1. Дене тәрбиесі жүйесіндегі гимнастиканың орнымен мәні



Pdf көрінісі
бет55/56
Дата13.06.2023
өлшемі1.55 Mb.
#474996
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
2501e483bbc50a8874f0ae6e4a0e9dbc (1)

гимнастика бөлімі  


 
1. Гимнастика сабағы 
2.Жеткіншектер, орта және жоғарғы сынып оқушыларына гимнастика 
сабағын жүргізу ерекшеліктері. 
3. Оқушылардың үлгерімін бағалау. 
 
1. Гимнастика сабағы 
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарына (ішіндегі гимнастика бөлімі) 
қойылатын міндеттеріне байланысты, сабақтар жаттығу, аралас және 
бақылау сабағына бөлінеді: 
-жаттығу сабағында өткен тақырыптарды жетілдіреді. 
-аралас сабақта өткен тақырыпты дамытумен жаңа тақырыпты өтеді. 
-бақылау сабағында балалардың үлгерімін тексереді. 
Гимнастикамен айналысудың қандай да бір түрінде 3 фазаның болуы 
шарт: 
1-ші фазада жаттығушылар негізгі жұмысқа дайындалады;
2-ші фазада негізгі жұмыс жасалады;
3-ші фазада жұмыс аяқталады.
Осы фазаларды сабақтың: дайындық, негізгі, аяқтау бөлімі деп түсінеміз. 
2.Жеткіншектер, орта және жоғарғы сынып оқушыларына.  
Жеткіншектер мектеп жасындағы балалардың тері құрылысы қалыптаса 
бастайды және олардың өсуі жалғасады. Дененің жоғары қарай өсуі аздап 
кемиді де дене салмағының өсуі артады. Сондықтан бұл кез дөңгелену кезеңі 
деп аталады. Оқытушы баланың өсу кезеңінің барлық ерекшеліктерін білуі 
керек. 
Жеткіншектер сынып оқушыларына арналған қозғалу жаттығулары тым 
ауыр болмауы керек. Дене тәрбиесінің сауықтыру міндеттерін шешу үшін 
ойындарды дұрыс таңдау керек.
ЖДЖ комплексін құру кезінде оқытушы бірнеше ережені есте ұстауы 
қажет: 
1. Жаттығулар жас ерекшелігіне және мүмкіндігіне сай болуы керек. 
2. Жаттығулар дене құрылысына жан-жақты әсер етуі керек. 
3. Күш түсіруді біртіндеп арттыру қажет. 
4. Көп күш түсіретін жаттығулар күш түсіруді азайту жаттығуларымен 
алмастырылуы керек. 
Ортаңғы мектеп жасындағы балалардың гимнастика сабағында, дене 
тәрбиесін нығайтуға арналған гимнастикалық жаттығулар және өсіп келе 
жатқан ағзаны бекітуге, сонымен қатар ерік-жігерін нығайту арналған 
жаттығулар жүргізу жалғастырылады.
Жаңа жаттығуды үйреткенде көрсету мен оны әңгімелеп айту маңызды. 


Сабақтың негізгі бөлігінде оқытушы қандай да бір элементтің 
техникасын 
дұрыс 
меңгеруді 
үйретеді, 
оқушыларды 
элементтің 
құрылысымен таныстырады.
Өз әрекетін кеңестікте түсіне алмау, олардың дағдысының теріс 
қалыптасуына соқтырады. Жасөспірімдерді оқыту кезінде барлық 
көрнекіліктерді қолдану керек. Ол (көрсету, мүмкіндік, тигізу т.б.)
Мектептегі жоғары жастағы бозбалалар қыздарды дене дамуында қуып 
жетеді.(қыздар жасөспірім кезінде ұлдарға қарағанда тез өседі) 17 жаста 
сүйек және бұлшық еттің қалыптасуы аяқталады. 
Бозбалалардың бұлшық еттері өседі. Алайда толық қалыптаспаған кеуде 
сүйегі аздап қана салмақ түсіруді қажет етеді. Қыз балалардың өз салмағы тез 
қозғалуға бөгет болады. Сондықтан гимнастика сабағында күш түсіруді аздап 
көбейту керек.
Бозбалаларға салмақ көтеру, күш көрсету, бөгеттен өту, акробатикалық 
жаттығулар, тіреліп секіру, іліну және тірелу жаттығулары беріледі. Қыз 
балалар бұл жаста баяу жаттығуларды жасайды, ол жаттығулар гимнастика, 
көркем би жаттығулары, олардың бағдарламасына ерікті жаттығулар 
кіреді,сондай-ақ тепе-теңдікті ұстау жаттығулары т.б.
3.Оқушылардың үлгерімін бағалау. 
Ол оқу материалын меңгергендік жөнінде мәлімет береді және 
оқушының қаншалықты қозғала алатынын анықтайды. 
Үлгерімді белгілеудің негізгі түрлері: 
а) Күнделікті 
б) Қорытынды 
Сабақ барысында барлық қозғалыс жаттығуларына қорытынды 
жасалады. Оқытушы бірнеше оқушыны таңдап алып, олардың қозғалу 
техникасына және теориялық біліміне баға қояды. Қосымша есеп ретінде 
сабаққа қатысушылар мен танысу, олардың спорттық-техникасының 
дайындығын анықтау. 
Әдебиет 
1. Смолевский В. М. Гимнастика и методика преподавания: учебник для 
ин-ов физ. культ.- М: Физкультура и спорт, 1987. 
2. Петров П.К. методика преподавания гимнастики в школе: учебник для 
ин-ов физ. культ.- М.: Физкультура и спорт, 2000. 
3. Брыкин А.Т. Гимнастическая тарминология.М.: ФиС, 1969.-190с. 
4.Шлемин А.М. Гимнастика. Учебник для ин-тов физ.культ.–изд.2-е. М., 
1979. 
5. Смолевский В. М. Гимнастика и методика преподования . Учебник для 
ин-тов физ. культ.–Изд.3. М., ФиС, 1987.
6. Меньшиков Н.К. Гимнастика и методика преподования . Учебник для 
ин-тов физ. культ. М., ФиС, 1990. 
7. Журавин М.Л. Гимнастика. Учебник для ин-тов физ. культ. –Изд.2. М., 
ФиС, 2001.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет