1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


Сапалық және қатыстық сын есімдердің заттануы



бет119/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Сапалық және қатыстық сын есімдердің заттануы.


Сапалық сын есімдер "Сапалық сын есімдер" деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз. Қатыстық сын есімдер Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз. Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал); Өткір пышақ қол кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).


1-тапсырма Төменгі жырдан алынған үзіндіні мәнерлеп оқып, буын түрлерін анықтап, тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңдар.

...Саған айтпай сөзімді кімге айтайын, Ұялмай үйге қайтып бос қайтайын Өлсем де атап берші тір тояйын Мағшардағы күнжін мән тартайын ( «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырынан)


2-тапсырма Сөйлемді оқып шығып, мағынасын түсіндіріңіз, ондағы тыныс белгілерін тексеріп, буынға бөліп оқыңыз.
Ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәйір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?


3-тапсырма. Қала және облыс атауларын әліпби бойынша оқып шығыңыз. Астана, Павлодар, Талдықорған, Семей, Жезқазған, Тараз, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Көкшетау, Атырау.


4-тапсырма Мына кірме сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құраңдар.
Білім,
күн,
сабақ,
телефон,
талап.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет