Alikhan Bokeikhan University
Гуманитарлық факультет
ОСӨЖ №1
Тақырыбы:Қазақтардың этногенезі және этникалық тарихы
Тексерген:Бакытжанова А.Б.
Орындаған:Буданова А.Т.
Тобы:ОВИ-201
Семей 2023 жыл
Мақсаты:. Қазақ халқының қалыптасуындағы негізгі компоненттерді және қалыптасудың кезеңдерін көрсету
Негізгі сұрақтар:
Қазақ халқының құрылуының этникалық, саяси, мәдени-тарихи алғышарттары.
Тарихи – этнографиялық әдебиеттерде Қазақ этнонимінің шығу тегі мәселесі.
Қазақ этносының табиғи – географиялық ерекшелігі.
Жоспар:
Кіріспе
1. Қазақ халқының этногенезі
2. Қазақ халқының этникалық тарихының қалыптасу эволюциясы
3. «Қазақ» сөзінің шығу тарихы
4. Қазақ халқының табиғи-географиялық ерекшелігі
5.Қазақтардың ұлттық ерекшеліктері
6.Ұлттық салт дәстүрі мен,әдет ғұрып
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер:
К.Б. Ахметжанова Н.Б. Игисинова ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ- ҚАЗАҚ ЭТНОСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ӨЗЕГІ (ОҚУ ҚҰРАЛЫ) ӨСКЕМЕН 2016
Уәлиханов Ш. Этнография // Үш томдық таңдамалы шығармалары. - Алматы, 1985. Т.1. 154 155 66
Интернет ресурстары:
https://kznews.kz/bilim/qazaq-halqynyn-jetnogenezi-qazaq-halqynyn-qalyptasuy-tarih-qazaqsha-referattar-qazaqsha-testter-men-shporlar/
https://azan.kz/kz/maqalat/read/adet-guryip-11898
https://e-history.kz/kz/seo-materials/show/30165
Кіріспе
Әр халықтың сан ғасырларға созылған ұрпақ тәрбиесінде өзіндік рухани тарихы, тағлымы, ой-пікірі, қорытынды түйіні болады. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті, ұлттық өнегесі ғасырлар қойнауынан бастау алады, осыған орай бүгінгі таңда мәдениеттің тарихи қозғалысын, заңдылық, ерекшеліктерін, жаһандық мәселелерін танып білудің маңызы артып отыр. Күн санап халқымыздың ұлттық құндылықтарына, олардың қайнар бастауларын тануға деген ықылас өсіп келеді.Қазақтардың тамыры терең жайылған,тарихы бай.Оны тану ,оқып білу әр қазақ баласы үшін маңызды болу қажет.
Тақырыптың өзектілігі, біздің алға қойған мақсат- мүддемізбен де осы мәдени құндылықтарды танып білуге деген іс әрекетімізбен де сәйкес келіп тұр. «Өткеннің тәжірибесін тал бойына дарытқан, озық өнегелі дәстүрсіз, ұрпақтар сабақтастығынсыз тарихи болмысты елестету мүмкін емес».
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрып дәстүрлерінің ғасырлар сынынан еленіп, бүгінгі таңға дейін жетуі оның жетілуі оның өміршеңдігін, мәдениеттегі өзіндік орнын қажеттілігін айқындап тұр. Ендігі жерде осы мұралардың құндылығын арттыру, дәстүр сабақтастығын жалғастыру, ғаламдық мәселелерді шешу оған дәнекер болу әрбір ұлттық мәдениетке көзінің қарашығындай қамқорлық жасар зиялы қауымның борышы мен парызы. Қазақ ұлттық мәдени дәстүрлері оның этностық ерекшелігі, ұлттық қарым-қатынастары мен өзіндік негізгі ойын, халықтың салт- дәстүрімен бітім болымысымен біте қайнасып келе жатқан әсіресе қазақтың рухани болмысы мен мәдени талғампаздығын танытатын ерекше бір құбылыс.Әр қашанда еліміздің тұғыры биік,тарихы терең,өшпес болсақ дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |