30
Мәзһаб туралы таным
1. Истихсан
Истихсанның сөздік
мағынасы бір нәрсені ұнату,
жақсы деп есептеу. Фиқһ усулінің термині ретінде
былай анықтама беріледі: Истихсан – мүжтахидтің
бір мәселеде оның ұқсастарының үкімінен бас тар-
туды керек қылған насс (аят-хадис), ижма, зарурет
(мұқтаждық), жасырын қияс, әдет-ғұрып немесе масла-
хат сияқты бір дәлелге сүйеніп ол үкімді тастап, басқа
бір үкім беруі.
Үкімі белгіленуі қажет болған мәселе кейде жалпы
сипаттағы насстардан (аяттар мен хадистерден) біре-
уіне немесе фиқһта яки кейбір мәзһабтарда бекітілген
жалпы қағидаға сәйкес келуі мүмкін. Бірақ бұл мәселе
жайында жалпы нассқа (Құран мен хадиске)
немесе
жалпы қағидаға қайшы үкім беруді қажет ететін басқа
бір насс, ижма, зарурет, әдет-ғұрып пен маслахат
сияқты жеке бір дәлел кездесетін кезі де болады. Міне
мүжтахидтің осындай жағдайда, ұқсас мәселелерге
берілген үкімнен бас тартып, соған ғана тән жеке дәлел
бойынша үкім беруіне истихсан аты беріледі. Мысал-
дар арқылы тарқатар болсақ:
а) Истихсанның нассқа сүйенуі. Әзіреті Пайғамбар
Хаким бин Хизамға: “
Қолыңда болмаған нәрсені
сатпа”
41
, – деген. Бұл жалпы сипаттағы үкім. Яғни са-
удада қолыңда болмаған затқа сауда келісімін жасай
алмайсың. Ал, Аллаһтың елшісі Мәдинаға хижрет
жасағаннан кейін Мәдиналықтардың жемістері жайын-
да бір немесе екі жылдығына алдын ала «сәләм»
келісімін жасағандарын көрген кезде былай деді: “Сәләм
жолымен сатқандар мұны белгілі мөлшерде және бір
41
Әбу Дәуіт, Бую, 70
31
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
мерзім белгілеп жасасын”
42
. Егер жоғарыдағы жалпы
үкімге қарасақ, қолға тимеген жеміс үшін алдын-ала
сауда келісімін жасау дұрыс емес. Бірақ осы жағдайға
арналған хадис арқылы жалпы үкімнен шығып, өзіне
тән дәлелмен қиясқа қайшы үкім береміз.
б) Ижмаға сүйенуі. Бұған «истиснағ-тапсырыс
келісімі» мысал бола алады. Өнершіге белгілі бір ақша
беріп
тапсырыс беру, келісім кезінде жоқ бір затты
сатып алу болады. Бірақ адамдар бұл келіссөзді өте көп
қолданғандықтан ижмаға сүйеніп рұқсат деп танылған.
в) Заруретке (мұқтаждыққа) сүйенуі. Жалпы қағида
бойынша ластанған құдықтың тазалануы үшін барлық
судың шығарылуы қажет болса да, мұның қиындығына
байланысты біраз су шығарылғаннан соң құдық таза
болып есептеледі.
г) Маслахатқа (халық игілігі) сүйенуі. Әзіреті
Пайғамбар: «
Зекет Мұхаммедке және Мұхаммедтің
жанұясына халал емес»
43
, – деген. Әбу Ханифа
мен Малик өз дәуірінде әзіреті Мұхаммедтің
(с.а.у.) жанұясынан
Хашимұлдарына зекет беруге
болатындығына үкім берген. Өйткені белгілі себеп-
терге байланысты оларға үкімет тарапынан берілетін
көмектер тоқтатылған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: