«Топырақтар географиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені


Топырақ түзуші факторлар –



бет2/16
Дата09.06.2016
өлшемі2.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Топырақ түзуші факторлар – топырақ пайда болуына әкелетін факторлар: климат, тірі ағзалар, топырақ түзуші жыңыстар, жергілікті жер бедері, мемлекеттің жасы (уақыты), адамның өндіріс әрекеті.

7. Топырақ түзілудің экологиялық факторлары.

Топырақ түзілудің экологиялық факторлары: климат, тірі ағзалар, топырақ түзуші жыңыстар, жергілікті жер бедері, мемлекеттің жасы (уақыты).

7.1 Атмосфералық климат – метеорологиялық элементтердің орташа немесе шеткі көрсеткіштерімен (температура, шашыңдар, ауа ылғалдылығы және т.б.) сипатталатын және тәуліктік, мерзімдік, жылдық өзгерістердің ауытқұлары туралы мәлімет беретін жергілікті (жер шары, құрлық, мемлекет, облыс, аудан және б.) атмосфераның орташа жағдайы.

Топырақ процесстерінің табиғатында маңызды климаттық көрсеткіштер температуралық жағдаймен және ылғалдылықпен сипатталады, себебі олармен топырақтың су-температуралық режимі және биологиялық процесстері байланысты. Биологиялық және топырақ процесстерінің негізгі энергия көзі – күн радиациясы, ал ылғалданудын негізгі көзі – атмосфералық шашыңдар. Атмосфера мен топырақ арасындағы алмасу нәтижесінде топырақтың гидротермиялық режимі – маңызды қасиеті қалыптасады. Климат негізгі термиялық топтарының бөлінуінде вегетациялық мерзімде 10 0С жоғары орта тәуліктік температуралардың қоспасы алынады (№ 1 кесте).

№ 1 кесте. Климаттың негізгі термиялық топтары

10 0С жоғары климаттың негізгі термиялық топтары, 0С

Температуралардың қоспасы

Суық (полярлы)

< 600

Суық-қоңыржай (бореалдық)

600 - 2000

Жылы-қоңыржай (суббореалдық)

2000 – 3800

Жылы (субтропикалық)

3800 – 8000

Ыстық (тропикалық)

>8000

Топырақ-биоклиматтық немесе топырақ-биотермиялық белдеулері – жер шарын қоршайтын, еңдік белдеулер түрінде орналасқан климаттың термиялық топтарының анықталған өсімдік және топырақтар типтері.

Топырақ зерттеулерінде шашындармен ылғалдану жағдайында климаттың 6 негізгі топтарын ажыратады (№ 2 кесте).

№ 2 кесте. Ылғалдану жағдайы бойынша климаттың негізгі топтары

Высоцкий – Иванов бойынша климаттардың топтары

Ылғалдану коэффициенті (ЫК)

Өте ылғалды (экстрагумидты)

>1,33

Ылғалды (гумидты)

1,33 – 1

Жартылай ылғалды (семигумидты)

1 – 0,55

Жартылай құрғақ (семиаридты)

0,55 – 0,33

Құрғақ (аридты)

0,33 – 0,12

Өте құрғақ (экстрааридты)

<0,12

Ылғалдану коэффициенті – шашыңдар мөлшері мен олардың ылғалдануы арасында ара қатысының көрсеткіші.

Климаттың топырақтүзуші фактор ретінде ролі:



  1. Биологиялық және биохимиялық процесстерді дамыту факторы. Температура мен ылғалдылықтың анықталған жағдайында өсімдік типі, органикалық заттың пайда болуы мен бұзылу жылдамдығы, топырақ микрофлорасы мен фаунасының құрамы және әрекетінің қарқындылығы қамтамасыз етіледі.

  2. Атмосфералық климат, топырақтың қасиеттері мен құрамы арқылы шағылып, топырақтың су-ауа, температуралық және тотығу-тотықсыздану режиміне көп әсер етеді.

  3. Топырақта минералдық қосылыстардың айналуы (үгілудің бағыты мен жылдамдығы, топырақ түзуші өнімдерінің жинақталуы және т.б.) климатпен тығыз байланысты.

  4. Топырақтардың су және жел эрозиясына әсер етеді.

7.2 Тірі ағзалар.

Топырақ түзілуінде ағзалардың 3 тобы қатысады: құрлық биоценоздарының жасыл өсімдіктері, микроағзалар және жануарлар. Жасыл өсімдіктер – топырақтағы органикалық заттың бір ғана алғашқы көзі және оның негізгі топырақ түзуші функциясы – заттардың биологиялық айналымы, нәтижесінде топырақтың беткі бөлігінде потенциалдық энергия мен азотты және күлді элементтердің жинақталуы жүреді, бұл топырақтың құнарлығының дамуына әкеледі. Өсімдіктер формациялары туралы ілімнің авторы В.Р. Вильямс. Келесі өсімдіктер формациялары бөлінеді:



  1. Ағаш формациясы (тайга ормандары, жалпақ жапырақты ормандар, ылғалды субтропикалық және ылғалды тропикалық немесе жаңбырлы ормандар);

  2. Ауыспалы ағаш-шөп тестік формациясы (ксерофитты ормандар, саванналар);

  3. Шөп тестік формациясы (қоңыржай даласы, субтропикалық бұтақты даласы);

  4. Шөл формациялары (суббореалдық, борреалдық және тропикалық);

  5. Қына-мүк формациясы (тундра, батпақтар).

Микроағзалардың топырақта әр түрлі топтары кездеседі (бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер). Олардың саны 1 г топырақта млн.-нан млрд.-қа дейін есептеледі. Микроағзалардың массасы 3 – 7-8 т/га. Микрофлораның мөлшері мен қарқындылығы жыл мерзімдік динамикасына бағынады, себебі топырақтың гидротермиялық режимі өзгереді және микроағзалардың көп қайталанатын генерациясы жүреді. Микроағзалармен бай келетін – қара және сұр майда топырақтары, кедей болатын – тундра мен солтүстік тайга топырақтары. Топырақта ең таралған микроағзалар тобы – бактериалар.

Топырақ фаунасы көп санды және алуанды (қарапайымдылар, омыртқасыздар және омыртқалылар). Жаңбыр құрттарының әрекеті топырақтың физикалық қасиеттерін (саңылаулығы, аэрациясы, су сыйымдылығы мен су өткізгіштігі) жақсартады, гумус мөлшерін, алмасу негіздердің қоспасын жоғарлатады, қышқылдығын төмендетеді. Топырақтың суға төзімділігі пайда болады.

    1. Жер бедері формаларының 3 тобын ажыратады:

Макрорельеф – үлкен аймақтың жалпы көрінісін анықтайтын жер бедерінің ең ірі формалары: жазық, үстірт, тау жүйелері. Оның пайда болуы жер қыртысындағы тектоникалық құбылыстарға байланысты.

Мезорельеф – орташа мөлшерлі жер бедерінің формалары: құлама етектер, төбелер, алқаптар, қойнаулар, террасалар және олардың элементтері – жазық участкілер, түрлі тік баурайлар. Оның пайда болуын негізінен құрлық бөлек участкілерінің баяу көтерілу мен түсуі көп әсер етуші экзогендік геологиялық процесстер анықтайды.

Микрорельеф – алаңы кішкентай (бір неше кв.дм-ден бір неше жүздік кв.м-ге дейін) жер бедерінің кіші формалары, салыстырмалы биіктігі 1 м шекарасында ауытқыйды (төмендеген орындар, төбешіктер, түсіп екетулер). Жер бедерінің тегіс бетінде төмендеп кету құбылыстарынан, мұздық деформацияларынан және басқа себептен пайда болады.

Жер бедері күн радиациясы мен шашыңдардың таралуының экспозицияға және тік баурайларға байланысты негізгі факторы. Ол топырақтың су, жылу, қорек, тотығу-тотықсыздану және тұздық режиміне әсерін көрсетеді. Қазіргі кезде жер бедері бойынша орналасуына және шашыңдардың таралуына байланысты топырақтардың келесі топтарын (ылғалды реттері) ажыратады: автоморфтық, жартылай гидроморфтық, гидроморфтық топырақтар.



Автоморфтық топырақтар – беткі сулардың бос ағысы жағдайында, грунт суларының терең орналасуында (6 м терең) тегіс бетінде және баурайларда қалыптасады.

Жартылай гидроморфтық топырақтар – беткі сулардың уақытша тұрып қалуында немесе грунт сулары 3-6 м тереңдікте орналасқанда қалыптасады.

Гидроморфтық топырақтар - беткі сулардың ұзақ тұрып қалуында немесе грунт сулары 3 м терең емес орналасқанда қалыптасады.

Жер бедері эрозиялық процесстердің дамуына әсер етеді. Су эрозиясына баурайлық жер бедері жағдайы, ал жел эрозиясына құрғақшылық және континеталдық климаты бар жазық жер бедері аудандары қолайлы болады.



    1. Топырақтың дамуы мен қалыптасуында топырақ түзілудін әр бір жаңа айналымы (мерзімдік, жылдық, көп жылдық) топырақ кесіндісінде минералдық және органикалық заттардың айналуында анықталған өзгерістерді әкеледі. Топырақ жасының 2 түсінігін ажыратады:

Топырақтың абсолюттық жасы – топырақтың қалыптасуы басынан қазіргі уақыттқа дейін өтілген жасы.

Топырақтың шартты жасытопырақ түзілу процессінің жылдамдығы, топырақ дамуының бір сатысының келесі сатысына ауысу жылдамдығы.

    1. Топырақ түзуші жыңыстартопырақтың аналық негізі, оған өзінің механикалық, минералогиялық және химиялық құрамын, физикалық, химиялық, физика-химиялық қасиеттерін береді, олар болашақта топырақ түзілу процессінің әсерінен әр түрлі дәрежеде біртіндеп өзгереді. Жердің қатты қабаты – литосфера құрамында бөлінеді:

Магмалық (атылған) жыңыстар - силикатты балқыдан (магмадан) пайда болған, жер қыртысының тереңдігінде (тереңдік жыңыстар - интрузивтік) немесе Жер бетіне құйылған магмадан (құйылған жыңыстар - эффузивтік), құрылысы кристаллдық (граниттер, пегматиттер, дуниттер және т.б.). литосфераның құрамында 95 %, бірақ топырақ түзуші болып негізінен тек таулы облыстарда болады.

Метаморфиялық жыңыстар - екінші реттік массивты-кристалдық жыңыстар, жер қойнауында магмалық немесе шөгіндік жыңыстардан терең өзгерістер нәтижесінде пайда болған (тақта тастар, гнейстер). Топырақ түзілуде мәні аз.

Шөгіндік жыңыстар – массивты-кристаллдық жыңыстардың немесе тірі ағза қалдықтарының үгілу өнімдерінің шөгінділері. Сынық, химиялық тұңба және биогендік болып бөлінеді. Химиялық және биогендік пайда болған шөгіндік жыңыстардың арасында топырақ түзілуінде маңызды болатын – карбонатты шөгінділер (ақ тас, мергель, доломит, бор).

  1. Топырақ жамылғысына антропогендік факторлардың әсері.

Адамның өндірістік әрекеті – топырақ қасиеттері мен тәртібтерінің өзгерістерін шақырушы, табиғи топырақ түзілу әсерімен салыстырғанда тез жүретін, адамның топыраққа және топырақ түзілу процессінің дамуының қоршаған орта жағдайларының кешеңіне саналық, бағытталған әсер ету факторы.

  1. Топырақ түзілу процесі, оның түсінігі.

Топырақ түзілу процессі – топырақтың күрделі жүйелі қалыптасу кезеңдерінің ауысуы: тау жыңыстар минералдарының және топырақтың айналуы (трансформациясы), топырақта органикалық қалдықтардың жиналуы және жүйелі трансформациясы, органо-минералдық қосылыстардың күрделі жүйесінің пайда болуымен минералдық және органикалық заттардың әрекеттесуі, топырақтың беткі бөлігінде биофилдық элементтердің, біріншіден қорек элементтердің, жинақталуы (аккумуляциясы), топырақ кескінінде және оның беті бойынша су ағысымен топырақ түзуші өнімдерінің тасымалдануы (миграциясы).

Топырақ түзілу процессі биофизика-химиялық процесстердің категориясына жатады. Қандай болса да топырақтың генезисы, минимум, 3 кезеңдік сатыдан тұрады:



  1. топырақ түзілуінің басталуы немесе бастапқы топырақ түзілу процессі;

  2. топырақтың даму сатысы, бұнда аналық жыңыстың субстраты топыраққа сипатты қасиеттерін біртіндеп қалыптастырады; осы сатыда топырақ түзілу факторларымен тепе-теңдіктің болмауы – топырақ түзілу процессі дамуының себебі;

  3. топырақтың жыңысы қалыптасқан сатысында айналымдық қайтымды процесстер басымды болады; биогеоценоздардың топырақ қасиеттері және биоөнімділік деңгейлері тұрақты, топырақтың орта факторларымен тепе-теңдікке жақын болуынан.

  1. Үгілу, оның түрлері.

Топырақ түзуші жыңыстардың қалыптасуы үгілу процесстермен байланысты.

Желге мұжылу (үгілу)атмосфера, гидросфера және биосфера әсерінен тау жыңыстары мен олрадың құрайтын минералдардың сандық және сапалық өзгерістерінің күрделі және түрлі процесстерінің бірлестігі.

Желге мұжылу (үгілу) қыртысыжелге мұжылу (үгілу) процессі жүретін тау жыңыстарының горизонттары. Екі зонаға бөлінеді: беткі немесе қазіргі кездегі және тереңдік немесе көне. Топырақ түзілу процессі жүретін қазіргі үгілу қыртысының қалындығы бір неше см 2-10 м-ге дейін ауытқыйды.

Факторлардың басымдылығына байланысты үгілудін 3 формасын ажыратады:



Физикалық желге мұжылу (үгілу)химиялық құрамының өзгеріссіз тау жыңыстары мен минералдардың механикалық бөлінуі.

Химиялық желге мұжылу (үгілу)жаңа минералдар мен қосылыстарының түзілуімен көрсетілген тау жыңыстары мен минералдардың химиялық өзгерістері және бұзылуы.

Биологиялық желге мұжылу (үгілу)ағзарадың және олардың тірішілік өнімдерінің әсерінен тау жыңыстары мен минералдардың механикалық бұзылуы және химиялық өзгерістері. Жыңыстардан ағзалар, топырақ қалыптасуына жағдай жасап, өзінің деңесін құруға қажетті минералдық заттарды алады және оларды жыңыстың беткі горизонттарында жинақтайды.

  1. Топырақ профилінің (кескінінің) қалыптасуы.

Топырақ кескіні – топырақ түзілу үрдістерінің біртектілігіне байланысты біріктірілген топырақ горизонттарының жиынтығы. Топырақ кескінінің құрылысы біртіндеп, белгілі заңдылықтар бойынша, біреуі келесісіне ауысып отыратын, жекеленген топырақ горизонттарының морфологиялық белгілерімен анықталады.

Көптеген топырақтар кескіндерінің құрылысы, егер оларға жоғарыдан төмен қарай қараса, салыстырмалы түрде бір типті: жоғарыда орман төсенішінің, шымды құрайтын өсімдік қалдықтарының кішігірім қабаты, тереңіректе әр түрлі дәрежеде қарашірікпен немесе қарашіріндімен боялған горизонт, ал оның астында, аналық жыныс пен ортадағы өтпелі горизонт қалыптасқан.



Топырақ кескінінің қалындығы мен тереңдігі, топырақ түзілу типі мен топырақ түзілуіне кететін уақытқа тәуелді және де кең ауқымда өзгеруі мүмкін. Топырақ кескіні қалың болған сайын, құнарлығы жоғары болады. Топырақ кескінінің құрылысы мен қалыңдығы топырақ түзілу үрдістерінің бағыты мен сипаты туралы мағлумат береді, сол арқылы пайдалану жолдары бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Осы себептен топырақ кескінінің жазбасын жазу топырақты картографиялауда, дақылдарды өсірудің агротехникалық шараларын құрастыруда, нақты шаруашылық жүргізу тәсілдерінде маңызды орын алады. Топырақ кескіндісін сипаттау үшін оның жекеленген горизонттарының жазбасы жазылады.

Өздік бақылаудың сұрақтары

  1. Топырақтану курсының мақсаты мен есептері. Топырақтанудың бөлімдері. Зерттеу әдістері. Жаратылыс ғылымдар циклының басқа пәндерімен байланысы.

  2. Топырақ зерттеулерінің тарихы. Көне кезеңі. Топырақ туралы агрогеологиялық және агримәденихимиялық түсініктері.

  3. В.В. Докучаев – топырақ туралы ғылымның, табиғи тарихи, немесе генетикалық топырақтанудың – жаңа ғылыми пәннің құрушы. Ғылыми генетикалық топырақтанудың құрулуында Докучаев кезеңі.

  4. Орыс топырақтанудың XX ғ. Дамуы. Ғылым тарихында Совет кезеңі.

  5. Топырақ зерттеулерінің Қазақстандағы тарихы.

  6. Топырақ түзілу процесі. Топырақ түзілудің факторлары. Топырақ түзуші жыңыс. Үгілу процессі.

  7. Топырақ түзілу процесі. Топырақ түзілудің факторлары. Климат топырақ түзуші фактор ретінде.

  8. Топырақ түзілу процесі. Топырақ түзілудің факторлары. Тірі ағзалар және олардың топырақ түзілуінде, және топырақ құнарлығының қалыптасуында ролі.

  9. Топырақ түзілу процесі. Топырақ түзілудің факторлары. Жер бедері (рельеф) және топырақтың жасы топырақ түзуші фактор ретінде.

  10. Топырақ түзілу процесі. Топырақ түзілудің факторлары. Адамның өндірістік әрекеті топырақ түзуші фактор ретінде. Топырақ түзуші фактордың өзара байланысы.

  11. Топырақ түзілу процесі. Топырақ түзілу процесінің жалпы схемасы.

Ұсынылатын әдебиет

Мирзадинов Р.А. және басқалары. Топырақтану. Оқу құралы. – Алматы, 2009. – 276 б.

Никольский Н.Н. Почвоведение. - М., 1963.

Почвоведение/Под ред. А.С. Фатьянова. – М.,1972.

Почвоведение/Под ред. И.С. Кауричева. – М., 1969, 1975, 1982.

Почвоведение/Под ред. А.А. Роде. – М., 1972.

Почвоведение/Под ред. В.А. Ковды, Б.Г. Розанова.-М.,1988.

Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения.- М.,1999.

Тулеугалиева С.С. Краткий курс лекций по почвоведению.- Семипалатинск,2008.
2. Топырақ түзүші тау жыныстарының және топырақтың механикалық, минералогиялық құрамы.

Дәрістің мақсаты: астыдағы негізгі сұрақтар және олардың қысқаша мазмұны бойынша білімдерді игеру:

  1. Механикалық элементтердің жіктелуі.

  2. Гранулометриялық құрамы бойынша топырақтардың жіктелуі.

  3. Топырақтың қалыптасуында гранулометриялық құрамының маңызы.

  4. Топырақтың биологиялық, физикалық, химиялық қасиеттеріне механикалық құрамының әсері.

  5. Топырақтардың минералогиялық құрамы.

  6. Бірінші және екінші реттік минералдар және олардың маңызы.

  7. Әртүрлі топырақ түзуші тау жыныстарының, топырақтың минералогиялық құрамы. Топырақтардың құнарлығында және түзілу процесінде минералдардың ролі.

1. Механикалық элементтердің жіктелуі.

Топырақтың механикалық элементтері – мөлшері әр түрлі бөлшектерден тұратын топырақ және топырақ түзуші жыңыстардың қатты фазасы. Топырақтың механикалық элементтері пайда болуына байланысты минералдық, органикалық және органо-минералдық бөлшектер болады.

Топырақтың механикалық анализымеханикалық элементтерді саналық анықтау.

Топырақтың механикалық элементтерінің жіктелуібөлшектерді мөлшері бойынша фракцияларға топтау. Н.А. Качинский бойынша келесі фракцияларды бөледі: 1 мм кіші бөлшектер майда үлбір деп аталады, 1 мм ірі бөлшекте топырақтың қанқасы деп аталады, > 3мм – тастар, 1-3 мм – қиыршық тас, 0,05-1 мм – құмды фракция, 0,001-0,05 мм – шаңды фракция, <0,001 мм – тұңба.

2. Гранулометриялық құрамы бойынша топырақтардың жіктелуі.

Механикалық элементтердің фракцияларының топырақта немесе жыңыста шартты мөлшері механикалық немесе гранулометриялық құрамы деп аталады.

Механикалық құрамы бойынша топырақтар мен жыңыстардың барлық алуандылығын оларға сипатты физикалық, химиялық, физика-химиялық қасиетімен бір неше топқа бөледі. Механикалық құрамы бойынша топырақтар мен жыңыстардың классификация негізіне физикалық құм мен физикалық балшықтың ара қатысы жатқызылған. Алғашқы ғылыми жіктеулердің авторларының бірі Н.М. Сибирцев. Қазіргі уақытта Н.А. Качинскийдың топырақтар мен жыңыстардың механикалық құрамының жетілген классификациясы кең таралған (№ 1 кесте). Бұл классификацияда топырақтың негізгі атауы физикалық құм мен физикалық балшықтың мөлшері, және қосымша басқа басымды фракцияның есебімен: қиыршық тас (3-1 мм), құм (1-0,05 мм), ірі шаң (0,05-0,01 мм), орташа және ұсақ шаң (0,01-0,001 мм), тұнба (0,001 мм аз).

№ 1 кесте. Топырақтар мен жыңыстардың механикалық құрамының классификациясы (Н.А. Качинский бойынша, 1958)


Топырақтың механикалық құрамы бойынша атауы



Физикалық балшықтың мөлшері

(0,01 мм кіші бөлшектер), %



Физикалық құмның мөлшері

(0,01 мм ірі бөлшектер), %



Топырақтар

Глейлі, орман топырақта-ры

Жазық топырақта-ры – күрең және құба топырақта-ры

Кебірлер мен сортаң топырақ-тар

Глейлі, орман топырақта-ры

Жазық топырақта-ры – күрең және құба топырақта-ры

Кебірлер мен сортаң топырақ-тар

Құм:

Қопсыған құм

0-5

0-5

0-5

100-95

100-95

100-95

Байланысты құм

5-10

5-10

5-10

95-90

95-90

95-90

Құмайт

10-20

10-20

10-15

90-80

90-80

90-85

Құмбалшық:

Жеңіл құмбалшық

20-30

20-30

15-20

80-70

80-70

85-80

Орташа құмбалшық

30-40

30-45

20-30

70-60

70-55

80-70

Ауыр құмбалшық

40-50

45-60

30-40

60-50

55-40

70-60

Балшық:

Жеңіл балшық

50-65

60-75

40-50

50-35

40-25

60-50

Орташа балшық

65-80

75-85

50-65

30-20

25-15

50-35

Ауыр балшық

80 жоғары

85 жоғары

65 жоғары

20 төмен

15 төмен

35 төмен

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»
umkd -> «Ақпараттық технологиялар» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umkd -> 5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> «шетел тарихнамасының жаңа бағыттары»
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орындарында тарихты оқыту әдістемесі»
umkd -> Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет