Учебные пособия по налоговому праву: Мухитдинов Н. Б., Найманбаев С. М., Серимов У. С., Сман Б. У. «Салықтық заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік»



бет10/18
Дата13.06.2016
өлшемі1.99 Mb.
#133834
түріУчебные пособия
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Қорытынды

Бұрынғы Кеңестер Одағының кеңістігінде әкімшілік құқық ғылымының айтарлықтай дамығаны, көптеген оқымысты ғалымдардың осы бағыттағы ғылыми еңбектерінің бүкіл әлемдік қордан өздеріне тиесілі орындарын алғаны баршаға мәлім.

Әкімшілік құқықтың жеткілікті деңгейде дамуымен қоса оның институты ретінде көрініс табатын әкімшілік жауапкершілікке де аса назар аударылғаны белгілі. Қоғамымыздың әр саласында көптеп туындайтын құқық бұзушылықтардың дені (әсіресе басқару аясында) әкімшілік-құқықтық сипатта болғандықтан оларды жасаған тұлғалар міндетті түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын. Оның соттан тыс және қызметтен тыс қолданылуы басқа заңи жауапкершілік түрлерінен айрықшаландырады.

Заңи жауапкершілік жүйесінде орын алатын әкімшілік, азаматтық-құқықтық, қылмыстық, тәртіптік және материалдық жауапкершілік барын білеміз. Сексенінші жылдардың аяғына таман, тоқсаныншы жылдардың басынан қаржылық заңдар оның ішінде салықтық заңдар күрт дами бастаған болатын. Сол кездерден бастап күні бүгінге дейін “қаржылық санкциялар”, “қаржылық жауапкершілік” түсініктері пайдаланылып келеді. Қаржылық-құқықтық жауапкершілікті нақты мағынасында, яғни қаржылық сипаттағы құқық бұзушылықтар үшін қолданылатын жазалау шарасы ретінде немесе салықтық, банктік, сақтандыру, қаржылық-шаруашылық, валюталық, бюджеттік заңдардың талаптарын бұзғаны үшін белгіленетін жауапкершілік шарасы деп те түсінуге болады.

Сонымен заңи жауапкершіліктер қатарында қаржылық құқықтық жауапкершіліктің бар екеніне көзіміз жетті. Заңи жауапкершіліктің бұл түрі тек құқық бұзушылық үшін туындайды, мемлекет тарапынан белгіленіп, оның уәкілетті органдарының қолданатын жазалау шарасы ретінде көрініс табады, құқық бұзушыны белгілі бір мөлшерде қолайсыз, келеңсіз жағдайға душар еткізеді және тек процессуалдық нысанда жүзеге асырылады. Осы жөнінде зерттелген мәселелер, жасалған тұжырымдар бірінші тараудың екінші параграфында және екінші тараудың екінші параграфында көрсетілген.

Осы кітаптың екі тарауында қарастырылған мәселелер мен проблемалар бойынша мынадай тұжырым жасауға болады: әкімшілік жауапкершілік заңи жауапкершіліктің бір түрі болып табылады; әкімшілік жауапкершіліктің өзіне тән дербес нормативтік-құқықтық актілері бар болғандықтан әкімшілік құқықтың айтарлықтай институты ретінде танылады; әкімшілік жауапкершілікті қолданудың негізі тиісті заңдарда көзделген әкімшілік теріс қылық, яғни құқық бұзушылық болып саналады; басқа жауапкершілік түрлерінен ерекшелендіретін белгі қолданылатын әкімшілік жазалау шаралары деп айта аламыз; тағы бір өзіне тән ерекшеліктері жұмыстан, қызметтен тыс сипатта және соттан тыс (яғни бұл жерде бағыныштылық бойынша емес, сотталған болып есептелмейтін етіп) қолданылатыны; әкімшілік жауапкершілік тек арнайы құзыретті мемлекеттік органдар тарапынан қолданылады және олардың қатарында әртүрлі салалар бойынша уәкілетті органдар мен лауазымды адамдар тұрады; әкімшілік жауапкершілік азаматтарға ғана қолданылып қоймай, сонымен бірге тиісті заңда көзделген кезде коллективтік субъектілер – ұйымдар да әкімшілік жазалауға ұшырайды; әкімшілік жазалау кінәсі үшін белгіленетін және жазадан құтыла алмайтынын білдіру, құқық бұзушылықты жою, бұзылған құқықты қалпына келтіру, құқықты білуге, сақтауға үйрету тұрғысында жүзеге асырылады; әкімшілік жауапкершілік заңның негізінде, құқыққа сай қолданылатын мәжбүрлеу шарасы болып табылады.

Мемлекеттің салықтық қызметі (салық салу) және салықтық заңдары (законодательство) аясына бүгінде аса назар аударылуда.

Мемлекет кірісін қалыптастыратын ақша қаражаттарының салықтардың арқасында әрі салық заңдарының көмегімен бюджеттерге (кірісіне) тартылатын қазіргі кезде білмейтіндер кемде-кем.

Сондықтан мемлекеттің салық салу аясында уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырып жатқан қызмет бағыттары, олардың басымды бағыттары:

1. Салықтарды ұтымды белгілеу және олардың мемлекет кірісіне түсулерін қамтамасыз ету;

2. Салықтық заңдардың ойдағыдай атқарылуына және салық төлеушілердің салық міндеттемелерін бұлжытпай орындауларына салықтық бақылауды жүзеге асыру;

3. Салықтық заңдардың бұзылуына жол бермеу, ал бұзылған жағдайда құқық бұзушы тұлғаларға мемлекеттік мәжбүрлеу, заңи жауапкершілік шараларын қолдану.

Осы салықтық заңдардың бұзылуы анықталған жағдайда және олар әкімшілік-құқықтық сипаттағы құқық бұзушылықтар қатарынан көрініс тапса, онда құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілік шараларына тартылады. Бұл жерде де қорытынды жасап, түпкі түйініне қарасақ мынадай тұжырымдарға келуге болады:

- салықтық құқық бұзушылық үшін белгіленетін әкімшілік жауапкершілік құқық бұзушылықты жою және құқықты қалпына келтіру, сондай-ақ жазалау шарасы түрінде қолданылады;

- салықтық құқық бұзушылық үшін белгіленетін айыппұлдар мен өсімақылар мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан қолданылып, айыппұл өсімақы сомалары тиісті бюджет кірісіне енгізіледі (есептелінеді);

- салықтық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік қолданудың құқықтық негізі салықтық заңдар мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар болып табылады;

- салықтық құқық бұзушылықтың материалдық сипаттағы залалды зардабын жою және оны қалпына келтіру үшін құқық бұзушы тұлғаларға қолданылатын әкімшілік жауапкершілік шаралары айыппұл түрінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 165-бабы мен 165-1-бабында көзделген;

- салық салу аясында көрініс табатын әкімшілік жауапкершілік тек әкімшілік-құқықтық сипаттағы салықтық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға ғана қолданылады;

- салықтық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту барысында заңдылықтың сақталуы мен әділеттіліктің (мүмкіндігінше) орын алуы міндетті көрінісін тапқан. Мәселен, төленбеген салық сомаларын, айыппұл және өсімақы сомаларын тек салық төлеуші қарыздардың келісімінен кейін ғана салық органдары оның банктік шотынан инкассалық өкімінің көмегімен талассыз түрде шығарып алып, тиісті бюджетке аударады;

- әкімшілік сипаттағы салықтық құқық бұзушылықтың құрамын құрайтын элементтеріне мыналар жатады: объектісі және объектілік жағы; субъектісі және субъектілік жағы. Ал негізгі белгілері: біршама дәрежеде қоғамға қауіптілігі; құқыққа қайшылығы; кінәлілігі; зиянды зардаптың болуы; кінәлі әрекет (әрекетсіздік) пен келтірілген залалдың арасындағы себептік байланыс; жазаға тартылуы (жазалануы) түрінде болады;

- кейбір салықтық құқық бұзушылықтардың құрамдары бойынша қаржылық-құқықтық сипаттағы салықтық құқық бұзушылықтар айтарлықтай жақын, не болмаса бірдей сияқты болып көрінгенімен әкімшілік-құқықтық сипаттағы салықтық құқық бұзушылықтар осы сипаттары мен әкімшілік-құқықтық санкцияларына байланысты айрықшаланады;

- әкімшілік құқықтық сипаттағы салықтық құқық бұзушылық өзінің субъектілері (құқық бұзушылық жасаған жеке тұлғалар салық төлеушілер – азаматтар және қандай да болмасын заңды тұлғаның лауазымды адамы (кейде міндетті, жауапты адамы)) бойынша басқа құқық бұзушылықтардан (мысалы қаржылық құқық бұзушылықтың субъектісі көбінесе салық төлеуші органдар, ұйымдар, қаржылық агенттер т.б. болғандықтан) ерекшеленеді;

- әкімшілік жауапкершілікке тарту сот юрисдикциясынан тыс тек әкімшілік юрисдикция шеңберінде, салық қызметі органдарының тарапынан жүзеге асырылады және қызмет бойынша бағыныштылық бұл жерде көрініс таппайды, сондықтан бұрыннан қалыптасқан белгісі соттан тыс, қызметтен тыс және әкімшілік жауапкершілікті білдіретін әкімшілік жазалау шарасына тарту болып табылады149.

Түпкі тұжырым ретінде айтарымыз, салықтық құқық бұзушылық үшін қолданылатын әкімшілік құқық бұзушылықтың мына келесі ұтымды көріністеріне қарап оның болашағы зор екенін байқауға болады: салық төлеуші – тұлғаның меншік құқығына нұқсан келтірілмеуіне баса назар аударылады; осыған орай және қызметтен тыс (бағыныштылыққа қарамай) белгіленгендіктен заңдылық міндетті түрде орын алады; соттан тыс, яғни тек салық қызметі органдарының юрисдикциясында қаралып, жазаға тартылатындықтан осы процестер тез жүзеге асырылады және осыған байланысты келтірілген залалдың орны тез арада толтырылып, бұзылған құқық қалпына келтіріледі.


______________________

Пайдалануға ұсынылған арнайы әдебиеттер:
1. А ғ ы б а е в А.Н. Ответственность должностных лиц за служебные преступления. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.

2. А л е к с е е в С.С. Общая теория права. М.: 1981.

3. А л е к с е е в С.С. Проблемы теории государства и права. М.: Юрид.лит. 1989.

4. А л е х и н А.П. О современных тенденциях развития института административной ответственности в Российской Федерации // Вестник МГУ., Сер. Право. 1992. № 5. С.11.

5. А л е х и н А.П., П е п е л я е в С.Г. Ответственность за нарушение налогового законодательства. М.: 1992.

6. А л е х и н А.П., К а р м о л и ц к и й А.А., К о з л о в Ю.М. Административное право Российской Федерации. М.: Зерцало-ТЕИС, 1996.

7. А ш м а р и н а Е.М. Совершенствование системы налогов, взимаемых с юридических лиц, как условие успешного выполнения доходной части бюджетов Российской Федерации: Автореф. дисс. канд. юрид. наук. М.: 1998.

8. Административное право. М.: Юристь, 1999.

9. Б о б р о в а Н.А. Гарантии реализации государственно-правовых норм. Воронеж, 1984.

10. Б а х р а х Д.Н. Административное принуждение в СССР, его виды и основные тенденции развития: Автореф. дисс. докт. юрид. наук. М.: 1972.

11. Б а х р а х Д.Н. Состав административного проступка. Свердловск, 1987.

12. Б а х р а х Д.Н. Административная ответственность граждан в СССР. Свердловск, 1989.

13. Б а х р а х Д.Н., Р е н о в Э.М. Производство по делам об административных правонарушениях. М., 1989.

14. Б а х р а х Д.Н. Административное право. М.: БЕК., 1996.

15. Б о л о т о в М.П. Освобождение от исполнения административного взыскания // Правоведение. 1987. № 4. С.56-60.

16. Б р а т у с ь С.Н. Юридическая ответственность и законность. М., 1976.

17. Б р ы з г а л и н А.В. О взыскании недоимок с ссудных счетов: (к вопросу о правах налоговых инспекций по бесспорному обращению взыскания на ссудные счета предприятий и учреждений банка) // Бизнес и право. 1994. №28.

18. Б р ы з г а л и н А.В. Налоги и налоговое право. М., 1998.

19. Б р ы з г а л и н А.В. Современное налоговое законодательство: особенности и проблемы правонарушения // Финансы. 1995. №1.

20. В а с и л ь е в Р.Ф. Административная ответственность и гарантии ее законности // Ученые записки Пермского университета. Пермь, 1972. №275.

21. В а с и л ь е в а Г.В., С т у д е н и к и н а М.С. Законодательства об административных правонарушениях. М., 1986.

22. В и л ь н я н с к и й С.И. Кредитно-расчетные правоотношения и финансовый контроль. Харьков, 1955.

23. Временно административно-правовые санкции. М.: Юрид. лит., 1975.

24.В о л ж е н к и н Б. Уголовная ответственность за налоговые преступления “Законность”, 1994.

25.В о р о н и н М. Гражданско-правовая и другие виды юридической ответственности. ЭиЖ., 1994, № 31.

26. Г а л к и н В. Некоторые вопросы теории налогов // Финансы. 1993. № 1.

27.Г а у х м а н Л.Д., С е р о в а М.В. Ответственность за мелкое хищение государственного и общественного имущества. М., 1990.

28. Г а у х м а н Л.Д., М а к с и м о в С.В. Уголовно-правовая охрана финансовой сферы: новые виды преступлений и их квалификация. М., 1995.

29. Г о д м е Поль-Мари. Финансовое право. М.: Прогресс, 1978.

30. Г о р б у н о в а О.Н. Финансовое право. М.: Юристь, 1996.

31. Г о р с к и й И. О налоговой ответственности и не только о налоговой. ЭиЖ., 1994, №28.

32. Г р а ч е в а Е.Ю., К у ф а к о в а Н.А., П е п е л я е в а С.Г. Финансовое право России, М.: ТЕИС, 1995.

33. Г р и г о р ь е в В.И. Административная ответственность за нарушение налогового законодательства. Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.

34. Г у р е е в В.И. Налоговое право. М.: Экономика, 1995.

35. Д е м и н А.В. Финансовое право: предмет, метод, нормы и правоотношения. Красноярск, 1998.

36. Д ж е к е б а е в Ч. Ответственность физических лиц за неуплату налога // Фемида. №10. Алматы, 1997.

37. Д а у т б е к о в Т.Д. Административные взыскания: совершенствование правового механизма их индивидуализации в ходе осуществления правовой реформы в Республике Казахстан: Автореф. канд. дисс. Караганда, 1995.

38. Д р а г о Р. Административное право. М.: Прогресс, 1982.

39. Д у н а е в В.М., М у с и н С.М., О с п а н о в М.Т. Налоговый терминологический русско-казахский словарь-справочник. Алматы, 1996.

40. Е ф и м о в а Л.Г., К а б л у к о в а Л.А. Ответственность банков за нарушение правил совершения расчетных операции. БиБ, 1993, №19.

41. Ж а з ы б а е в Д.М., Н а й м а н б а е в С.М. Әкімшілік комиссиялар және әкімшілік жауапкершілік. Алматы, 1997.

42. Ж а т к а н б а е в а А.Е. Правовые основы административной ответственности Республики Казахстан: Автореф. канд. дисс. Алматы, 1998.

43. З е й н е л ь г а б д и н А.Б., И л ь я с о в К.К., Е р м е к б а е в а Б.Ж. Налоги и налогооблажения. Алматы, 1995.

44. З л а т к и н М.К. К вопросу о бесспорном списании денежных средств // ХиП., 1992, №11.

45. К а р а с е в а М.В. Финансовое право. Общая часть. М.: Юристь, 1999.

46. К а р а г у с о в а Г. Налоги: сущность и практика использования. Алматы: Қаржы-қаражат, 1994.

47. К а р а с е в а М.В. Финансовое правоотношение. Воронеж, 1997.

48. Кодекс РСФСР об административных правонарушениях. Комментарий. М.: Юрид.лит. 1989.

49. К о з л о в Ю.М. Основы советского административного права М.: 1975.

50. К о з ы р и н А.Н. Налоговое право зарубежных стран: вопросы теории и практики. М.: Манускрипт, 1993.

51. К о г а н М. Ответственность Госбанка и его клиентов за нарушение правил совершения расчетных операции // ХиП., 1979, №11. С.80.

52. К л ю ш н и ч е н к о А.П., Ш е р г и н А.П. Административные комиссии. М.: 1975.

53. К у р б а т о в А. Вопросы применения финансовой ответственности за нарушение налогового законодательства // ХиП., 1995, №1. С. 63-64.

54. К у д р я в ц е в В.Н. Закон, поступок, ответственность. М., 1976.

55. К у ч е р я в е н к о В.Н. Налоговое право. Харьков, 1997.

56. К у з ь м и ч е в а Г.А. Административная ответственность. М., 1984.

57. К а л и н и н а Л. Об уплате пени за несвоевременное перечисление страховых взносов в Пенсионный фонд РФ // ЭиЖ., 1995, № 28.

58. К р а м а р о в с к и й Л.М. Ревизия и контроль. М., 1998.

59. Л о б а н о в а Е.Н., С о к о л о в В.П. Государственное регулирование, планирование и налоговая политика в рыночнй экономике. М.: Дело, 1991.

60. Л о р и я В.А. Административно-процессуальные нормы и их виды. Сов. государство и право, 1974. № 11. С. 27-34.

61. Л а з а р е в Б.М. Административная ответственность М., 1976.

62. Л у н е в А.Е. Административная ответственность за правонарушения. М.: Госюриздат, 1961.

63. Л у н е в А.Е. Проблемы административной ответственности // Соц.Законность. 1972. №2. С.64.

64. Л у н е в А.Е. Административные правонарушения и административная ответственность // Соц.законность, 1981, №3. С.18.

65. М а р к о в а Е.П. Административная ответственность должностных лиц. Автореф. дисс. канд. юрид. наук. М., 1976.

66. М а л и н о в с к а я В.М. Ответственность за нарушение таможенного законодательства РФ (финансово-правовой аспект): Автореф. дисс. канд. юрид. наук. М., 1997.

67. М а с л е н н и к о в М.Я. Порядок применения административных взысканий. Тверь, 1995.

68. М а л е и н Н.С. Правонарушение: понятие, причины, ответственность. М.: Юрид.лит., 1985.

69. М а т в е е в С.В. Понятие и виды специальных субъектов административной ответственности // В кн. Актуальные проблемы административной деликотологии. Киев, 1984.

70. М а т в е е в С.В. Субъекты административной ответственности: Автореф. дисс. канд. юрид. наук. Свердловск, 1985.

71. М е щ е р я к о в а Ф.В. Налоговые системы развитых стран мира. М.: Правовая культура, 1995.

72. М у х а м е д ж а н о в Э.Б., М е ж и б о в с к а я И.В., С а д в а к а с о в а И.К. Казахстан – налоговые договора. Алматы, 1998.

73. М у х и т д и н о в Н.Б., Н а й м а н б а е в С.М., Д у л а т о в Ы.Д. Мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық негіздері. Алматы, 1998.

74. М у х и т д и н о в Н.Б., Н а й м а н б а е в С.М., С е р и м о в У.С Қаржылар саласындағы басқарудың құқықтық негіздері. Алматы, 1999.

75. М у х и т д и н о в Н.Б., Н а й м а н б а е в С.М., С е р и м о в У.С. Қазақша-орысша салықтық-құқықтық түсіндірме сөздік. Алматы, 1999.

76. Н о з д р а ч е в А.Ф. Таможенное право. М.: Юристь, 1998.

77. Н о в о с е л о в а Л.А. О бесспорном списании средств со счета клиента // БиБ, 1993, № 36.

78. И е р у с а л и м о в Л.А. Административно-правовая охрана субъективных прав советских граждан. Автореф. канд.дисс. М.: 1972.

79. О в с я н к о Д.М. Административное право. М.: Юристь, 1995.

80. О принудительном взысканий налоговых задолженностей с юридических и физических лиц: Временное методическое указание. Алматы: Қаржы- қаражат, 1996.

81. О порядке проведения документальной проверки правильности исчисления полноты и своевременности исчисления и перечисления налогов и других платежей в бюджет юридическими лицами. Временное методическое указание. Алматы, 1996.

82. О с п а н о в М.Т. Проблемы совершенствования системы управления налогами в Республике Казахстан. Алматы, 1996.

83. П е р е в е р з е в а Е.В. Законодательство субъектов федерации как источник налогового права: Автореф.дисс.канд.юрид.наук. Саратов, 1998.

84. П е т р о в Г.И. Советское административное право. Л., 1970.

85. П о л я к А.А. Налогообложение кредитных организаций (Практические вопросы) Автореф. дисс. канд. юрид. наук. М., 1998.

86. П е п е л я е в С.Г. Основы налогового права. М., 1995.

87. П о п о в Л.Л., Ш е р г и н А.П. Исследование эффективности административно-правовых санкций за нарушение общественного порядка // Сов.гос. и право. 1974. №8.

88. Р е з в ы х В.Д. Административная ответственность за хозяйственные правонарушения. Горький, 1975.

89. Р о з е н ф е л ь д В.Г., С т а р и м о в Ю.Н. Административное принуждение. Административная ответственность, Административно-юрисдикционный процесс. Воронеж, 1993.

90. Р о з а н о в И.И. О понятии государственной финансовой дисциплины и финансово-правовых средствах ее обеспечения // в сб. Правовые вопросы хозяйственного управления. Саратов, 1969.

91. С а л и щ е н к о И.С., Ф а р у к ш и н М.Х. Предпосылки правовой ответственности // Правоведение. 1970. № 5. С. 31.

92. С а л и щ е в а Н.Г. Гражданин и административная юрисдикция в СССР. М.: Юрид.лит., 1970.

93. С а п а р ғ а л и е в Ғ., И б р а е в а А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті жарғы, 1998.

95. С т а м қ ұ л о в Ә. Қазақстан Республикасының экология құқығы. Алматы: Жеті жарғы, 1995.

96. С а в и ц к и й С.Н., О к у ш е в а Р.Т. Законодательство СССР и Казахской ССР об административных правонарушениях (методическая разработка). Алма-Ата, 1991.

97. С а в и ц к и й С.Н. Административная ответственность за правонарушения. Алма-Ата, 1988.

98. С т а р и л о в Ю.Н. Нарушение налогового законодательства и юридическая ответственность. Воронеж, 1995.

99. С т а р и л о в Ю.Н. Ответственность за нарушение налогового законодательства (пособие по спецкурсу) // в кн. Финансовое право / под редакцией Химичевой Н.И. М.: БЕК, 1996.

100. Советское административное право. М.: Юрид. лит., 1983.

101. Советское административное право. М.: Юрид. лит., 1985.

102. Советское административное право. М.: Юрид. лит., 1989.

103. С о р о к и н В.Д. Проблемы административного процесса. М.: Юрид.лит., 1968.

104. С т у д е н и к и н а М.С. Законодательство об административной ответственности и проблемы его кодификации: Автореф. канд. дисс. М.: 1967.

105. Т а р а н о в А.А. Административная ответственность в Республике Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 1997.

106. Т а р а н о в А.А. Административное право Республики Казахстан (общая часть). Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

107. Т а р а н о в А.А. Предпринимательство и административная ответственность // Предпринимательство и право. 1977, №5.

108. Т а р а н о в А.А. Административный штраф // Предприниматель и право. 1997. №20.

109. Т а р х о в В.А. Ответственность по советскому праву. Саратов, 1973.

110. Т у м а н о в В.М. Административная ответственность организаций: Автореф. кан. дисс. Одесса, 1993.

111. П а в л о в а Е.С. Применение судьей мер административного взыскания. М.: Юрид.лит., 1987.

112. Ф а й р а д о в а У.Ш. Административная ответственность за нарушение природоохранительного законодательства. Баку: ЭАМ, 1989.

113. Ш е р г и н А.П. Администратиная юрисдикция. М.: 1979.

114. Х а м е н у ш к о И.В. О правовой природе финансовых санкций. М., 1997.

115. Х а м е н у ш к о И.В. Правовая природа ответственности за нарушение норм финансового законодательства “Государство, право, управление” Воронеж: ВГУ, 1998.

116. Х и м и ч е в а Н.И. Налоговое право. М.: БЕК.1997.

117. Х у д я к о в А.И. Налоговая система Казахстана: налоговые правонарушения. Алматы, Баспа, 1997.

118. Х у д я к о в А.И. Налоговое право Республики Казахстан. Алматы, Жеті жарғы, 1998.

119. Х у д я к о в А.И., Н а й м а н б а е в С.М. Русско-казахский финансово-правовой толковый словарь. Алматы, 1997.

120. Ю с т у с О.И. Финансово-правовая ответственность налогоплательщиков организаций: Автореф. дисс. канд. юрид. наук. Саратов, 1998.

121. Я к у б а О.М. Административная ответственность. М.: Юрид. лит. 1972.

122. Я в и ч Л.С. Общая теория права. М., 1976.

123. Я н и П. Налоговое законодательство: проблемы ответственности // Законность. 1993. №3.

124. Я н и П. Налоговые нормы уголовного закона // Деловой мир. 1994.

Мұхитдинов Нәжмитдин Бәукеұлы,

Найманбаев Серік Мұсанұлы,

Серимов Өмірзақ Серимұлы,




Салықтық заңдарды

бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік

(оқулық басылым)

Административная ответственность за нарушения налогового законодательства (Учебное издание)

Тереге берілген күні 1999 ж. 11 тамызы.

Басуға 1999 ж. 17 тамызында қол қойлды.

Пішімі 60х84/16. Қағазы офсеттік. Шартты баспа

Табағы 15,46. Есептік баспа табағы 13,65. Шартты бояулы

Табағы 16,04. № 501 тапсырыс. Таралымы 100 дана.

______________
Қазмем ҒАҒЗИ баспаханасы

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221



Н.Б.МУХИТДИНОВ, С.М.НАЙМАНБАЕВ,

У.С. СЕРИМОВ
ҚАЗАҚША-ОРЫСША

САЛЫҚТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ

ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГI
Казахско-русский налогово-правовой толковый словарь

(Учебное пособие)

Алматы 1999
ББК 81.2 + 67

М 92
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ


Экономика және құқық институтының Ғылыми Кеңесінің шешімі бойынша заң және экономика оқу орындары студенттеріне оқу құралы ретінде ұсынылған.
Пікір жазған: профессор Тулеуғалиев Г.И.
Мухитдинов Н.Б., Найманбаев С.М., Серимов У.С.
М 92 ҚАЗАҚША-ОРЫСША САЛЫҚТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГI. - Алматы, 1999. - 139 бет.

ISBN 9965-408-22-Х
"Салықтық құқық," курсын зерделеуге арналған бұл сөздік тақырыптар бойынша жүйелендірілген негізгі салықтық-құқықтық тусініктер мен терминдерден тұрады. Сөздіктің соңында қосымша турінде "Салық кодексі", сондай-ақ тиісті қазақша және орысша оқу бағдарламалары берілген.

Сөздікті заң және экономика жоғарғы оқу орындарының студенттері мен аспиранттары оқу қуралы ретінде пайдалана алады.


Этот словарь состоит из основных налогово-правовых терминов, расположенных по тематическому принципу. В конце словаря в качестве дополнения включены "Налоговый кодекс РК" (на русском языке) с изменениями и дополнениями, а также учебные программы на казахском и русском языках.

Словарь рассчитан на студентов и аспирантов юридических и экономических учебных заведений.


ББК 81.2 + 67


4602030000- 01

М 00(05)-99


ISBN 9965-408-22-Х
©Мухитдинов Н.Б., Найманбаев С.М.,

Серимов У.С., 1999

Алғы сөз

Нарықтық экономика жағдайындағы салықтар мемлекет қаржыларын қалыптастырудың аса маңызды қайнары – түсім көзі және экономикалық процестерге айтарлықта ықпалын тигізетін таптырмас қуатты құрал ретінде көрініс табады. Салықтардың көмегімен жиылған қаржы-қаражаттар әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттағы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалатындықтан, бірінші кезекте әлеуметтік саясатты, кейін басқаларын жүзеге асыру мүмкіндігін туындатады. Мемлекеттің салықтық қызметі тек тиісті құқықтық нормалардың арқысында салықтардың дұрыс есептелініп, толығымен әрі уақтылы алынуына, салық заңдарының ойдағыдай атқарылуына бақылау жүргізіледі, сондай-ақ салық заңдарын бұзушыларға тиісті заңи жауапкершілік шарасын қолдану қамтамасыз етіледі.

Демек, салық салу аясындағы мемлекеттің салықтық қызметі әрдайым құқықтық нысанда жүргізіледі және жоғарыда аталған құқықтық нормалардың жиынтығы салықтық құқықты құрайды.

Егер салықтар мен мемлекет қандай да болмасын дәрежеде өзара тығыз байланыста болса және әрқашанда бәрге көрініс тапса, онда салықтық құқық та олардың қатарынан өзіне тиісті, мызғымас орнын алады. Сонымен салықтық құқықты ойдағыдай зерделеп, игеру тек болашақ заңгер үшін ғана қажет емес, олармен қатар салықтық құқықты салық төлеушілер – заңды және жеке тұлғалар, судьялар, ішкі істер қызметкерлері, салық қызметі органдары, мемлекеттік қызметкерлердің кейбір санаттары, бухгалтерлер, экономистер, аудиторлар жете білуге тиісті, мүдделі әрі міндетті де айтуымызға әбден болады.

Осыған орай, қазірге кезеңде салықтар және салықтық құқық аясындағы ғылыми зерттеулер мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау тауып отырғандықтан салық жүйесі, салықтық қызмет, салықтық заңдар жөнінде ақпарат алғысы келетін тұлғалар қатары (әсіресе салық төлеушілер) күн санап өсуде.

Оқу құралы болғандықтан осы сөздіктегі терминдер мен түсініктер кітаптық мазмұнында көрсетілген тақырыптар бойынша топтастырылған.




Тақырыбы: Салықтар және мемлекеттің салық жүйесі. Мемлекеттің салық қызметі.

Тема: Налоги и налоговая система государства. Налоговая деятельность государства.







Салықтар мемлекеттіктің және нарықтық экономиканың атрибуты болып табылады.

Налоги являются атрибутом государственности и рыночной экономики.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет