З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


Жуық мөлшерлі мезгілдің берілуі



Pdf көрінісі
бет157/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

Жуық мөлшерлі мезгілдің берілуі
(обозначение приблизительного времени)
1. Қазақ тілінде мезгілді жуық шамамен сипаттағанда таман, жуық, қарай сияқты септеу-
ліктермен беріледі.
2. Сағаттық, күнтізбелік + көптік жалғауы + жатыс септігі құрылымымен беріледі:
Нақты уақыт
Ол жиырма бесінші қыркүйекте келеді.
Мен сағат алтыда келемін.
Мен ауылға автобуспен бір сағат жүремін.
Ол сағат үште кетті.
Ол Астанада екі жыл тұрды.
Қосымша сабақ кешкі сағат алтыдан 
кейін басталады.
Жуық шамамен, берілген уақыт
Ол қыркүйектің жиырма бестеріне қарай 
келеді.
Мен сағат алтыға қарай келемін.
Мен сағат алтыларда келемін.
Маған мына тапсырманы дайындау үшін 
жарты сағаттай уақыт керек.
Ол үшке таман үйіне қайтты.
Ол Астанада екі жылдай тұрды.
Ол Астанада екі жылға жуық тұрды (Они 
в Астане жили около двух лет).
Қосымша сабақ кешкі сағат алтылардан 
кейін басталады.
3.  Егер  контекстен  сөткенің  қай  бөлігі  екені  түсінікті  болса,  онда  сағат,  күн,  кеш,  түн 
түсіріліп айтылуы мүмкін: Маған үштерден кейін кел. Поезд беске қарай жүреді.


121
4. Сағаттық уақыт + жоқ (болған жоқ):
- сағат қанша болды?
- нақты білмеймін, әлі сегіз болған жоқ.
- әлі сағат екі болған жоқ, мен шаршадым.
5. Реттік сан есім + жылдары тіркесі уақытты жуық шамамен білдіреді: Жиырмасыншы 
жылдар – көркем өнер тарихындағы қызықты жылдар. Ол өзінің басты еңбектерін 70-ші 
жылдары жазды.
6.  Жуық  шамамен  берілген  сағаттық  уақыт  +  арасында  сөзімен  тіркесі:  Маған  екі  мен 
үштің арасында хабарлас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет