1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


ТТТ(тексеру-түсіндіру-тексеру) әдісі



бет52/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   134
емтихан

ТТТ(тексеру-түсіндіру-тексеру) әдісі
Белгілі бір грамматикалық бірлік немесе пунктуациялық ережелер туралы оқушылардың алдыңғы білімін тексеру үшін ТТТ (тексеру-түсіндіру-тексеру) әдісін қолдануға болады.
Әдетте оны ауызша орындалатын жабық тест түрінде өткізуге болады. Ең алдымен оқушылардың ұсынылатын грамматикалық ұғым туралы не білетіндері тексеріледі.
Содан соң оқушылардың естеріне салып, қайта түсіндіріледі.
Практикалық тапсырмалар ұсынылады және жазылым тапсырмалары арқылы оқушылардың орынды қолдана білуі бағалады.
Сабақ соңында пысықтау сұрақтарын қойып қайта тексереді. Әдетте оқушылар сабақ басында тексерген кезде ережені ұмытып қалғандарын байқатады.
Ал бірнеше практикалық тапсырмадан соң қайта тексерген кезде сынып оқушыларын толық түсінгенін көрсетеді. Бұл әдісті кез келген грамматикалық ұғым туралы білімдерін тексеру немесе қайталату мақсаттары үшін пайданалануға болады.
Дигтоглосс тәсілі
Бұл тәсілді TBL (тапсырмаға негізделген оқыту) әдісіне жатқызады және Диктоглосс тапсырмасы өң бойында тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын кіріктіре алады.
Тілді үйрету барысында белгілі бір грамматикалық құрылымды үйретуге арналған тәсіл.
Шағын мәтінді ауызша оқу арқылы жүргізіледі және орындалу тәсілі жағынан мазмұндамаға ұқсайды. Алдымен мұғалім белгілі бір грамматикалық немесе пунктуациялық құрылымдар кездесетін шағын мәтінді дайындайды. Әдетте сөз көлемі 70-80 сөзден аспауы қажет. Мәтін тым көлемді болса, оқушыларға орындау қиынға соғуы мүмкін. Мұғалім мәтінді бірқалыпты темппен оқиды. Оқушылар тыңдай отырып, үлгіргенінше қажетті ақпараттарды, сөздерді жазады. Мәтін екі рет оқылады. Оқушылар жазбаларын толықтырады.
Тапсырма аяқталған соң, оқушыларды бірнеше топқа бөледі. Оқушылар топта жазып алған сөздерді бөлісе отырып, мәтінді қайта құрастырады. Мәтін құрылымын, ой желісін сақтайды, өз ойларын қоспайды. Кейін әр топ өз жұмыстарын сынып алдына тапсырады. Диктоглосс тапсырмасында оқушылардың ойды жеткізу үшін грамматикалық форманы дұрыс қолдана білуіне назар аударылады.
Сабақтың өн бойында грамматикамен жұмысты жүйелі жүргізе отырып, оқушылардың тыңғылықты грамматикалық сауаттылықтарын қамтамасыз етуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет