Тураева Айгүл Тасболатқызы


Бала молда үйге кіріп келді… Кемпірдің серейген сүйектері білеуленіп, сорайған түрінен шошып, бала молда



бет15/30
Дата02.01.2022
өлшемі189.5 Kb.
#454231
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
автореферат

Бала молда үйге кіріп келді… Кемпірдің серейген сүйектері білеуленіп, сорайған түрінен шошып, бала молда кіруін кірсе де, босағада қалшиып тұрып қалды… Жіпті аларын да, алмасын да білмей, бала молда аңырайып, ала сақалға қарады… "Алдым-алдым" деп бала молда сасып-пысып ала жіпті ұстай алды… Бала молда тотыша тақылдап, "Алдым-алдымды" қағып, "Қашан бітер екен?" дегеннен басқаны ұмытып кетті.

     "Дәуір" бітті. Кісілер тысқа шықты. Арасанға түскедей, пысынап, қошқыл маңдайынан, қоңқақ мұрнынан шып-шып тер шығып, бала молда да тезірек далаға ұмтылды. Сонда ғана ауыр күрсініп, демін алды. Осы бала молданы оқушылар өзі танымас па екен? Танымасаңыздар, бұл өздеріңізге мәлім Қартқожа еді (Ж.Аймауытов "Қартқожа").

      Жазушы Қартқожаның үй іші кедейленіп, апасының аулында бала оқытып жүрген кезін, кедейліктің кесірінен 80-ге келген кемпірдің підиясын көтермек болған әрекетін суреттеу үшін Қартқожаның атын атамай, белгісіздік мәнде қолдана отырып, бала молданың бейшара халін суреттей отырып, оның кім екенін оқушының өзі танып алуына жетелейді. Яғни оқушыларға етене таныс Қартқожаны "бала молда" деп атауы суреткердің шеберлігін, оқиға желісін құрудағы ерекшелігін көрсетіп, оқырманмен сырласқандай, сөйлесіп, кеңесіп отырғандай әсер береді. Қартқожаны белгісіздік мәнде суреттеу арқылы жазушы оған сырт көзбен, басқа адамның көзқарасы тұрғысынан қарайды. Мұндай жағдайда заттың өзіндік ерекшеліктері тыңдаушы үшін маңызды болмайды.

     Белгісіздік категориясы сөйлесушілердің зат туралы түсінігі әртүрлі екендігін білдіреді: сөйлеуші тыңдаушыға бейтаныс нақты затты салыстыруға келетін басқа заттардың ешқайсысымен теңестірмей, белгісіз мәнде жұмсайды. Осылайша, белгісіздік мәнді білдіру үшін заттың өзіндік болмысы, қызметі негіз болады: Ақбілек жаңа шешесіне көз қырын салды. Көзі тікшіген, жұқа қабақ қаймақ ерін, таңқы мұрын, тымырайған, қайқаңдау, қара сұр адам екен (Ж.Аймауытов, Шығармалар. І том 273 б.).

     Біреу белгісіздік есімдігі немесе бір сан есімімен тіркесіп келген есімдер белгісіздікті білдіруде маңызды қызмет атқарады.

     Мысалы мынау: бiреу денесi күштi‚ бiрақ ақымақ; бiреу ақылды‚ бiрақ денсаулығы нашар‚ бiреу рахымды‚ бiрақ ақылы аз‚ бiреу ақылды‚ рахымы аз‚ бiреу қайратты‚ бiрақ пейiлi арам‚ бiреу ақпейiл‚ бiрақ жiгер жоқ (Аймауытов Ж. Шығармалар жинағы. V том‚ 133 б.).

     Сөйлеуші немесе жазушы тыңдаушысына не оқырманына таныс емес, беймәлім зат не адамды сөз еткенде, көбінесе осы аталған сөздерді (бір, біреу) қолданады. Мәселен, Ж.Аймауытов "Қартқожа" романында негізгі кейіпкерді оқырмандарына алғаш былай таныстырады:

     … Сол кезде қожадан талай бала оқиды. Сол балалардың ішінде босаға жақта - астында бір жапырақ тай тері, мұрнын қос-қостан тартып, қожасының ақ сабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет