Нефриттер мен нефроздарды емдеу принциптері.
Нефрит кезіндегі емдеу шаралары. Аш диетаны 1-2 күнге тағайындайды. Ісіну кезеңінде ас тұзы, су (30-50%) алынып тасталады немесе шектеледі - диетадағы ақуыз, көмірсутекті Жем мөлшері азаяды. Уремиялық синдроммен-қан кету (ірі жануарларда 2-3 л-ге дейін), бұлшықет ішіне күкірт қышқылы магнезиясы, көктамыр ішіне глюкоза (аскорбин қышқылымен жақсы), әдеттегі дозада жүрек құралдары енгізіледі. Ісіну кезінде компресстер, жылы орамалар жасалады, диуретиктер тағайындалады: диуретин күніне 3-4 рет, аю жапырақтарының қайнатпалары мен инфузиясы. Дезинфекциялық құралдардың ішінен уротропин, ақ стрептоцид қолданылады. Гипертония кезінде резерпин көктамыр ішіне енгізіледі.
Ауылшаруашылық жануарларындағы бүйрек топографиясы.
Жылқы бүйректері тегіс біремізікшелі бүйрекке жатады. Оның оң бүйрегінің пішіні жүрекке ұқсас, ал сол бүйрегі лобия тəріздес болады. Оң бүйрек кұрсақ куысының бел аумағында, оң жақта, 14-15 -інші қабырғалардан 2 -нші бел омыртқаға дейінгі аралықта, ал сол бүйрек белаумағының сол жағында, 18 -нші көкірек омыртқасынан 3 -інші бел омыртқасы аралығында орналасады.
Сиыр бүйректері тілімді көпемізікшелі бүйрек. Оң бүйрек құрсақ куысы бел аумағының оң жағында, 12-13 -інші қабырғалар мен 2-3 -інші бел омыртқалардың аралығында орналасады. Бүйректің пішіні ұзынша сопақ болып келеді. Сол бүйрек көбіне оң бүйректен соң, бел аумағының оңжағында, 2 жəне 5 -інші бел омыртқалардың аралығында орналасады. Бұл жағдай мес қарынның азықпен толуына байланысты. Мал тоя азықтанғанда, мес қарын азыққа толып, сол бүйректі бел аумағының оң жағына қарай
ығыстырады.
Қой мен ешкі бүйректері тегіс біремізікшелі бүйрек. Бүйрек пирамидаларының саны — 10-16. Оң бүйрек құрсақ қуысы бел аумағының оң жағында, 12-13 -інші қабырға мен 2 -нші бел омыртқа аралығында, ал сол бүйрек оң бүйректің артқы жағында (мес қарынның ығыстыруы нəтижесінде) 3 жəне 6 -ншы бел омыртқалар аралығында жатады.
Шошқа бүйректерінің пішіні лобия тəрізді, тегіс көпемізікшелі бүйрек. Екі бүйрек те бір деңгейде, құрсақ қуысы бел аумағының оң жəне солжақтарында, 1-4 -інші бел омыртқалар тұсында қатар орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |