1. Бұқар. «Ей, Абылай», «Жар басына қонбаңыз»


С.Мұқанов. «Сұлушаш» поэмасы, «Өмір мектебі» романы



бет10/21
Дата10.03.2024
өлшемі54.42 Kb.
#494898
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Шығармалар

14. С.Мұқанов. «Сұлушаш» поэмасы, «Өмір мектебі» романы
Сұлушаш — Сәбит Мұқановтың 1928 жылы драмалық оқиғаға құрылған поэмасы.
Поэмада қазақ ауылындағы әлдінің озбырлығы мен әлсіздің көрген қорлығы , әсіресе адамның бас бостандығының жоқтығы, яғни байдың кедейге не айтса сол болатындығы, екі жастың бір-біріне деген соншалықты махаббаты суреттелген. Туындының бар оқиғасы Алтай мен Сұлушаштың төңірегіне құрылған. Яғни осы екі жастың сүйіспеншілігі , бір - біріне деген махаббаты жырланады. Поэма Сұлушашты Алтайдан айырудан басталады. Бұл екеуінің бірін - бірі жан - тәнімен жақсы көрген , бар жүрек лүпілімен бір - біріне ұмтылған адал , албырт сезімдерін феодалдық қара күш аяққа таптап жаныштайды. Поэманың кейіпкерлері Сұлушаш пен Алтай екі түрлі әлеуметтік ортадан шыққан. Сұлушаш атақты Тілеуберді байдың ерке өскен қызы болса, Алтай — сол байдың екі құлының баласы, байдың малын бағып жүрген жалшы жігіт. Өмірден көрген қиындығы мен таршылығы Алтайдың намысшыл, жігерлі, күшті болып өсуіне ықпал етеді. Оның бойында тағдырдың әділетсіздігіне қарсылық, наразылық ерте оянады. Бірақ қоғамдағы салт-сана тәртібі екеуінің қосылуына жол бермейді. Өйткені бірі—байдың қызы, бірі— құл мен күңнің баласы. Армандарына жету жолында жастар көп қиындықтар көреді. Озбырлардан қанша қысым көрсе, олар өз сезімдері жолында бастарын тәуекелге байлайды. Махаббатқа адалдық оларды неге болса да тайсалмай қарсы тұруға жетелейді. Алтай мен Сұлушаштың озбыр топтан қашып шығып, қол ұстасып иесіз тауды паналаған кездерінде , ашығьп-тарыққанда оларға осы сезім қуат береді. Алтайдың жанында сенімді серігі Қайсар болады. Сол тау басында Сұлушаш жолбарысқа тап болып, таудан секіреді. Алтайды сүйгенінен айырады. Ақырында қуғын - сүргін көрген Алтай мен Сұлушаш қайғыдан құса болып , азапта өледі. Ақын халық арасындағы аңызды алып , екі жастың орындалмаған арманын, сол кездегі қоғамдық теңсіздікті суреттейді. Сонымен қатар қазақ даласындағы өткен әділетсіздікті әшкерелейді. Кіршіксіз таза екі жанның арманына жете алмай, қыршын кетуі шынайы баяндалады.
Өмір мектебі-1-кітабы «Азапты жолда»
2-кітабы «Азаттық жолда»
3-кітабы «Есею жылдары»
Алғашқы кітабында жазушының шыққан ортасы, жетімдікпен, жоқшылықпен өткен балалық шағы; одан кейінгі кітабында елдегі әлеуметтік өзгерістерге ілесе, білім жолына ұмтылысы, қоғамдық істерге араласа бастаған жастың алғашқы қадамы сипаталады. Ал соңғы кітапта Мұқанов өзінің ақын, азамат, қоғам қайраткері ретінде есеюі жайында сыр шертеді. Сол арқылы ел өміріндегі өзгерістер, қоғамдық жаңару сөз болады. «Есею жылдары» кітабына Қазақстанның Кеңес өкіметі тұсындағы өмірі негіз болған.
Кітап авторы қазақ ауылындағы тап тартысының күшеюі, ауылдың кеңес жолына түсуі, Қазақстандағы алғашқы өндірістер мен ұжымшарлардың құрылуы, жаңа әдебиеттің тууы мен қалыптасуы сияқты негізгі оқиғалар жайын әңгімелей отырып, осы жолдағы қиыншылықтар мен асыра сілтеу фактілерін де өз пайымдауымен сипаттайды. Онда Қазақстан өміріне қатысты сол кезеңдегі қайраткерлердің (С.Сейфуллин, Ә.Досов, С.Меңдешев, А.Асылбеков, Ж.Сәдуакасов, О.Жандосов, О.Исаев) еңбегі сөз болады. Бүкіл шығарманың идеялық түйіні - 20 ғасырдағы халықтың азаттық жолындағы күресі мен жеңісінің табиғи жолын көркем бейнелеу. 3-кітаптың «Қарсақбай сапары» атты тарауында автордың Қарсақбайға барған сапары сөз болады. Ол сол сапарында жас инженер Қаныш Сәтбаевпен танысқанын, Қаныштың өлке тарихы және Жезқазғанның болашағы, атқарылып жатқан жұмыстар жайында қозғаған әңгімесін баяндайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет