Умк биохимия


Ақуыз молекуласының құрылым деңгейлері



бет8/31
Дата07.10.2023
өлшемі467.5 Kb.
#480105
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
annotation29528

5. Ақуыз молекуласының құрылым деңгейлері. Зерттеулер арқылы ақуыз молекуласының I, II, III, IV реттік құрылымдары анықталған.
I реттік құрылым – ақуыз молекуласындағы амин қышқылдарының орналасу ретін көрсетеді. Бұл құрылым пептидтік байланыстар арқылы, аздап дисульфидтік байланыстар арқылы түзіледі. Оны анықтау үшін N-шеткі (I) және С- шеткі (соңғы) амин қышқылдарын анықтайды.
1) N- шеткі амин қышқылдарын анықтау үшін Ф. Сэнгер әдісі қолданылады. Ол үшін ақуызды динитрофторбензолмен (ДНФ) өңдейді.

ДНФ + ақуыз → ДНФ-ақуыз + HF


Сосын ДНФ–ақуыз қышқыл қатысында гидролизденеді, ақуыз және ДНФ-амин қышқылы түзіледі.


Сосын ДНФ–амин қышқылын одан ары гидролизде, немесе бірден хроматография әдісімен стандарттық ДНФ–амин қышқылдарымен салыстырып, қай амин қышқылы екенін анықтайды. Осы әдісті одан ары қайталай береді. Осы әдіспен 1953 ж. Сэнгер инсулиннің бірінші реттік құрылымын анықтаған (Нобель сыйлығын алды).
С – шеткі амин қышқылын анықтау үшін карбоксипептидаза (ұйқы безі сөлінен) ферменті қолданылады. Бұл фермент ақуызды –СООН тобы бар шетінен бастап гидролиздейді. Бөлінген амин қышқылдарын бөліп алып, әр түрлі әдіспен анықтайды. Бұл әдісте гидролиз жылдамдығын мұқият қадағалау керек. Себебі фермент жұмысын тоқтатпай, одан әрі С-шеткі амин қышқылын бөліп шығара береді.
2) Эдман әдісі – фенилизотиоционат әдісі.
3) Дансилхлорид әдісі (диметиламинонафталин–5-сульфохлорид).
II реттік құрылым – тізбектің кеңістікте орналасуын көрсетеді, ол негізінен сутектік байланыстардың көмегімен пайда болады. Зерттеулер нәтижесінде (Л. Поллинт және Р. Корн 1951 ж.) ақуыз тізбектері α- спираль, кейде β-құрылым түрінде болатыны анықталды.
III реттік құрылым – ақуыздық спиральдің кеңістікте одан ары иіліп, бұралып орналасу тәсілі. Бұл сутектік, гидрофобтық және иондық байланыстардың нәтижесінде пайда болады, бұл III реттік құрылымды түзеді.


IV реттік құрылым – бірнеше суббірліктердің иондық байланыстар арқылы ассоцияциялануы нәтижесінде түзіледі. Суббірліктер – протомерлер, ассоциат – мультимер деп аталады. Протомер саны төрттен (гемоглобин) бірнеше мыңға (табак мозаикасы вирусы) жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет