1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


Шаруашылық, кәсіптің жыл сайын бір мезгілде қайталанып отыратын түрлерін білдіру арқылы қалыптасқан мезгіл мәнді тұрақты тіркестер қатарын көрсетіңіз



бет89/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

4.Шаруашылық, кәсіптің жыл сайын бір мезгілде қайталанып отыратын түрлерін білдіру арқылы қалыптасқан мезгіл мәнді тұрақты тіркестер қатарын көрсетіңіз:
A. жер кепкенде, қар жауғанда, күз түскенде
B. қой қоздағанда, мал төлдегенде, егін науқанында
C. мұз қатқанда, жер қарайғанда, жаңбыр жауғанда
D. таң сәріде, таң атқанда, жел соққанда
E. көзді ашып-жұмғанда, таң атқанда
5.Іс-әрекеттің басталу сәті мен аяқталу сәтін білдіретін мезгіл мәнді сөйлемнің сұрақтары
A. қашан? қай кезде?
B. қай уақыттан бері? қай уақытқа дейін?
C. қандай? қай?
D. нені? неден?
E. кіммен? немен?


СӨЖ: Уақыт туралы мәліметтер жазыңыз.
ОСӨЖ: «Уақыт – алтыннан қымбат» тақырыбына эссе жазыңыз.


Орта деңгей (В1)
10-апта
Театр және кино өнері
Бірлескен іс-қимылдың берілуі, қимылдың тәсілі, амалы. Жалпылау есімдіктері.
М. Әуезов атындағы академиялық драма театры қазақтың алғашқы кәсіби театры 1925 жылдың аяғында ұйымдастырылды.
1926 жылы 13-қаңтарда М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясымен тұңғыш театр шымылдығы ашылды. Алғашқы ашылған жылдары мұнда қазақтың халық ішінен шыққан өнерпаздары Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Жұмат Шанин, Қалибек Қуанышбаев және т.б. ойнады. Театрдың алғашқы режиссері және басқарушысы Ж. Шанин болды. Б. Майлиннің «Некеқияр», «Шаншар молда», Ж. Шаниннің «Торсықбай қу», «Арқалық батыр» сияқты шығармалары театрдың алғашқы репертуарын құрады. Қазақ драма театрынан 1934 жылы қазақтың опера және балет театры бөлініп шықты. Қазақтың кино өнері тарихында киноактерлер: Жұмат Шанинның, Шәкен Аймановтың, Әмина Өмірзақованың, Асанәлі Әшімовтың, Меруерт Өтекешованың т.б есімдері ерекше зор құрметпен аталады.
Шәкен Айманов атындағы киностудия Алматы кинохроника студиясы (1934) базасы негізінде құрылды. «Қазақфильмнің» қалыптасып, өркен жайып өсуіне Ш. Аймановтың қосқан үлесі елеулі. Ол осы киностудияның 1953 жылдан 1970 жылға дейін көркемдік жетекшісі болды. 1952 жылы «Жамбыл» атты толық метражды түрлі-түсті көркем фильм тұңғыш рет жасалды, ал 1965 жылы «Алдар көсе» атты алғашқы кең экранды көркем фильм түсірілді. Тұңғыш рет халықаралық дәрежедегі жүлдеге ие болған қазақтың көркем фильмі «Ана туралы аңыз» 1964 жылы экранға шықты. Көрермендердің ерекше ілтипатына бөленген «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Шоқан» кинофильмдері осы «Қазақфильм» студиясында жасалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет