64.Балқы Базар жыраудың «Әлеуметтер, құлақ сал» өлеңі
«Әлеуметтер, құлақ сал» — деген толғауында: «Бұл дүние шолақ, өткінші. Одан әлемді басқарғандар да, хандар да, әулиелер де, бай да, би де, батыр да, шайыр да өткен, ендеше біз де өтеміз» — дейді. Тірілерді сабырға, қанағатқа, рахымшылыққа шақырады. Өйткені:
«Алладан ахуал келгенде, батырлар тұрмас бағында,
Жаһанды жалғыз тағында.
…Дүниені дос көріп, жиғаныңмен тірнектеп,
Өлгеніңде үстіңе киері – үш қат бөз болар»…, - деген жыр жолдарынан философиялық ой-толғамы мол діндар адамның бейнесін елестету қиын емес. Осы ислам діні тәрбиесінің басты талабы «жетім көрсең жебей жүр», «жетімнің босағасы алтыннан болса да дүниесі арам» деп жетім, жесірлерге қолдау көрсету болса, Базар жырау да «Жетімнің қамын ойласаң - жесірдің көңілі жұбанар, Өнбейтін даудың ізінен - өспейтін жігіт қуалар» , - деп жырлайды.
65.Майлықожаның «Толғау» өлеңі
Майлықожаның «Толғау» жыры «Ілімге толса көкірек, ашылар көзі сананың» деп басталып, түйдек-түйдек дидактикалық тұжырымдарға құрылады. Ақынның «Жігіттің көркі – өнері», «Өңкей жақсы қосылса, Бітіреді кеңесті. Өңкей жаман қосылса, Шығарады егесті», «Жаман-жақсы әр істі Пейілінен адам табады», тағы сол сияқты мақалға бергісіз нақыл сөздері шығарма мазмұнындағы ой-пікірлерін шегелей түседі. Жырда ақын өзіне рухани ұстаз санаған Әлішер Науаи, Әбілқасым Фирдоуси сынды тұлғалар тірі болса, елдің тірегі болар еді деп армандайды. Толғауда ақын жақсылық пен жамандықтың, әдептілік пен әдепсіздіктің, естілік пен есуастықтың, өсекшілдіктің, кербездіктің, парасаттылықтың белгілерін термелеп, жас ұрпақты осы айтылған ғибратынан үлгі алуға шақырады.
66.Ш.Қанайұлының «Қисса Шортанбайдың балалары һәм қисса қаһарман» толғауы ТАППАДЫМ
67.Майлықожаның «Толғау» өлеңіндегі «Ыбырат берет сөзіңе» деген жолындағы ыбырат сөзінің мағынасын түсіндір
Ыбырат – «баға беру» яғни бұл сөздің тікелей мағынасы әр нәрсенің бағасын беру дегенді білдіреді. Мысалы: «Ыбырат берет сөзіңе» бұл жолдарда сөйлеген сөзге баға беретіні жайлы жазылған. Тағы бір мысал: Өлең мен берсем ыбырат,
Өзімнің қазақ халқыма, бұл өлең жолдарында да дәл осылай, бағаны өлеңмен жеткізетінін айтқан.
Достарыңызбен бөлісу: |