101
мағынада (жасырын бақылаушы, аңдушы) əдеби тілде
қолданылуы деп білеміз. Ерте кезден бастап күні бүгінге
дейін қолданылып жүрген тыңдаушы мағынасында тыңшы
сөзі арқылы беру тенденциясы, XX ғасырдың басындағы
жазба əдебиет тілінен байқалады. Мысалы, С. Торайғыров-
тың «Кім жазықты?» романы мына жолдармен ашылады:
«Бір сөзім бар шалдуар. Болмаса да
тыңшысы. Бұл күнде
жоқ соң туар, Романмен сыншысы». Бұл жердегі
тыңшы сөзі
кейбір зерттеушілердің көрсетулеріндей,
сыншы сөзіне тек
ұйқастыру үшін алынып отыр деп қарауға болмайды. Ұйқас
қажеттігі де бар шығар, дегенмен бұл сөздің қолданылуы-
мен «Айқап» бетіндегі қара сөзде кездесетін тыңшыны
салыстыра қарау қажет.
«Айқап» бетінде
-шы, -ші жұрнағы арқылы байырғы
сөздерден жаңа сөз иə жаңа мағына жасалып отырады.
Мыс.: Бұл – төренің арызшы халықдан жылдамырақ құты-
луға істеген ісі екенін қайдан білсун («Айқап», 1913, №8,
175-б.). Ел арасындағы егушілерге
ектірмеу жарамайды
(Сонда. №3, 60-б.) Ерлерден музыка ойнаушы көбейді (Сон-
да. 1915, №3, 40-б.).
Арызшы сөзі бұл жерде бұрыннан қолданылып кел-
ген
арыз, арызқой сөзінің мағынасынан мүлде бөлек. Ол
тек
арыз беруші, арыз иесі дегенді білдіреді. Яғни тіркес
арқылы жүрген ұғымның орнына -
шы жұрнағы жалғанған
бір-ақ сөз қолданылған.
Егуші сөзі де бұл кезең үшін жаңа
сөз, ол медициналық термин мəнінде жұмсалған.
Музы-
ка ойнаушылар тіркесі орыс тіліндегі
музыкант сөзінің ор-
нына қолданылған. Бірақ бұл тұлғада жұмсалуының өзі де
тұрақты емес. Бірақ музыкаға құмар ойнаушы болып жал-
пы мағынасы сақталып, бірде
музыкашы болып, орыс тілі
арқылы енген сөзге
-шы жұрнағы жалғанып қолданылады.
Музыкашылар һəр уақыт жиналыб, өздері мəжіліс жамиғад
жасаб сөйлесіб,
кем-кетігі болса толтырыб, үйренісіб тұ-
рушы еді... Музыкаға құмар ойнаушылар да көбейіп өрши
береді («Айқап», №3, 40-б.).
102
«Айқап» журналының тілінде
-шы, -ші жұрнағы байыр-
ғы сөздерге жалғанып қана қолданбайды. Сонымен бірге
басқа тілден ауысқан кірме сөздерге, əсіресе
сол кезеңде
орыс тілі арқылы келген сөздерге де жалғанып жұмсалады.
Мысалы:
Эсперант-тошылардың қазір Русияда да жиы-
лыстары, курслары бар («Айқап», 1913, №9, 200-б.). Рус-
ларда
газеташылардың мынадайлары бар (Сонда. 1912,
№9, 200-б.).
Қант, нефт, керосин, темір, қаңылтыр сауда-
герлері хатты олар ғана екес,
монуфактурашылар (аршын
бұйымшылары) дың өзара бірігулері һəркімге белгілі (Сон-
да. 1912, №13, 289-б.). Бұл жол себеблі
фабрикшілеріміз
шетден арзан нəрсе келер деб қорқынышы болмаған соң
нашар нəрселерін қымбат баһаға сатады (Сонда. 1912, №13.
289-б.).
Бұл мысалдардан
-шы,-ші жұрнағы «Айқап»
беттерінде
орыс тіліндегі кейбір қосымшалардың (
-нт, -ист, -чик,
-щик т.б.) баламасы ретінде жұмсала бастағанын көреміз.
Кейде осының өзі əрдайым тұрақты бола бермейді. Бірде
ол тұрпайы қазақшаланып (қараңыз:
аршын бұйымшалар),
бірде орыс тіліндегі күйінде беріледі. Бірақ түбінде Мəскеу
фабрикантлары алар шығар, неге десеңіз олардың сөзі тың-
дамдырақ болса керек («Айқап», 1912, №10, 229-б.). Бұның
өзі «Айқап» журналының сөз жұмсаудағы алуан түрлі
ізденісін, соның ішінде тиімді жолын қарастырғанын
көрсетеді. Əдеби тілдің дамуындағы бұл принцип кейінгі
жылдардағы баспасөз тілінде де дами түсті.
-Шы, -ші
қосымшасының мұндай қызметі қазақтың алғашқы
баспасөз тілінде де кездеседі. Мысалы, «Дала уəлаятының
газеті»
беттеріндегі редакциядан деген мағынада
газет
Достарыңызбен бөлісу: