1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, оның тура не ауыспалы мағынада тұрғанын айтыңдар



бет92/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, оның тура не ауыспалы мағынада тұрғанын айтыңдар.
Ағасы бардың -... бар,
Інісі бардың -... бар.
... тасыса, қайық төгілер,
... тасыса, ақыл төгілер.


Қажет сөздер: жағасы, су, ой, тынысы.

2-тапсырма. Көп мағыналы сөздер қатарын жалғастыр.
1.Адамның аяғы,....
2.Домбыраның құлағы,....
3.Жараның ауызы,....
4.Пышақтың жүзі,.....


3-тапсырма. Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.
1.Қанат – құстардың ұшып-қонатын дене мүшесі. Алты қанат ақ орданы тігуге кірісті.
2.Көзім ауырып дәрігерге көрініп жүрмін. Иненің көзіне жіп өткізе алмадым.
3.Сөздің басын арыдан бастады. Адамның басы – Алланың добы.


4-тапсырма. Сәулет өнері туындылары жайындағы мына мәтінді аударыңыз.
«Хан-Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы 2010 жылы 5 шілдеде ашылды. Президент сарайынан бастау алған Бас қаланың ғажайып ғимараты Астана қаласының жаңа орталығының кіндігінде орналасқан. «Хан-Шатыр» бірегей кешені жобасының авторы – танымал ағылшын сәулетшісі Норман Фостер. Жобаның ерекшелігі – оның ішкі климаты ғимараттағы қазіргі заманғы автоматикалық құралдар арқылы қадағаланатынында.


СӨЖ: Сәулет өнерінің дамуы (мағлұмат).
ОСӨЖ: «Қазақ халқының сәулет өнері» тақырыбына эссе жазыңыз.


Жоғары деңгей (С1)
10-апта
Көшпенділердің мәдени мұрасы туралы мәлімет.
«Мәдени мұра» бағдарламасы.
Сөйлемнің толық аяқталуы және мазмұнының жүйелі түрде құрылуына қажетті қыстырма конструкциялар (біріншіден, екіншіден, меніңше, менің пікірімше, менің ойымша ...), шылаулар (және, мен, себебі, өйткені, сондықтан ...), және бейнелі тілдік қолданыстар.


Мәдени мұра – баға жетпес байлық. Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз пен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері. Әр халықтың қалыптасу, даму жолында өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл тарихи құндылықты зерделеп жарыққа шығару маңызды мәселелердің бірі.
2003 жылы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған бағдарлама ретінде «Мәдени мұра» бағдарламасы дүниеге келді. «Мәдени мұра» бағдарламасы аса ауқымды жоба ретінде ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, археологиялық зерттеулер, қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар мен ұлттық әдебиетті ортақтастыруды мақсат еткен бірқатар бағыттардан құралған.
Бұл бағдарлама бойынша ғасырлар бойы қарастырылмаған ата-бабаларымыздың мұралары жете зерттелді. «Мәдени мұра» бағдарламасы басталғаннан бері 78 тарихи және мәдени ескерткіштер қалпына келтіріліп, Қожа Ахмет Яссауи Кесенесі мен Тамғалы археологиялық кешені «ЮНЕСКО» Әлемдік мәдени мұрасына кірді. Сонымен қатар Дамаск қаласындағы Сұлтан Әз-Захир Бейбарс кесенесі, Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарс мешітінің реставрациясы және Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталығы кесенесінің құрылысы да сәтті аяқталды. Жоба аясында Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения, және, АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми- зерттеу экспедициялары жіберіліп, Қазақстанның тарихына, этнографиясына және өнеріне байланысты 5 мыңнан астам құнды архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды.
«Мәдени мұра» бағдарлама жұмыстарының нәтижесі жарық көріп, еліміздің тарих саласындағы оқулықтары мен оқу материалдарын толықтырды, бұл келешек ұрпақтарымызға Қазақ елін толыққанды тануға, оның әлемдегі кез-келген ұлттық мемлекеттерден кем түспейтіндігін дәлелдеуге жол ашып берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет