Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері



бет1/14
Дата14.09.2023
өлшемі97.61 Kb.
#477499
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
410180.pptx

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ

Алғы сөз

  • Әлемде және Қазақстан Республикасында жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси салада қайта құру процесі өзін-өзі дамыта және өз мүмкіндігін барынша пайдалана білетін тұлғаның шығармашылық күш-қайратын дамыту барысында рухани-адамгершілікті, интеллектілікті белгілі бір деңгейде жақсарту қажеттілігін міндеттейді. Соған орай қазіргі кезде Қазақстан Республикасында педагогикалық маңызды міндеттердің бірі ретінде өмірде, қарым-қатынаста өзінің сана-сезімі мен күш-қайратын, щығармашылық қабілетін дамыта және жүзеге асыра білетін әлеуметтік-бағдарланған тұлғаның жан-жақты мәдениетін тәрбиелеуді қарастырады. Бұл міндетті шешуде жоғары дәрежелі кәсіби білікті құзырлы педагог-мұғалімдерді даярлау үрдісі маңызды рөл атқарады.
  • Оған К.Д.Ушинскийдің «...тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпалы оқулықтармен де, жақсы әдет-ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау және мадақтау жүйесімен де ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие» деген пікірі мен Д.И.Менделеевтің «Мұғалімнің бүкіл мақтанышы – шәкірттерінде, өзі шашқан ұрпақтарының өсіп-өнуінде» деген көзқарасы дәлел болмақ.

К. Д. Ушинский «Адамға тәрбие беру әдістері» атты іргелі еңбегінде «Тәрбие беру өнері жұрттың бәріне дерлік таныс және түсінікті іс, ал кейбіреулерге тіпті оңай іс болып көрінетін ерекшелігі бар – бұл, адамның онымен теориялық немесе практикалық таныстығы неғұрлым азырақ болған сайын соғұрлым түсініктірек және оңайырақ болып көрінеді. Жұрттың барлығы дерлік тәрбие беру төзімділікті талап ететінін мойындайды, кейбіреулер бұл үшін туа біткен қабілеттілік және іскерлік, яғни дағды керек деп ойлайды, бірақ төзімділік, туа біткен қабілеттілік пен дағдыдан басқа, арнаулы білім де қажет екеніне… көз жеткізеді» – дейді.

  • К. Д. Ушинский «Адамға тәрбие беру әдістері» атты іргелі еңбегінде «Тәрбие беру өнері жұрттың бәріне дерлік таныс және түсінікті іс, ал кейбіреулерге тіпті оңай іс болып көрінетін ерекшелігі бар – бұл, адамның онымен теориялық немесе практикалық таныстығы неғұрлым азырақ болған сайын соғұрлым түсініктірек және оңайырақ болып көрінеді. Жұрттың барлығы дерлік тәрбие беру төзімділікті талап ететінін мойындайды, кейбіреулер бұл үшін туа біткен қабілеттілік және іскерлік, яғни дағды керек деп ойлайды, бірақ төзімділік, туа біткен қабілеттілік пен дағдыдан басқа, арнаулы білім де қажет екеніне… көз жеткізеді» – дейді.
  • Олай болса, ұстаздарға қажетті тәрбие беру өнерін меңгерту арнаулы кәсіби орта және жоғары педагогикалық оқу орындарында жүзеге асырылады. Педагогикалық оқу орындарының студенттеріне тәрбие беру өнерін меңгертудің алғашқы кезеңі педагогика курсын оқып-үйренуден басталады. Ол көп сатылы болып келеді. Соның ішінде тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесінің қызметі де айрықша. Соған орай бұл оқу пәнінің мақсаты педагогикалық оқу орындарының студенттеріне мектеп оқушыларының тәрбие жұмысының бағыттары, мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесінің негізгі мәселелерін оқып-үйренуге, біліктіліктерін қалыптастыруға бағыт-бағдар беру және нақты көмек көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет