Жалпылау есімдігі
Жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретіи есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады. Мысалы: Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би.
Жалпылау есімдігі көбіне-көп анықтауыш қызметінде жұмсалады. Сондай-ақ жалпылау есімдігі көптеледі, тәуелденеді, септеледі. Мысалы: Енді нені істейміз, бәрінен де бос қалдық?
1-тапсырма.Өнер туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табыңыздар.
Өнер алды –
|
өнер кеніші.
|
Өнерлі
|
жетпіс өнер де аз.
|
Ән – көңілдің ажары,
|
қызыл тіл.
|
Ел іші –
|
өрге жүзер.
|
Жігітке
|
күмбірлеген күй – өмірдің базары.
|
2-тапсырма. Өнер туралы нақыл өлеңдерді мәнерлеп оқыңыздар.
Жігіттің көркі – өнері,
Талап – кісі мұраты.
Өнер қалмақ артында,
Дүниенің өшпес шырағы. (Майлықожа Сұлтанқожаұлы)
***
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы, күйлі,
Тыңдағанда көңілдің өсері бар. (Абай Құнанбаев)
***
Өзгеге көңілім, тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың. (Абай Құнанбаев)
3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Қазақтың алғашқы кәсіби театры қай жылы ұйымдастырылды?
2) Театр шымылдығы кімнің және қандай шығармасымен ашылды?
3) Театрдың алғашқы репертуарын атаңыз.
4) Қазақфильм киностудиясы қай жылы құрылды?
5) Толықметражды, түрлі-түсті көркем фильм тұңғыш рет қай жылы жасалды?
Достарыңызбен бөлісу: |