17. «Экспресс- әдісімен зәрдегі нәруызды анықтау»
Мақсаты: Кеш гестоздарды ерте диагностикалау.
Керекті құрал – жабдықтар: кеме (судно), стерилді құты, таған түтіктерімен, шиша, 30% сульфосалицил ерітіндісі немесе 3-5 % сірке суы, пипетка, спиртті жанарғы.
Іс – әрекет алгоритмі:
1. Жүкті әйелге бұл зерттеудің қажеттілігін түсіндіріңіз
2. Жүкті әйелге зәрін стерильді құтыға жинауын өтініңіз.
3. Түтікке зәрдің 4-5 мл құйыңыз.
4. Сынаманы сульфосалицил қышқылымен жасаңыз.
30% сульфосалицил қышқылының 6-10 тамшысын зәрі бар түтікте араластырыңыз. Зәрде нәруыз болғанда зәрдің түсі лайланады немесе тұнба пайда болады.
5. Сынаманы сірке қышқылымен жүргізіңіз:
Түтікке 6-10 тамшы зәрді құйып оны спиртті жанарғымен қайнатыңыз, нәруызы болған зәрдің түсі өзгереді. Түсі өзгерген зәрге 3-5% сірке суы қышқылының бірнеше тамшысын тамызыңыз. Егер тұнба қыртысы жоғалып кетсе –онда сынама теріс болғаны.
18. «Эклапсиядағы акушерканың (мейіргердің)іс-әрекеті»
Мақсаты: Жедел көмек көрсету.
Қажетті құрал-жабдықтар: ауызкергіш; тілұстағыш; ауа жібергіш; бетперде мен Амбу қапшығы, электросорғыш, оттегі, тонометр, фонендоскоп, секундомер, термометр, көк тамырға салатын катетерлер № 16-18, 25% магний сульфатының ерітіндісі, физиологиялық ерітінді, зәрдің резінке катеторы, корнцангтер, мақта және дәкелік шариктер, дәкелік тығындар.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Бос персоналдың мобилизациясын жасаңыз (шақыру) акушер – гинекологты; анестезиологты; лаборантты;
2.Әйелдің жағдайын бағалаңыз: артериялық қан қысымын; тамыр соғысын; дене қызуын; тері жабындығын; дем алуының жиілігін;
3.Науқасты сол қырымен жатқызып, зақымдалудан сақтаңыз, бірақ қатты қыспаңыз.
4.Оттегімен қамтамасыз етіңіз.
5.Ауызкергіштің көмегімен жақты ашып, тілұстағышпен тілді ұстаңыз. Талма аяқталғаннан соң, керек болса ауыз қуысы мен жұтқыншақты тазалаңыз.
6. Перифериялық көктамырға (№,18, 16 катетер) катетеризация жасаңыз.Магнезиалдық терапияны бастаңыз. 25 % - 20 мл магний сульфатын 10-15минут аралығында жәй жіберіңіз (бастапқы дозасы) 25% - 80,0 мл магний сульфатын 320,0 физиологиялық ерітіндіге қосып к\т тамшылату, минутына 11 тамшыдан тамшылату (ұстап тұратын дозасы)
7.Тұрақты катетермен қуыққа катетеризация жасаңыз.
8.Ұстап тұратын дозаны жалғастыра отырып, реанимация бөліміне ауыстырыңыз.
9.Перинатальдық орталықтағы бас акушер-гинекологқа ақпаратты жеткізіңіз (тәулік бойы)
Достарыңызбен бөлісу: |