С – жүктің әр түрін тасымалдауға кететің шығындар жиынтығы.
2-кесте
Бастапқы мәліметтер
Автомобиль түрі |
Шиналарды жөндеуге және қалпына келтіруге қажетті шығындар нормативі,
1 км-ге кететін теңге
|
ТҚК және АЖ қажетті шығындар нормативі,
1 км-ге кететін теңге
|
ЖҚ-ның амортизациялық жарналарының нормативі, 1 км-ге кететін теңге
|
1 УАЗ-452Д
|
0,4
|
1,3
|
390*
|
2 ГАЗ-52-04
|
0,6
|
1,4
|
1,0
|
3 ГАЗ-53А
|
1,0
|
1,5
|
1,8
|
4 ЗИЛ-130-80
|
0,9
|
1,7
|
1,2
|
5 ЗИЛ-131
|
0,9
|
2,5
|
2,0
|
6 ЗИЛ-133Г2
|
0,7
|
2,3
|
2,0
|
7 УРАЛ-377Н
|
2,4
|
2,4
|
2,3
|
8 КаМАЗ-5320
|
1,5
|
3,0
|
4,4
|
9 МАЗ-5335
|
1,5
|
2,2
|
2,2
|
10 КрАЗ-257Б1
|
1,52
|
2,9
|
3,5
|
11 ЗИЛ-130В1 с ОдАЗ-885
|
1,9
|
2,9
|
1,6
|
12 КаМАЗ-5410 с ОдАЗ-9370
|
2,63
|
3,74
|
5,8
|
13 ЗИЛ-130-80 с ГКБ-8350
|
2,0
|
1,7
|
2,6
|
14 МАЗ-5335 с МАЗ-8926
|
2,3
|
2,2
|
3,5
|
15 ГАЗ-САЗ-53Б
|
1,0
|
1,6
|
1,4
|
16 ЗИЛ-ММЗ-55
|
0,9
|
2,1
|
1,5
|
17 КаМАЗ-5511
|
1,5
|
3,54
|
5,6
|
18 МАЗ-5549
|
1,5
|
2,43
|
2,5
|
19 КрАЗ-256Б1
|
1,52
|
2,9
|
3,6
|
20 ЗИЛ-ММЗ-554М с ГКБ-819
|
1,5
|
2,1
|
2,4
|
21 УАЗ-451М
|
0,4
|
1,22
|
343*
|
22 КрАЗ-7628
|
0,33
|
1,4
|
343*
|
23 ГЗСА-891
|
0,6
|
1,71
|
0,8
|
24 ГЗСА-3702
|
0,6
|
1,71
|
1,1
|
25 ГЗСА-950
|
0,6
|
1,71
|
0,8
|
26 ГЗСА-893А
|
0,6
|
1,71
|
0,8
|
27 ГЗСА-3714
|
0,7
|
1,71
|
2,1
|
28 МАЗ-5429 с МАЗ-93801
|
24
|
3,0
|
3,1
|
* Жүк көтергіштігі 2 т автомобильдер үшін шығындар нормативі баланстық құны бойынша пайызбен есептелінеді
Егер тиімділік деңгейі теріс таңбалы болса, онда рұқсат етілген шектеуге сай келетін оң таңбалы тиімділікті алу үшін қорларды іздестіру (тарифті белгілі бір пайызға өсіру арқылы немесе шығынның кейбір түрлерін белгілі бір пайызға кеміту) қажет, немесе жүктің осы түрін тасымалдауға тапсырушыға келісім бермеу қажет.
Жүктің әр түрін тасымалдауға кететін шығындар құрылымы келесі түрде беріледі (3-кесте).
Кесте 3 - Жүктің әр түрін тасымалдауға кететін шығындар құрылымы
Шығындар атауы
|
Жүктің түрі
|
|
|
|
мың
теңге
|
%
|
мың теңге
|
%
|
мың теңге
|
%
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
|
100,0
|
|
100,0
|
|
100,0
|
2.6 Сапар парағына арналған мәліметтерді есептеу. Сапар парағын толтыру және өңдеу
Жүк автомобилінің сапар парағы алғашқы есепке алудың негізгі құжаты болып табылады. Ол тауарлық жүктерді тасымалдаған кезде тауарлық-көліктік жолқұжатымен бірге жүргізушінің және жылжымалы құрамның жұмысын есептейтін көрсеткіштерді анықтауға, сонымен қатар жүргізушілерге еңбекақы тағайындауға және жүктерді тасымалдаған үшін есептесулерді жүзеге асыру үшін қажет. Сапар парағы жүргізушінің бір күнгі жұмысын есептеуге қажет негізгі құжат. Сапар парағы қатаң санақтағы құжат болып табылады. Сапар парағынсыз жүргізуші жолға шықпауы тиіс. № 4 форма (келісімді) автомобильдің жұмысын келісімді баға бойынша төлеу шартына сәйкес жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қолданылады.
Студент жүктің 3 түрі бойынша толтырылған сапар парағын қосымшада көрсетуі керек.
Сапар парағында келесі мәліметтер көрсетіледі: жүріс саны, маршруттағы уақыты, жалпы жүріп өткен жолы, нөлдік жүріс жолы және т.б. Төменде сапар парағын есептеуге қажет формулалар көрсетілген.
Нөлдік жүріс жолына кеткен уақыт:
, сағ. (8)
мұндағы - нөлдік жүріс жолының ұзындығы, км;
- автомобильдің техникалық жылдамдығы, км/сағ.
Бір баруға кеткен уақыт:
, сағ. (9)
мұндағы - бару жолының ұзындығы, км.
Бару уақыты:
, сағ. (10)
мұндағы - бару кезіндегі қозғалыстағы уақыт, сағ.;
- бір бару кезіндегі кезіндегі тиеу-түсіру уақыты, сағ.;
Бір күндегі бару саны:
(11)
мұндағы - бір күндегі бару саны;
- маршруттағы уақыт, сағ.
Автомобильдің бір күндегі жүріп өткен жолы.
Жүкпен жүріп өткен жол:
, км (12)
мұндағы - маршрут ұзындығы, км.
Бір күндегі жүксіз жүріп өткен жол.
Автомобиль соңғы бару кезінде жүксіз кері қарай жол жүрмей (жүксіз жүріс жолдарын қысқарту мақсатында) бірден АКМ-не баратындықтан, жүксіз жүріс жолы тең болады:
, км (13)
мұндағы - бір бару кезіндегі бос жүрілген жол, км.
Бір күндегі нөлдік жүріс жолының жалпы:
, км (14)
мұндағы - бір күндегі нөлдік жүріс жолдары, км.
Маршруттағы бір күндегі жүріп өтілген жол:
, км (15)
Бір күндегі жалпы жүріп өткен жолға маршруттағы жүріп өтілген жол мен нөлдік жүріс жолы кіреді:
, км (16)
Бір күнде тасымалданған жүк көлемі:
, т (17)
мұндағы - бір бару кезіндегі нақты тасымалданған жүк көлемі, т.
Жүк айналымы:
, ткм (18)
Бір күндегі жағармайдың нормативтік шығыны:
, л (19)
Жоғарыда көрсетілген формулалар (8 -19) арқылы жүктің әр түрін тасымалдауға қажет сапар парағын есептеу қажет.
Сапар парағын жүргізушіге бергенше дейін толтыруды ұйымның диспетчері немесе соған уәкілетті тұлға жүзеге асырады. Қалған мәліметтерді автокөлікке ие мекеме жұмысшылары немесе тапсырушылар енгізеді.
№ 4-с және № 4-п формасы бойынша сапар парағын, соған уәкілеттенген тұлға жүргізушіге, одан қолхат алып, жүргізуші өткен күннің сапар парағын қайтарып бергеннен кейін ғана, тек бір жұмыс күніне (ауысымаға) береді.
Толтыру келесі тәртіп бойынша жүргізіледі:
1. Құжаттың атауының астында оның берілген уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіледі. Ол берілген сапар парағының журналда тіркелген уақытымен сәйкес келуі керек.
2. «Жұмыс тәртібі» жолында жұмыс тәртібіне сәйкес келетін код жазылады (еңбек күндеріндегі жұмысы, іс-сапар, жұмыс уақытының жиынтық есебі, жұмыс уақытының күнделікті есебі, демалыс немесе мейрам күндеріндегі жұмыс, кестеге сәйкес немесе кестеден тыс жұмыс және т.с.с.), соған сәйкес жүргізушіге еңбек ақы есептелінеді.
3. «Колонна», «Бригада» жолдарында автомобиль және жүргізуші кіретін колоннаның және бригаданың нөмірі жазылады
4. Автокөлікке байланысты жолдарда автомобильдің маркасын мемлекеттік нөмірін, сонымен қатар гараждық нөмірін жазады.
5. Жүргізушіге қатысты жолдарда, осы сапар парағы бойынша жұмыс істеп жүрген жүргізушінің фамилиясы, инициалдары, көліктік мекемеде берілген табельдік нөмірі, куәлігінің нөмірі және оның класы көрсетіледі.
6. Лицензиялық карточкаға байланысты жодарда оның түрі туралы (стандартты, шектеулі), тіркеу нөмірі және сериясы туралы мәліметтер көрсетіледі.
7. «Тіркемелер» жолында автомобильмен бірге жолға шыққан тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің маркасын мемлекеттік нөмірін және гараждық нөмірін жазады. Ауыспалы тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің нөмірлері оларды ауыстырп тіркеу орындарында жазылады.
8. «Алып жүруші тұлғалар» жолында тапсырманы орындау үшін автомобильде бірге жүрген тұлғалардың (жүкшілер, экспедиторлар және т.б.) фамилиялары және инициалдары жазылады.
9. «Автомобиль және жүргізушінің жұмыстары» бөлімінде автомобильдің кесте бойынша кету келуі туралы мағлұматтар көрсетіледі.
10. «Жүргізушіге тапсырма» бөлімінің в «Кімнің қарамағына» атты 18-графасынада тапсырыс қағазының немесе тапсырушының бір реттік тапсырысы негізінде, тапсырманы орындау үшін автомобиль қол астына баратын тапсырушының аты жазылады. «Келу уақыты» атты 19-графада автомобильдің тапсырыс қағазына, бір реттік тапсырсқа немесе келісім-шартқа сәйкес кестеге байланысты тапсырушыға келу уақыты жазылады. 20 және 21-графаларда (тиеп-түсіру пункттерінің адрестері) тапсырыс қағазына, бір реттік тапсырсқа немесе келісім-шартқа сәйкес жүкті қай жеоден алып және оны қай жерге апару керек екендігі көрсетіледі. «Жүктің атауы» атты 22-графада тапсырыс қағазы, бір реттік тапсырыс негізінде тасымалдауға берілген жүктің атауы жазылады. «Жүкпен бару саны» атты 23-графада тапсырыс қағазы немесе бір реттік тапсырыс негізінде жүкті тасымалдау тапсырмасын орындауға қажет жүкпен бару саны көрсетіледі. «Арақашықтық» атты 24-графада жол органдарының немесе ауданның картасы (қаланың жоспары) бойынша курвиметр арқылы, немесе автокөлік мекемесінің және тапсырушының актісімен бекітілген автомобиль спидометрінің көрсетулері мен өлшеу актілерінің негізінде жасалған арақашықтықтар тізімі көмегімен анықталған тасымалдау арақашықтықтары жазылады. «Тоннаны тасымалдау» атты 24-графада тапсырушыға тасымалдап беру керек жүктің мөлшері жазылады.
«Жүргізушіге тапсырма» бөлімінде көрсетілген тапсырманы өзгерту құқығы тек автокөлік ұйымында ғана бар. Тек ерекше жағдайларда ғана, тапсырушы автокөлік ұйымының келісімімен тапсырманы өзгерте алады.
11. Сапар парағының бет жағында «Жанармай беру» жолында тапсырманы орындауға қажетті, өткен жұмыс күнінен қалған жанармайды есепке ала отырып, жанармайдың мөлшері сөзбен жазылып көрсетіледі.
«Диспетчердің қолтаңбасы» жолында диспетчер өзінің қолын қойып сапар парағындағы реквизиттердің дұрыс толтырылғандығын және жүргізушінің жүргізуші куәлігі бар екендігін растайды.
Гараждан шыққанға дейін сапар парағын толтыру реті төмендегідіей:
1. «Жанармай қозғалысы» бөлімінде 9,10, 11 графаларда және сәйкес жолдарда жанармай құюшы, жанар-жағармай бойынша техник немесе соған уәкілетті тұлға берілген жанармайдың мөлшерін жазады.
2. Сыртқы бетіне көліктік ұйыммен уәкілеттенген тұлға рейс алдындағы медициналық тексеру жүргізіп, өзінің қолын қою арқылы жүргізушілердің денсаулығының жақсы екендігін және олардың автомобильді басқаруға жіберілетінін растайды.
3. «Жүргізушінің және автомобильдің жұмысы» бөлімінде «Спидометр көрсеткіші» атты 5-графаға қадағалап-шығару пунктінің немесе техникалық қадағалау бөлімінің механигі автомобильдің жолға шығар алдындағы спидометрінің көрсеткішін жазады, ал «Нақты уақыт» атты 6-графаға штамп-сағатпен автомобильдің гараждан шыққан уақыты соғылады. Штамп-сағат бұзылса немесе мүлде жоқ болса уақытты қолмен келесі тәртіп бойынша жазады: күн, ай, сағат, минут.
4. «Жанармай қозғалысы» бөлімінде «Шығар кездегі қалдық» атты 12-графада қадағалап-шығару пунктінің немесе техникалық қадағалау бөлімінің механигі автомобиль жолға шығарда багінің ішінде қалған жанармайдың мөлшерін жазып және осы графада жазылған жазулардың дұрыс екендігін қолын қойып растайды.
5. Автомобильдің техникалық ақаусыздығына арналған жолдарда қадағалап-шығару пунктінің немесе техникалық қадағалау бөлімінің механигі, автомобильдің жүргізушіге техникалық жағынан ақаусыз жағдайда берілгенін және гараждан шығуына рұқсатын қол қою арқылы негіздейді. Автомобильді қабылдап алған жүргізушіні анықтайтын жолдарда, жүргізуші автомобильді қабылдап алған кезде техникалық жағдайы дұрыс болғанын және жұмыс тапсырмасын алғанын қолын қойып растайды.
Жолда сапар парағын толтыру келесі тәртіппен толтырылады:
1. № 4-с формасының «Тапсырманы орындау реті» бөлімінде:
1.1. 27- графада жасалған жүрістердің нөмірін ретімен жазып отырады. Бұл жазбалар тауарлық-көліктік құжаттарды жүрістер бойынша бөліп тіркеп жазуға қажет.
1.2. «Қосымша салынған жүк-көліктік құжаттар нөмірлері» атты 36-38 графаларда жүк жіберуші осы жүріске қатысты тауарлық-көліктік құжаттардың барлық нөмірлерін жазады.
1.3. «Келу» атты 28-30 графаларда жүргізушінің жүк жіберушіге немесе жүк қабылдаушыға кіру қақпасының алдында немесе қадағалау-кіргізу пунктінде, немесе тиеу және түсіру пункттерінің қадағалау-кіргізу пунктінде сапар парағын көрсеткен уақыты қойылады. Егер кіргізу қақпасы немесе қадағалау-кіргізу пункті жоқ болса, онда бұл жол толтырылмайды, ал тиеу және түсіру пункттеріне келу уақыты тауарлық-көліктік құжатқа қойылады.
1.4. 39 және 40 графаларда жүк жіберуші мен жүк қабылдаушының аты жазылады және сапар парағында оның көрсеткен реквизиттерінің дұрыс екенін куәләндіріп қолын қойып, мөрін басады
2. «Жол бойында тоқтап қалу» бөлімінде техникалық көмек қызметінің жұмысшысы немесе соған уәкілетті тұлға сәйкес графаларда тоқтаудың себебін, күнін, басталу және біту уақытын жазып, осы жазуларды өзінің қолын қойып растайды.
3. Бет жағындағы «Ерекше белгілеулер» жолында сапар парағының формасында көрсетілмеген мәліметтер жазылады (Жол полициясының, әртүрлі жол қызметтерінің жазбалары және т.с.с.).
Автомобиль гаражға қайтып келгеннен кейін сапар парағын толтыру келесі тәртіп бойынша жүргізіледі:
1. «Автомобиль және тіркемелердің жұмысының нәтижелері» бөлімінде жанармайдың шығыны, нарядтағы уақыт, жүрістер мен келулердің саны, жүрілген жол (спидометрге сәйкес), тасымалдау көлемі көрсетіледі.
2. «Жанармай қозғалысы» бөлімінде қадағалап-шығару пунктінің немесе техникалық қадағалау бөлімінің механигі «Қайтып келген кездегі қалдық» атты 13-графаны толтырып, сол жерге қолын қояды. Осы бөлімде жанармай құюшы, жанар-жағармай бойынша техник немесе соған уәкілетті тұлға, егер жүргізуші жанар-жағармайды өткізсе «Тапсырылды» атты 14-графаны толтырады және қолын қояды.
4. «Тапсырған жүргізуші» жолында жүргізуші автомобильді қадағалап-шығару пунктінің немесе техникалық қадағалау бөлімінің механигіне техникалық жағдайы ақаусыз (ақаулы) күйінде өткізгенін қолын қойып растайды. қадағалап-шығару пунктінің немесе техникалық қадағалау бөлімінің механигі «Қабылдап алды» жолында жүргізушіден автомобильді техникалық жағдайы ақаусыз (ақаулы) күйінде қабылдап алғанын растап қолын қояды.
Жүргізуші сапар парағын тапсырғаннан кейін диспетчер немесе басқа уәкілетті тұлға сапар парағын келесі тәртіппен толтырады:
1. «Автоморбильдің және жүргізушінің жұмысы» бөлімінде «Нөлдік жүріс» атты графада арақашықтықтар кестесі бойынша диспетчер гараждан бастап бірінші тиеу пунктіне дейінгі және соңғы түсіру пунктінен гаражға дейінгі арақашықтықтарды жазады.
2. «Жанармай қозғалысы» бөлімінде «Норманың өзгеру коэффициенті» атты 15-графада автомобильдің жағармай шығынының жоғары нормасы бойынша жұмыс істеуімен байланысты болатын, жанармай шығынының нормасының өзгеру коэффициентінің бүкіл жұмыс күніне ортақ бір мәнін жазады. «Арнай жабдықтардың жұмыс істеу уақыты» атты 16-графада және «Қозғалтқыштың жұмыс істеу уақыты» атты 17-графада ТТҚ-ның сапар парағындағы жазбалардың негізінде арнайы жабдықтардың жұмыс істеу уақыты және қозғалтқыштың айрықша пайдалану жағдайларында жұмыс істеген қосымша уақыты (қозғалтқыштың тиеу-түсіру механизмдерін айналдыру жұмысы және т.т.с.) жазылады. Бұл реквизиттер жанармай шығынының қосымша нормасын анықтау үшін қажет. Бұл реквизиттердің дұрыс толтырылғанын диспетчер тиісті графаларға қолын қойып растайды.
3. «Тапсырманы орындау реті» бөлімінде диспетчер 27-графада барлық жүрістердің санын («барлығы» ұяшығы), ал «ТКҚ саны» жолында барлық өткізілген тауарлық-көліктік құжаттардың санын жазады. Барлық өткізілген және қабылданған тауарлық-көліктік құжаттардың жалпы саны үшін жүргізуші «Жүргізуші өткізді» жолына, ал диспетчер «Диспетчер қабылдады» жолына қолтаңбасын қояды.
№ 4-п формалы сапар парағын толтыру келесі ерекшеліктермен сипатталынады:
1. «Жүргізушіге тапсырма» бөлімінде «Кімнің қарамағына» атты 18-графада тапсырманы орындау үшін автомобиль қарамағына баратын тапсырушының тапсырыс қағазының немесе бір реттік тапсырысының негізінде оның атауы және мекен-жайы жазылдаы. 19 және 20 графаларда келу және кетудің жоспарланған уақыты, ал 21-графада жұмыс сағаттарының жоспарланған саны, 22-графада жоспар бойынша жүріс саны жазылады.
2. Автомекеменің көліктік қызметі үшін ақы төлуді талап етуіне негіз болатын және оған тіркелетін, тапсырушының жыртылмалы талоны тапсыршымен толтырылады. Онда тапсырушы:
2.1. Жүргізуші тапсырған сапар парағының негізінде тиісті жолдарға сапар парағының берілген күнін және нөмірін, жүк тасымалдаған жылжымалы құрамға ие автомекеменің атауын, келген автомобильдер мен тіркемелердің маркалары мен мемлекеттік нөмірлерін жазады.
2.2. «Тапсырушы» жолында автомобильді пайдалануға жауапты ұйымның атауын, лауазымды тұлғаның фамилиясы мен инициалдарын жазады.
2.3. «Келу...» және «Кету..» жолдарында автомобильдің келу және тапсырушыдан кету уақыты көрсетіледі.
2.4. «Қосымша ТКҚ» жолында бір данасы сапар парағына тіркелген ТТҚ –ның нөмірлерін жазып және олардың жалпы санын көрсетеді.
2.5. «Бару саны» жолында жалпы орындалған барулардың саны жазылады.
2.6. «Тапсырушының қолтаңбасы және мөрі» жолында сапар парағының сәйкес жолдарындағы реквизиттердің дұрыс толтырылғанын растап қолын қояды және штампын басады.
Сапар парақтарының дұрыс толтырылуына ұйымның басшылары, сонымен қатар жүк автомобильдерін пайдалануға жауапты және құжатты толтыруға қатысатын тұлғалар жауапкершілікте болады.
Оларды бір уақытта тексеруге мүмкіндік беру үшін сапар парақтары ұйымның тауарлық-көліктік құжаттарымен бірге сақталынады.
2.7 Жүктерді тасымалдауға келісім-шарттың жобасын жасау
Тасымадаулардың бекітілген жоспарына сәйкес автокөлік мекемесі жүк жіберушімен және жүк алушымен жүктерді автокөлікпен тасымалдау туралы келісім-шартқа отырады.
Жылдық келісім-шарт бойынша автокөлік мекемесі белгіленген уақыттарда жүктерді тиісті көлемде қабылдап алуға, ал жүк жіберуші жүктерді табыстауға міндеттенеді.
Жүктерді аво көлікпен тасымалдауға жылдық келісім-шартта белгіленеді:
- бекітілген номенклатураға сәйкес тасымалдау көлемі
- уақыт бойынша тарифпен төленетін жұмыстардың көлемі
- жүк айналымы
- тиеу-түсіру пункттерінің жұмыс істеу тәртібі
- жүктердің сақталуын қамтамасыз ету
- тиеу-түсіру белгілі бір уақыттарда атқару
- қозғалыс маршруттары және жүк ағындарының сұлбалары
- міндеттерді орындамағанда немесе қажетті деңгейде орындамағаны үшін өзара мүліктік жауапкершілік
Жүктерді автокөлікпен тасымалдаудың жылдық келісім-шартына және жүк жіберушілердің тапсырыстарына сәйкес, автокөлік мекемесі тоннамен көрсетілген жалпы көлемді айларға бөліп, тасымалдаудың кварталдық жоспарын жасайды. Бұл жосапарда жіберу және жеткізу пункттері, сонымен қатар орташа тасымалдау арақашықтығы бойынша анықталған есептуелі жүк айналымы көрсетіледі.
Практикалық жұмыстың қортындысында мүмкін болатын шектеулерге сәйкес рентабельдік деңгейі бар жүктерді тасымалдауға жылдық келісім-шарттың жобасы жасалады. Барлық жүктерге бір келісім-шарт жасалады.
3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ РЕСІМДЕУ
3.1 Практикалық жұмыстың құрамы
Практикалық жұмыстың құрамы:
- титулдық бет;
- мазмұны;
- кіріспе;
- практикалық жұмысқа тапсырма;
- негізгі бөлім (2.1 - 2.7 - тараулар)
- қорытынды;
- әдебиеттер тізімі;
- қосымша.
3.1.1 Кіріспеде практикалық жұмыс тақырыбының маңыздылығы негізделеді, оның мақсаты тұжырымдалады, жалпы тасымалдау үрдісін орындау барысындағы көліктік-экспедициялық қызмет көрсетудің рөлі және жұмысты орындау ерекшеліктері көретіледі.
3.1.2 Негізгі бөлім (2-10 тараулар) әдістемелік нұсқауларға сәйкес орындалады.
3.1.3 Қорытындыда жасалған жұмыстың нәтижесі көрсетіледі, таңдап алынған қозғалыс құрамы түрінің тиімділігіне баға беріледі және әр тасымалдауың күтулі табысы мен тиімділігі көрсетіледі.
3.1.4 Пайдаланылған деректердің тізіміне, түсініктеме хаттың текстінде сілтемелер көрсетілген монографиялар, статьялар, оқыту құралдары, анықтамалық материалдар кіру керек. Осы тараудың рәсімдеу мысалы ретінде осы әдістемелік нұсқауларды айтуға болады.
Практикалық жұмыстың есептеу бөлімін – негізгі бөлімді (2 – 10 - тараулар) орындау мысалы А Қосымшасында көрсетілген. Әдістемелік нұсқаулардың көлемін азайту мақсатында келтірілген мысал теориялық материалдарсыз және кіріспесіз берілген. Студенттер барлық теориялық материалдарды формулаларымен көрсетулері қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Автотранспорт: Регистрация. Лицензирование. Правила перевозки грузов - М., ИНФРА, 1998
2. НИИАТ. Краткий автомобильный справочник. – М – Дрансконсал тинг,1994
3. СНиП 2.05.07-85* Промышленный транспорт - М - ЦНТП Госстроя СССР, 1990
4. Голованенко Л.С. Справочник инженера-экономиста - М., Транспорт, 1986
5. Плужников К.И. Транспортное экспедирование – М. Рос-Консульт.,1999
6. Миротин Л.Б. Основные требования к перевозке грузов, М.Транспорт,1994
7. Организация и планирование грузовых автомобильных перевозок (под ред. Л.А. Александрова) – М.: Высшая школа. 1986
8. Правила перевозок грузов автомобильным транспортом – М.: Транспорт, 1979
9. Прейскурант № 13-01-05. Тарифы на перевозку грузов автомобильным транспортом. – Алма-Ата, 1989
10. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.
11. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңы.
Қосымша А
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІН ОРЫНДАУ МЫСАЛЫ
Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым министрлігі
Д. Серікбаев атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Көлік және логистика» кафедрасы
«Жүкпен жұмыс жасау және коммерциялық жұмыстар негiзi» пәнінің практикалық жұмыстарын арналған
ТАПСЫРМА
Достарыңызбен бөлісу: |