Этнопсихолингвистика – этнос психологиясының қалыптасуындағы негізгі фактор ретінде оның тарихи тәжірибесін көрсететін тілдің ықпалын қарастыратын психология, этнология және лингвистика қиылысында пайда болған ғылыми білім саласы.
Этнопсихология – адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.
Этнос – тілі бір, салыстырмалы түрде тұрақты мәдени және психика ерекшеліктері ортақ, сондай-ақ жалпы өзіндік атауы бар (өзінің бірлігі және өзгешелігі туралы түсінігі бар) тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты жиынтығы.
Этноцентриз – барлық өмірлік құбылыстарды жалпы этап болып табылатын өз этнос қауымының салт-дәстүрі және құндылықтарымен салыстыра отырып қабылдау және бағалау қабілеті, өзінің өмір сүруін басқалардан артық көру.
Ш.Монтескье – француз ойшылы, «географиялық детерменизм» негізін қалаушы. Ұлттық рухты мойындайды және соның ішінде психологиялық ерекшелігі.
Г.Штейнталь – профессор, неміс философы және тіл саласын зерттеген ғалым.
М.Лацарус – «халықтар психологиясы» теориясының негізін салушы әйгілі болған швейцар ғалымы.
В.Вундт – неміс психологы, ұлттық психология негізін Штейнталь мен Лацарусқа қарағанда басқаша түсінді.
Г.Лебон – «Ұлттық рух» концепциясы француз әлеуметтанушысы Лебон идеяларында одан әрі жалғасын тапты. Бастысы оның «Халықтар және массалар психологиясы» еңбегі, әсіресе бірінші тарауы «Халықтар психологиясы» үлкен қызығушылық тудырды.
Г.Г.Шпет –Москова университеті профессоры, Ресейде бірінші болып этнопсихологияны оқып бастаған. 1927 ж. «Этнопсихологияға кіріспе» шығарды.
Ш.Уәлиханов – бірінші болып қазақ жерінде этнопсихологияны зерттеумен айналысқан ғалым.
А.Құнанбаев – ұлы қазақ ғұламасы.
Т.Тәжібаев – Қазақ жерінде психологияны қалыптастырушы ғалым.
М.Мұқанов – Тәжібаевтан кейінгі психологияны қалыптастыруға үлес қосқан ғалым.
Достарыңызбен бөлісу: |