1 Аудармашылық трансформацияларды меңгерудің теоретикалық негіздері


Аудармашылық трансформациялардың классификациясы



бет4/16
Дата19.02.2022
өлшемі99.77 Kb.
#455533
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Мақаш Айнұр

1.2.1 Аудармашылық трансформациялардың классификациясы

Л.С.Бархударов лексикалық алмастыруларды жеке атап өтеді, олар : конкретизация және генерализация.


Конкретизация дегеніміз- аудармаға берілген мәтіндегі сөздерді ауарма тіліндегі мағынасы жағынан референциалды немесе мағынасы жағынан таяз сөз тіркесімен алмастыру.


He told me over and to come right over, if I felt like it.- Велел хоть сейчас приходить, если надо. – Ол маған керек болса, дәл қазір кел деп айтты.

Генерализация- бұл конкретизацияға қарама –қайшы құбылыс, яғни аударуға берілген сөздің аударма тіліндегі мағынасы кең қолданыстағы эквивалентін табу.




He comes over and visits me practically every weekend. – Он часто ко мне ездит, почти каждую неделю. – Ол маған жиі келеді, әр апта сайын.

В.Н.Комиссаров аудармашылық трансформацияларды лексикалық және грамматикалық деген негізгі типтерге жіктеген. Лексикалық трансформациялардың негізгі тәсілдері : транскрибирлеу және транслитерациялау.




Kleptocracy – клептократия(ұрылар әлемінің элитасы)
Dorset (do: sit)- Дорсет
Boss – босс (бастық)

Калька- бұл аудармашылық тәсіл лексикалық бірлікті бөлшектеп аударуға, яғни морфемалардың немесе лексикалық мағынасынан сай сөздермен аударуға негізделген тәсіл.




Green revolution – зеленая революция – жасыл революция
Mass culture – «массовая культура»- жаппай мәдениет

В.Н.Комиссаров лексикалық-семантикалық алмастыруларды да атап кеткен. Бұл типке негізінен конкретизация, генерализация, мағыналық жетілдіру енген.




He was at the ceremony.- Он присутствовал на церемонии. – Ол церемонияда болды.
He always made you say everything twice.- Он всегда переспрашивал(прием смыслового развития).- Ол бәрін қайта сұрайтын.

Я.И.Рецкер аудармашылық трансформацияларды лексикалық және грамматикалық түрлерге жіктеген. Я.И.Рецкер лексикалық трансформациялардың жеті түрін ажыратқан:


- мағыналық дифференциация


- мағыналық конкретизация
- мағыналық генерализация
- мағыналық жетілдіру
- антонимикалық аударма
- толықтай өзгертулер
- аударма кезінде жоғалтылған мәліметтің орнын толтыру


He ordered a drink. – Он заказал виски.- Ол ішімдікке тапсырыс берді («drink» сөзінің сан түрлі баламасы)
Have you had your meal? – Вы уже позавтракали?- Сіз таңғы асыңызды іштіңіз бе?(бұл конкретизация мысалы)
The treatment turned to be successful and she recovered completely.- Лечение оказалось успешным и она полностью выздоровела. – Ем нәтижели болды және ол толықтай сауығып кетті.

Мағыналық жағынан жетілдіру тәсілі негізін аударма кезінде аударылып отырған сөздің аударма тіліндегі контекстке сай, логикалық байланысы бао сөзді табуға негізделген. Осы қатарда метафорикалық және метонимикалық алмастырулар қарастырылады.


He gave the horse his head. – Он отпустил поводья.- Ол аттың басын босатты. – бұл жерде анық метонимикалық байланыс сақталған.


Толықтай өзгертулер тәсілі мағыналық өзгерту тәсілінің бір амалы болып табылады. Бұл жерде жеке элементтердің емес, толықтай алмастырулар байқалады.


Never mind. – Ничего, не беспокойтесь, не обращайте внимания.- Оқа емес, алаң болмаңыз, назар аудармаңыз.

Публицистикалық мәтіндерді аудару кезінде лексикалық трансформациялардың ішінде кең тарағаны толықтай өзгертулерді енгізу.




The other tasks of the revolution in the South could be left to work themselves out. – Выполнение других задач революции на Юге можно было пустить на самотек. – Оңтүстіктегі революцияның басқа мақсаттарының орындалуын өз бетінше қалдыруға болар еді.

Аударма кезіндегі компенсация деп аударуға беріліп отырған мәтіннің аударма кезінде жоғалтылған лексикалық бірліктерінің орнын толтыру деп атауға болады.


Егер де аударма кезінде айрықша сөздер, мысалға жалқы есімдер кездесетін жағдайларда лексикалық трансформациялар қолданылады.Сонымен қатар лексикалық трансформациялар терминдер, негізгі тіл мәдениетіне сәйкес келетін атаулар, құбылыстар атаулары, мәдени терминдер, кәсіби сөздер, дәстүрлі сөздер қолданылған кезде қолданылады. Осы сияқты сөздерге айрықша назар аудару аударма кезіндн өте маңызды болып келеді.Мұндпй сөздер аударма кезінде маңызды қызмет атқарады , контекстке қарамастан осындай сөздер өзгеруге ұшырамайды.
Лексикалық трансформация тәсілдеріне транскрипция және транслитерация, калька, лексико-семантикалық алмастырулар, конкретизация, генерализация, модуляция жатады.
Аудармашылық транскрипция дегеніміз- аудармаға берілген мәтін құрамындағы сөздерді морфемалар деңгейінде, фонетикалық имитациядан құралатын процесс.
Транслитерация – бұл негізгі мәтіндегі сөздерді әріптеп, лексикалық бірлікті аударма тіліндегі әліпби арқылы аудару. Алайда транслитерацияға ұшыраған сөз негізгі тілдегі нұсқасы сияқты дыбысталады. Мысалға алатын болсақ, Shakespeare – Шекспир. Егерде аударма тілінде негізгі тілдегіге ұқсас фонетикалық аналогтар болмаса, фонетикалық өзгертулер байқалады .Мысалға ағылшын тіліндегі дифтонгтер аударма кезінде монофтонгтерге айналады.
Басқаша айтатын болсақ, транскрипция немесе транслитерация (толықтай немесе бөлшектік) аудармаға берілген сөздің, яғни реалийді беріп тұрған сөзді өзгерістерге ұшыратады.
Орыс тіліне аудару кезінде транслитерация мекеме атауларын, мамандық атаулары, шен атаулары, елге тән ұғымдар атауларын, ел тірлігін сипаттайтын сөздерді, материалдық құндылықтар атауларын, қаратпа сөздерді, т.с.с айрықша көрсету кезінде қолданылады.
Hollywood- Голливуд
Pencey- Пэнси
Saxon Hall – Сэксон-Холл
Robert Tichener- Роберт Тичнер
Paul Campbell- Пол Кембел
Elkton Hill- Элктон-Хилл
Edgar Marsala- Эдди Марсала
Bank of London- Бэнк оф Лондон
Minnesota - Миннесота
Wall Street Journal- Уолл Стрит Джорнал
Detroit Red Wings- Детройт Ред Уингз

Сонымен қатар транслитерацияға атаулары ойдан шығарылған ертегі, әдеби және фольклорлық атаулар, құбыжық атаулары ұшырайды.


Баба-Яга- Baba-Yaga
Хоббит- Hobbit
Гоблин- Goblin және т.б.
Калька
Негізгі тілден аударма тіліне аудару процесі кезінде аудармашылық транслитерациямен қатар калька қолданылады. Калька дегеніміз – негізгі сөзді аударма тіліне дыбыстық жағынан емес, аударма тіліндегі морфемалық, лексемалық ұқсас элементтерін табу. Калька аудармашылық трансформация ретінде көптеген халықаралық терминдердің қалыптасуына, кірме сөздер қатарын арттыруға біраз септігін жасады. Калька транслитерация қонымсыз жағдайларда қолданылады. Алайда калька аудармашылық трансформация ретінде транскрипция мен транслитерацияға қарағанда сирек кездеседі.
Транскрипцияға қарағанда калька жай ғана аудару процесі емес, кей кездері негізгі сөзді трансформацияларға ұшыратуға тура келеді. Ең алдымен бұл берілген сөздің септік формасының, сөз тіркесіндегі сөз санының, аффикстердің, сөз тәртібінің, морфологиялық және синтаксистік деңгейінің өзгеруімен, т.с.с байланысты.
Лексикалық-семантикалық алмастырулар
Лексикалық-семантикалық алмастыру тәсілі негізгі тілдің лексикалық бірліктерін аударма тіліндегі логикалық жағынан жақын бірліктермен алмастыруға негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет