) өрт насостарының сымдары;
6) радиобайланыс құралдары.
396. Апаттық аккумуляторлық батарея 30 минут бойы келесі тұтынушылардың қоректендірілуін қамтамасыз етеді:
1) габаритті және басқа да арнайы фонарьлар;
2) радиобайланыс құралдары.
7-тарау. Басқару органдары және сигнализация жүйелері
397. Осы Талаптың «Өртке қарсы қорғаныс» бөлімінің талаптарына сәйкес белгіленген орталық апаттық басқару пульттарында жарылыс қауіпті булар мен газдар пайда болуынан жарылыс зоналары кеңеюі кезінде қауіптілік тудыратын электр энергиясының негізгі және апаттық көздерінен қоректендіру алатын осы Талаптың 396-тармағында көрсетілген қондырғылардан басқа барлық электр және электр қондырғыларын сөндіруге арналған басқару органдары қарастырылады.
398. Басқарудың орталық-апаттық пункттерінде орнатылады:
1) авральды сигнализацияның қолмен тұйықтаулары;
2) осы Талаптың 395-тармағында көрсетілген қондырғылар орналасқан барлық ғимараттар және кеңістіктермен телефонмен байланыс құралдары;
3) командалық байланыстың қатты сөйлейтін жүйесінің микрофондық посттары.
399. Басқарудың орталық постында жарық және акустикалық сигнализациясы құрылғылары орнатылады:
1) ғимараттарда өртті байқау;
2) концентрациялары артық жарылыс қауіпті газдар мен булардың пайда болуы;
3) ыдыстардағы (танкілердегі) төменгі және жоғарғы деңгейлерге қол жеткізу;
4) артық қысыммен жұмыс істейтін ғимараттар мен қондырғылардың желдету жүйесіндегі қысымның түсуі.
8-тарау. Электр қондырғыларын қоршаған орта
әсерінен қорғау
400. ТСҚ орналасу орнына байланысты электроқондырғы құрылғысының талаптарымен барлық электр қондырғылардың корпустарының қорғанысы болады.
Электр двигательдері, іске қосуды реттеуші және коммутациялық аппаратура, таратушы құрылғылар, жарықтандыру арматурасы және жабық ғимараттарда орналасқан басқа электр қондырғыларының JР23 төмен емес корпустарының қорғаныс орындаулары болады.
9-тарау. Жарылыс қауіпті зоналар
401. Жарылыс қауіпті зоналарға 5-кестеде көрсетілген ТСҚ ғимараттар мен кеңістіктер жатады.
5-кесте
№
р/н
|
Ғимараттар мен кеңістіктер
|
Жарылыс қауіптілік класстары
|
1
|
2
|
3
|
1.1.
|
Мұнай және мұнай газдары бар бұрғылау ерітіндісі үшін ашық технологиялық құрылғылар орналастырылған жабық ғимараттар
|
В-I
|
1.2.
|
В-Iа зонасы класына жатқызылуы мүмкін, бірақта газдарды тарату мүмкіндігі болмайтын шахталар, каналдар, лоткалар және тағы басқа осыған ұқсас құрылғылар
|
В-I
|
1.3.
|
Оңай жанатын сұйықтарды айдауға арналған жүк шлангілерін сақтайтын жабық ғимараттар
|
В-I
|
1.4.
|
Малярлық және фонарлық ғимараттар
|
В-I
|
2.1.
|
Жабық технологиялық құрылғылар, қондырғылар, аппараттар, трубақұбырлары, оңай жанатын сұйықтар, мұнай және жанатын газдар үшін сөндіретін және реттейтін құрылғылар орналастырылған жабық ғимараттар
|
В-Iа
|
2.2.
|
Ағынды сулардың насостарының жабық ғимараттары
|
В-Iа
|
3.1.
|
Жабық технологиялық құрылғылар, қондырғылар, аппараттар, трубақұбырлары, мұнай және мұнай газдары бар бұрғылау ерітінділер үшін сөндіретін құрылғылар бөлімшелері орналастырылған жабық ғимараттар
|
В-Iб
|
4.1.
|
Ашық технологиялық құрылғылар, қондырғылар, аппараттар, трубақұбырлары, мұнай және мұнай газдары бар бұрғылау ерітінділері және барлық жаққа бірдей 5 м қашықтықта шектелген оңай жанатын сұйықтар үшін сөндіретін құрылғылар бөлімшелері маңындағы ашық кеңістіктер
|
В-I
|
4.2.
|
Жабық технологиялық құрылғылар, қондырғылар, аппараттар, трубақұбырлары, мұнай және мұнай газдары бар бұрғылау ерітінділер, оңай жанатын сұйықтар және барлық жаққа бірдей 3 м қашықтықта шектелген үшін сөндіретін құрылғылар бөлімшелері маңындағы ашық кеңістіктер
|
В-Iг
|
4.3.
|
Технологиялық құрылғылар, қондырғылар, аппараттар, мұнай және мұнай газдары бар бұрғылау ерітінділер немесе оңай жанатын сұйықтар қоршаулар шегіндегі жартылай жабық қоршаулар
|
В-Iг
|
4.4.
|
Қоршаулар биіктігі 3 м кем емес қоршаулар шегінде бұрғылау жұмыс алаңының жартылай жабық кеңістігі
|
В-Iг
|
4.5.
|
Қоршаулар шегінде бұрғылаудың жұмыс алаңының төселімі астындағы жартылай жабық кеңістігі
|
В-Iг
|
4.6.
|
Мүмкін бугаз бөлулерінен барлық жаққа 3 м радиуста бұрғылаудың жұмыс алаңының төселімі астындағы ашық кеңістігі
|
В-Iг
|
4.7.
|
Қоршаулар шегіндегі фонтандық арматура орналасқан жартылай жабық кеңістік
|
В-Iг
|
4.8.
|
Оңай жанатын сұйықтарды айдауға арналған жүк шлангілерін сақтайтын жартылай жабық кеңістік
|
В-Iг
|
4.9.
|
Барлық жаққа бірдей 3 м қашықтыққа шектелген В-I және В-Iа ғимараттардан тартпа желдеткіштер саңылау маңындағы ашық кеңістіктер
|
В-Iг
|
4.10.
|
Барлық жаққа бірдей 1,5 м қашықтыққа шектелген В-I және В-Iа ғимараттардан кез келген саңылау маңындағы (ойықтар, терезелер, есіктер) ашық кеңістіктер
|
В-Iг
|
Бұл жағдайда:
1) егер цементтелген насостар жеке ғимаратта орналасса және олардың трубақұбыры жүйесі және арматуралары бұл насостардың бұрғылау ерітінділерінің циркуляциялық жүйесімен немесе мұнайы бар цистерналармен қосылуын қарастырмаса, онда мұндай ғимараттар жарылыс қауіпті болып табылмайды;
2) мұнай және мұнай газы бар бұрғылау ерітіндісіне немесе қосу фланецтері жоқ жылдам жанатын сұйықтарға арналған трубақұбыры учаскелері ғана салынған ғимараттар жарылыс өртті емес ғимараттарға жатады.
402. Есіктер, терезелер немесе кез келген басқа өтетін орындардың және басқа саңылаулардың болуына жол берілмейді:
1) жарылыс қауіпті немесе басқа ғимараттар;
2) В-I және В-Iа класстарының жарылыс қауіпті зоналарында.
403. Жарылыс қауіпті емес зоналардан жарылыс қауіпті зоналарға өтетін орындар мен саңылаулар орналастыру қажеттілігі кезінде бұл зоналар жарылыс қауіпті болып табылады және жарылыс қауіпті зоналар класына қатысты болады, келесі жағдайлардан басқа:
1) В-I класының жарылыс қауіпті зонасына тікелей шығатын жабық ғимарат төменде аталған талаптары орындалған жағдайда В-Iа класының жарылыс қауіпті зонасы ретінде қарастырылады:
өтетін орын В-Iа класының жарылыс қауіпті зонасына ашылатын газ өткізбейтін есікпен жабдықталған;
В-Iг класының жарылыс қауіпті зонасына қатысты артық қысым қамтамасыз етілетіндей болып ғимарат желдеткішпен жабдықталған;
желдеткіш жүйесіндегі жарамсыздықтар және ғимараттардағы ауа қысымының түсуі туралы хабарлайтын тұрақты вахталы басқару постына сигнализация қарастырылған;
2) В-Iа класының жарылыс қауіпті зонасына тікелей шығатын ғимарат жарылыс қауіпті емес зона ретінде қарастырылады, егер:
өтетін орын жарылыс қауіпті емес зонаға қарай ашылатын газ өткізбейтін өздігінен жабылатын есікпен жабдықталған;
жарылыс қауіпті зонаға қатысты артық қысым қамтамасыз етілетіндей болып ғимарат желдеткішпен жабдықталған;
желдеткіш жүйесіндегі жарамсыздықтар және ғимараттардағы ауа қысымының түсуі туралы хабарлайтын тұрақты вахталы басқару постына сигнализация қарастырылған;
3) В-I класының жарылыс қауіпті зонасына тікелей шығатын жабық ғимарат жарылыс қауіпті емес ретінде қарастырылады, егер:
өтетін орын ауа тамбурын қалыптастыратын газ өткізбейтін өздігінен жабылатын екі есікпен жабдықталған;
В-I класының жарылыс қауіпті зонасына қатысты артық қысым қамтамасыз етілетіндей болып ғимарат желдеткішпен жабдықталған;
бақыланатын ғимаратта артық қысымының болмауы туралы туралы хабарлайтын тұрақты вахталы басқару постына сигнализация қарастырылған.
10-тарау. Жарылыс қауіпті зонасына арналған
электр қондырғыларын таңдау
404. Технологиялық қондырғылар (ыдыстар, аппараттар, насостар, трубақұбырлары және тағы басқа ішкі көлемі) ішінде кез келген зақымдануларда жарылыс қауіпсіз» жарылыстан қорғаныс деңгейі бар «ұшқын қауіпсіз тізбек» түріндегі датчиктермен бақылау жүйесі және автоматика тізбектерінен басқа мұнай немесе мұнай немесе газы бар бұрғылау ерітіндісі бар электр қондырғыларды орнатуға жол берілмейді.
405. Теңіздің стационарлық қабатының жарылыс қауіпті аумақтарында орналастырылатын электрқондырғыларды таңдау электр қондырғысы құрылғысының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
406. Жылжымалы немесе жылжымалы және қолмен тасымалданатын электр қондырғыларының бөлігі болып табылатындар болып қабылданады:
1) жарылыстан қорғаныс деңгейі бар В-I және В-Iа класстары зоналарында жарылыс қауіптілігінен төмен емес;
2) В-Iб және В-Iг кластары зонасында жарылыстан қорғанудың кез келген деңгейімен.
407. Мұнарада орналастырылған (барлық фонарьлар бойынша) кез келген жарылыс қорғаныс деңгейлі жарылыстан қорғалған жарықшамдар.
408. Қоректендірудің өзіндік көзі 12 Вольттен төмен емес жарылыстан қорғаныс деңгейі бар барлық кластар зоналарында жарылыс қауіптілігінен төмен емес қолда ұсталатын жарықшамдар.
Тыс көздерден (трансформаторлар немесе аккумуляторлар) қоректендіру кезінде келесі талаптар орындалады:
1) қоректендіру көздері жарылыс қауіпті зоналардан тыс орналастырылады.
2) қоректендіруші кабельдер иілгіш, жарылыс қауіпті зоналарда жұмыс істеу кезіндегі талаптарға жауап береді.
11-тарау. Кабелдер
409. В-Iа, В-Iб және В-Iг кластарының жарылыс қауіпті зоналарда станционарлы орналастырылған электр қабылдауыштарды қоректендіру үшін механикалық және химиялық әсерлерден қорғалған кабельдерді ашық орналастыруға жол беріледі.
410. ТСҚ жылжымалы конструкцияларында (мұнара, кран және тағы басқа) орналасқан электр қабылдауыштарды қоректендіруге арналған кабельдер ТСҚ өзіне және жылжымалы конструкцияларда салынады. Көрсетішген стационарлы салынған кабельдер арасындағы қосылатын учаскелер минимальды қажетті ұзындықтағы иілгіш кабельдермен орындалады.
Қорапшалардың жарылыс қауіпті зоналарда орналасуы кезінде олар жарылыс қауіптілік класына сәйкес жарылыс қорғаныс деңгейлі жарылыстан қорғалған.
12-тарау. Найзағайдан қорғану және найзағай разрядтарының қайталамалы құбылыстарынан қорғау
411. ТСҚ найзағайдың тікелей соққыларынан қорғану найзағай тартқыш құрылғысы арқылы іске асырылады.
412. Оқпанды найзағай тартқыштың найзағай қабылдаушысы тот басудан қорғалған және 100 мм2 кем емес қимасы және 200 мм кем емес ұзындығы болады.
413. Мұнара және басқа металл конструкциялар ТСҚ металлконструкцияларымен 50 мм2 кем емес қимасы бар екі болат өткізгішпен дәнекерлеу арқылы қосылады.
414. ТСҚ металл конструкциялары ұңғыманың әрбір бағытымен 50 мм2 кем емес қимасы бар екі болат өткізгішпен дәнекерлеу арқылы қосылған.
415. Найзағай разрядтарының қайталамалы құбылыстарынан қорғану үшін ұзындығы 20 м артық емес және бір-бірінен 10 см және одан кем орналасқан металл трубалар, кабельдер қабықтары және тағы басқа металл ұстатқыштармен екі жерден кем емес дәнекерленген өзара қосылған.
13-тарау. Жарылыс қауіпті ғимараттарды желдету
416. Жарылыс қауіпті ғимараттарды желдету «Жылыту, желдету және кондиционирлеу», ҚР ҚН және Е 4.02-05-2001 талаптарына сәйкес келеді.
417. Тастау және ауатартқыш шахталардың өзара орналасуы санитарлық ережелер талаптарына орындалады және кері ауаның сорылуына жол берілмейді.
418. Ауа тарту құрылғылар жарылыс қауіпті зоналардан тыс орналастырылады және жарылыс қауіпті концентрациялардың 20 % НПВ жеткен кезде жүйенің автоматты қосылу құрылғысымен жабдықталған.
419. Жарылыс қауіпті газдар мен булардың кенеттен жедел бөліну мүмкін өндірістік ғимараттарда апаттық желдеткіш көзделген. Апаттық тартпа желдеткішін іске қосу газанализаторлар датчиктері әсерінен автоматты түрде көзделеді.
Апаттық желдеткішті дистанционды іске қосу көзделеді.
420. Жарылыс қауіпті ғимараттарда орналастырылатын желдеткіш агрегаттар жарылыстан қорғаныста орындалады.
421. Бірнеше жарылыс қауіпті ғимараттарды ортақ ауа құбырларымен біріктіруге жол берілмейді.
422. Ғимаратқа қызмет көрсететін қиылысқан желдеткіш құрылғылар автоматты жұмыс істейтін кері қалқаншалар орналастырыла отырып, жарылыс қауіпті зоналардан тыс орналасқан кезде қарапайын орындауда орындалады.
10-бөлім. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар
1-тарау. Жалпы талаптар
423. Тәулік бойы жұмыс істейтін ТСҚ персоналдың демалуына, тамақтануына және басқа қажеттіліктерге арналған тұрғын және қоғамдық ғимараттар салынады.
424. Тікұшақ алаңы бар тұрғын блогы қабаттан 50 м кем емес қашықтықта жеке блокта орналастырылады. Жобамен бекітілген кезде тұрғын блокты жақын ұңғыманың сағасынан 50 м кем емес қашықтықта орналастыруға жол беріледі. Бұл жағдайда тұрғын блогы мұнараның құлауынан және тұрғын блогы мен бұрғыланатын және пайдаланылатын ұңғымалар орналасқан орындар арасында су тарпасынан қорғау көзделеді.
425. ТСҚ жобалу кезінде ұңғымалардың орналасу орнына қатысты жел бағыты жағынан (жел бағытын ескере отырып) тұрғын және қоғамдық ғимараттардың орналасуы ескеріледі.
426. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар дем алатын персоналға шу әсерін төмендету үшін демалу ғимараттарының ТСҚ сырт жағына қарайтындай жарылыс қауіпті зонадан тыс орналастырылады.
2-тарау. Ғимараттар конструкциясы
1-параграф. Ғимараттар конструкциясына қойылатын
жалпы талаптар
427. Ғимараттардың барлық конструкциялары мен сырт қабырғалары болаттан жасалған.
428. Ғимараттар едендері, оқшаулау, қабырғаларды өңдеу және жөндеу жобада көрсетіледі.
429. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда шулар мен вибрациялар деңгейі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 7 шілдедегі № 329 бұйрығымен бекітілген Жүзетін бұрғылау құрылғыларының санитарлық ережелеріне сәйкес келеді. Шу деңгейі артық болған жағдайда шуды сіңіру жөніндегі шаралар жүргізіледі.
2-параграф. Траптар мен алаңдар
430. ТСҚ қабаттар арасындағы хабар алмасу үшін траптар мен өтпелі алаңдар орналастырылады.
431. Траптар, өтпелі алаңдар, тұтқалар конструкциялары өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Алаңдар арасындағы марштар 15 артық сатыдан тұрады.
432. Өтпелі алаңдардың төселімдері сырғанау мүмкіндігін болдырмайтын материалдардан жасалады.
3-параграф. Шығатын орындар, есіктер, терезелер
433. Шығатын орындар, есіктер, терезелердің орналасуы құтқару шлюпкалар, капсулалар және салдарға отырғызу орындарына ғимараттардан кедергісіз шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
434. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар блогының екіден кем емес шығатын орны болады.
435. Тұрғын және қоғамдық орындардағы шығатын орындар ені 0,9 м кем емес.
436. Жабуға арналған құрылғылар екі жақтан басқарылады.
437. Тұрғын ғимараттар есіктері ғимарат ішіне қарай, ал қоғамдық ғимараттар есіктері сыртқа немесе екі жаққа қарай ашылады.
438. Шығатын орындар мен эвакуациялау жолдарында жылжымалы есіктер орнатуға жол берілмейді.
439. Тұрғын ғимараттар есіктерінің 0,4 х 0,5 м мөлшеріндегі тақтайлары болады. Бұл тақтайшаларда «Апаттық шығатын орын-апаттық жағдайда ашылады» деген жазу болады.
440. Есіктер мен терезелер конструкциялары завод дайындаушы талаптарына сәйкес келеді. Су өткізбейтін немесе су газ өткізбейтін есіктер мен терезелер орнату қажеттілігі жобада қарастырылады.
3-тарау. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жабдықтау
441. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар жиһаздары мен қондырғыларының құрамы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 7 шілдедегі № 329 бұйрығымен бекітілген Жүзетін бұрғылау құрылғыларының санитарлық нормалары (әрі қарай-Санитарлық талаптар) және завод-дайындаушының нормативтік құжаттамасы негізінде қабылданады.
442. Каюталардағы орындар саны, палуба ауданы, биіктігі мен олардағы пайдалы кубатура экипажға арналған 1 санаттағы кемелерге арналған ғимарат ретінде Санитарлық ережелерге және 250 л.с қуаттылығы бойынша анықталады.
Бақылау тұлғасы және радиоператор үшін бір орындық тұрғын бөлмелер, ал жұмыскерлер және қосымша персонал үшін екі орындық және жобада қарастырылған жағдайда төрт орындық тұрғын бөлмелер қарастырылады.
443. ТСҚ жұмысшылар ауысымы 50 % және бақылау тұлғасының 100 % отырғызу орындарымен жабдықталған асхана көзделеді.
Палуба алаңы жетіспеген жағдайда демалу бөлмесі ретінде қолдануға болады. Бұл жағдайда асхананың пайдалы алаңы қосымша қондырғы мөлшерін ескере отырып, арттырылады.
444. Тұрғын блокта тыныш және шулы демалуға арналған жеке ғимарат қарастыруға болады.
Екі ғимараттағы отырғызу орындары ТСҚ болатын персонал санынан 25 % кем емес.
445. Қоғамдық ғимараттар темекі шегуге арналған орындармен жабдықталады.
1-параграф. Тамақтану блогы
446. Тамақтану блогының құрамы 6-кестеге сәйкес персонал санына қарау анықталады.
6-кесте
Ғимарат атауы
|
Платформа типі
|
А, В, С Д
|
Персонал саны
|
50 дейін
|
50-100
|
100 артық
|
50 дейін
|
50-100
|
100 артық
|
Ас үй
|
+
|
+
|
+
|
-
|
+
|
+
|
Тамақты ысытуға және қайнаған су дайындауға арналған қондырғы
|
-
|
-
|
-
|
+
|
-
|
-
|
Жеке наубайхана
|
|
-
|
+
|
-
|
-
|
-
|
Ас үйдегі наубайхана
|
-
|
+
|
-
|
-
|
-
|
+
|
Тандырда нан пісіру
|
+
|
-
|
-
|
-
|
+
|
-
|
Қойма
|
+
|
+
|
+
|
-
|
+
|
+
|
Ыдыс жуатын орын
|
|
|
|
|
|
|
Механизирлеген
|
-
|
+
|
+
|
-
|
+
|
+
|
Механизирленбеген
|
+
|
-
|
-
|
+
|
-
|
-
|
447. Ас үй, наубайхана, буфет, ыдыс жуу, қойманың орналасуы мен қондырғылары Санитарлық талаптарға сәйкес келеді.
448. Тамақ блогында азық-түлік сақтау үшін мұздатқыш агрегаттары бар жеке қоймалар қарастырылады. Азық-түлік қоймаларының сыйымдылығы нақты ТСҚ арналған барлық автономдылық мерзімінде персоналдың қалыпты тамақтануы үшін қажетті азық-түлік қорын сақтауды қамтамасыз етеді.
449. Қоймаларда сақталатын азық-түліктердің жалпы көлемі платформа персоналының санына және оның автономдылығына қатысты белгіленеді.
Бір адамға шаққандағы тәуліктік азық-түлік есебі Санитарлық талаптарға сәйкес қабылданады.
450. ТСҚ тағамдар мен тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін тығыз жабылатын контейнерлермен жабдықталған қоқыс жинау ғимараттары қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |