Зерттеу нысандары. Жұмыстың зерттеуіне белгілі көркем әдебиет мәтіндері негіз болған. Жекелеген көркем шығармалардың өзіндік ерекшеліктері, автордың стилистикалық қолданыстары әртүрлі болғанмен, белгілілік/белгісіздік категориясының түрлі құралдармен берілуінің жан-жақты функционалды қолданысын бейнелей алады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Белгілілік/белгісіздік категориясы функционалды-семантикалық категория ретінде қазақ тіл білімінде алғаш рет арнайы сөз болып отыр. Аталған категорияның ішкі құрылымы, инварианттар мен варианттардың парадигматикалық қатынаста берілуі, нақты жағдаяттардың қолданысы мен макро-, микроөрістердегі мәндері де зерттеу жұмысында тұңғыш рет арнайы қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |