1. ОҚытушы туралы мәліметтер



бет39/66
Дата07.06.2022
өлшемі2.07 Mb.
#459049
түріСеминар
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
oak kaz tar 2021-2022 - kopiya

Бақылау сұрақтары:

1 Қазақстанда кеңес өкіметін орнатудағы ерекшеліктерді атап көрсетіңіз?


2 Азамат соғысы жылдарындағы тартқан азап жергілікті халықтың әл ауқатына қалай әсер етті?
3. Ақпан революциясының қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын не сипаттайды.


Дәріс 3. Мемлекеттік құрылыстың кеңестік моделінің жүзеге асырылуы

1.Жер-су реформасы мен Қазақстан ЖЭС жылдарында


2. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны. Қазақ зиялыларын қуғындаудың басталуы.
3. Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны, салдары. Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері.
4. Ұлттық зиялыларға қарсы сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін.


Дәрістің мақсаты:Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны мен Сталиндік қуғын-сүргін, ұжымдастыру мен еліміздегі индустрияландыру ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасау.
Түйін сөздер – сауда, салық, салғырт, шаруашылық, тәркілеу, ұжымдастыру, индустрияландыру, өнеркәсіп, темір жол, сталиндік террор.


1. І дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, 1917 жылғы төңкеріс, азамат соғысы елді дағдарысқа әкеліп тіреді. Қазақ өлкесіндегі мемлекет меншігіне алынған 307 кәсіпорындарының екі жүз елуі қиратылды немесе жұмыс істемей бос қаңырап тұрды. Мысалы, Жезқазған, Успен, Риддер кеніштерін су басып қалса, ал Спасск кен байыту кәсіпорны өртеніп кетті. Ембі мұнай кәсіпшілерінің 147 бұрғысының сегізі ғана жұмысқа жарамды болды. Темір жолдардың көп бөлігі істен шығып қалды. Жанар-жағар майдың жоқтығына байланысты кәсіпорындар жұмыссыз тұрды. Ауыл шаруашылығы да қатты күйзеліске ұшырады. Егістік көлемі екі млн десятинаға, астықтың көлемі үш есе қысқарып, мал басы 10,8 млн-ға азайды. Осындай жағдайға қарамастан елде азық түлік салғырты жүргізіле берді. Партия және кеңес органдары күштеу әдістерін қолдану арқылы нан, ет, ауыл шаруашылық шикізатын тоқтатпады. Мысалы, 1920 жылдары салғырт бойынша халықтан 1,5 млн пұт нан тартып алынған. Осының салдарынан астық тапшылығы 2-2,5 млн пұтты құрады. Мұның бәрі халықтың ашу ызасын туғызды. 1920-1921 жылдардағы Кеңес үкіметінің саясатына наразылық білдіру ашық көтеріліске ұласты. Халық наразылытары Семей облысын, Қостанай, Ақмола, Петропавл, Көкшетау уездерін қамти бастады. Шаруалар «Кеңестер коммунистерсіз болсын!», «Салғырт жойылсын!» деген ұрандар көтерді.1921 жылы 8-16 наурызда РКП(б) Х съезі өтіп, онда жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. ЖЭС-тің мәні: азық түлік салғырты азық түлік салығымен ауыстырылып, еңбек міндеткерлігі жойылды; сауда жасауға жерді жалға алу, жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат етілді; коперация мен шаруашылық есепке еркіндік берілді.Алайда, 1921 жылдың жазында Қазақстан өлкесінің солтүстік аудандарында құрғақшылық басталды. Сол себепті Орныбор, Орал, Ақтөбе, Қостанай облыстарындағы егістік қурап кетті. Республика бойынша 2,3 млн адам аштыққа ұшырады. Ауыл шаруашылығындағы қиыншылықтар 1923 жылғы өнімге дейін жалғасты. 1922 жылы Қазақстан халқының саны 1914 жылмен салыстырғанда 1 млн адамға кеміді.ЖЭС өз нәтижесін тек 1920 жылдардың ортасына қарай ғана бере бастады. 1925 жылы халық шаруашылығы негізінен қалпына келтірілді. Өнеркәсіп өнімін өндіру соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда үштен екіге дейінгі көлемге жетті. Өнеркәсіптердің 60% іске қосылып, көлік қатынасы қалпына келтіріле бастады. Егіс көлемі 3 млн гектарға жетіп, астық өнімін жинау соғысқа дейінгі деңгейдегі қалпына келді. Мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп, 26 млн басқа жетті. Жәрмеңкелер қайта қалпына келтірілді. Ойыл, Темір, Қоянды жәрмеңкелері сияқты жалпы сауда көлемі 20-23 млн сомды құрайтын 128 жәрмеңке жұмыс істеді.
1921-1922 жылдары Қазақ өлкесінде жер-су реформасы жүргізілді. Бұл реформаның мақсаты Орал, Сібір казак әскерлеріне патша үкіметі тартып әперген Ертіс бойы, Орал өзенінің сол жағалауы, сондай ақ Жетісу өлкесі мен Қазақ өлкесінің оңтүстігінде тартып алынған қазақ жерлерін шаруаларға қайтару еді. Жер су реформасының нәтижесінде барлығы 1млн 385 мың десятина жер қазақ шаруаларына қайтарылды. 1921 жылы құрылған «Қосшы» кедейлер одағы мүшелері жер-су реформасына белсене араласты. Бұл кедейлер одағы шаруашылықтың Кеңес үкіметіне деген сенімін нығайту мақсатында құрылғын болатын. Патша үкіметі өлкеде жүргізілген отарлау саясатының салдарынан Қазақ жері әртүрлі әкімшілік аумақтарға бөлініп, тұтастығынан айырылған еді. Қазақ АКСР-ның құрылуы қазақ жерлерін біріктіруді қажет етті. 1921 жылы Батыс Сібірде, Қазақстан өлкесінің солтүстігі мен батыс бөлігіндегі жерлерді межелеу саясаты жүргізіле бастады. Үкімет тарапынан дайындық жұмыстары Орталық Азияда ұлттық территориялық межелеу және қазақ жерлерін қайта біріктіру мақсатында жүргізілді. 1924 жылы 27 қазанда КСРО-ның ОАК сессиясында өзбек ССР-ін (құрамына тәжік АСКР енді); Түрікмен АКСР-ін, РКСФР құрамындағы Қара қырғыз автономиялық облысын, қазақ АКСР-ін (құрамына Қарақалпақ автономиялық облысы енді) құру туралы шешім қабылданды.
Ұлттық территориялық межелеу саясатының нәтижесінде Қазақ АКСР-ның құрамына Қазалы, Ақмешіт, Шымкент уездері және Әулиеата уезінің көп бөлігі, Сырдария облысының Ташкент және Мырзашөл уездерінің бөліктері, Самарқант облысының Жизақ уезіндегі алты көшпелі болыс қосылды. Жетісу облысында Алматы, Жаркент, Лепсі; Қапал уездері, Пішпек уезіне Қарақоныс, Шу, Георгиевка болыстары енді. Қорыта келгенде, Қаз АКСР территориясы 700 мын млн км2-қа артып, жалпы 2,7 млн км2 –ты құрады. Халқының саны 1468 мың адамға өсіп, жалпы 5230 мың адамға жетті. 1926 жылғы халық санағы бойынша 61,3%-ын құрады. 1925 жылы республиканың астанасы Орынбордан Ақшешітке көшіріліп, оған Кеңес үкіметінің идеологиялық талаптарына сәйкес келетін Қызылорда деген атау берілді. Сол жылы Қазақ АКСР Кеңестері V съезінің ұсынуы бойынша КСРО-ның БОАК республиканың дұрыс атын қалпына келтіру, яғни «Қазақ» деп атау туралы шешім қабылдады. 1928 жылы Қазақстанда губернияларға, уездерге, болыстарға бөлу жүйесі жойылып, жаңа әкімшілік бірлік округтар мен аудандарға бөлу жүйесі енгізілді.
2.1924-1929 жылдарда Қазақстанда ауылды кеңестендіру деп аталған, кең ауқымды жұмыс жүргізілді. Ауылды кеңестендіру ұраны, біріншіден шаруаларды жерге орналастыру, сондай-ақ егістік. Шабындық жерлерді қйта бөлу, екіншіден – халықтың мәдени-білімдік дәрежесін көтеру, жаппай сауатсыздықпен күрес, үшіншіден – кооперативтік құрылысты өрістету, яғни әртүрлі бағыттағы өндірістік-шаруашылық серіктіктерді ұйымдастыру, төртіншіден – кеңестердің сайлауын өткізіп, олардың құрамын кедей және орташа шаруалармен толықтыру арқылы кеңестерді, ірі бай шаруалардың ықпалынан шығарып алу, бесінші – ірі бай феодалдардың мал-мүлкін тәркілеу сияқты шараларды қамтыды. Осыған орай, Қазақстан өлкелік партия комитеті және Орталық Атқару комитеті, 1925 жылы 1 қараша мен 1926 жылы 28 ақпан аралығында ауылдық жерлерде кеңестердің кезекті сайлауын өткізу туралы қаулы қабылдады. Орталық, губерниялық, уездік, болыстық, ауылдық, сайлау комиссиялары құрылып, оларға көмек көрсету үшін коммунистер мен партия да жоқ белсенділер бөлінді.
Қазақстанда тоталитарлық жүйенің нығаюы 1925 ж. күзінде Өлкелік партия комитетінің басшысы болып Ф.И.Голощекиннің келуімен байланысты болды. Ол келе сала өзінше жаңа теория ашып, Қазан төңкерісі Қазақстанға соқпай бір бүйір өтіп кеткен, Қазақстан еңбекші бұқарасы оның жемісін татпаған, қазақ ауылында Кеңес өкіметі жоқ, сондықтан мұнда революцияны қайталап «Кіші Қазан» науқанын өткізу керек деп 1927 ж. егістік, шабындық жерлерді қайта бөлу, 1928 ж. «жартылай феодал байлардың» мал-мүлкін тәркілеу науқанын жүргізді. Қазақстан бойынша көшпелі аудандарда 700 шаруашылықты тәркілеу жоспарланды. Ірі қараға шаққанда 400-ден аса малы барлар тәркіленуге жатты. Тәркіленгендердің саны ресми мәліметтерде 696 болып көрсетілгенмен, оның саны іс жүзінде бұдан едәуір көп болды. Мысалы, Ақмола округінде тәркіленуге тиісті 46 шаруашылықтың орнына 200-ге жуық шаруашылық тәркіленген. Жеделдете және күш қолдана жүргізілген науқан барысында 657 адам жер аударылып, 145 мыңдай мал (ірі қарамен есептегенде) тартып алынды.
1925 жылы Қазақстанды басқаруға Ф. Голощекин келгеннен кейін Алаш қозғалысына қатысқан адамдарды саяси тұрғыдан қудалаумен қатар оның тарихын бұрмалау науқаны басталды. Ф.Голощекиннiң ұстанған саясаты ұлт зиялыларына қарсы бағытталды. Ол зиялыларды қудалауда оларға жалған «топ құрушылықты» таңып, оны саяси науқанға айналдырды. Оларға байтұрсыновшылдық, рысқұловшылдық, меңдешевшiлдiк, сейфуллиншылдық, садуақасовшылдық, қожановшылдық деген сияқты ұлтшылдық айыптар тағылды. «Баспасөз беттерiнде ұлт зиялыларын «әшкерелеген» «Байтұрсынов және байтұрсыновшылдық» «Сәкеншiлiк және Сәкен туралы», «Меңдешев туралы» т.б. осы сияқты мақалалар басылды. Бұл саяси науқанның аяғы ұлт зиялыларын тұтқындап, жер аударуға әкелiп соқты. Сталинизмнің идеологиялық аппаратының, тоталитарлық жүйенің орныға бастауымен бірге, ұлттық интеллигенциясының көрнекті өкілдері; Алаш партиясына мүше болғандарға, өлкедегі саяси-экономикалық қайта құрулардың әдістеріне және ұлттық ерекшеліктер мен жергілікті халық мүдделерін көзге ілмеген орталықтың озбыр саясатына қарсылық білдірген республика басқару органдарының басшы қызметкерлеріне қарсы бағытталған саяси қуғын-сүргін кең көлемде жүргізіле бастады. Көп кешікпей-ақ, 1927 жылы болған партия конференциясында Ф.Голощекин басында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов сияқты қазақ зиялылары тұрған ұлттық қозғалысты «реакцияшыл» тіптен, «контрреволюцияшыл» деп бағалады. 1927 жылы Қазақстанда 6 - партия конференциясында жаппай жерге орналастыру мөлшерін белгілеуге байланысты орталықтан келген академиялық ғылыми экспедиция басшысы профессор Швецовты және егіншілік халық комиссары Сұлтанбековты «Ә.Бөкейханов басшылығымен» жұмыс істеді деп айыптайды. Осы конференцияда Байтұрсыновқа да «бізде социализм туралы айтудың қажеті шамалы деп ашықтан-ашық оқушыларды үгіттейді» деп шүйлігеді.
Егерде 1920 жылдардың орта кезінде большевиктер Алаш зиялыларына қарсы күресте әр түрлі айыптаулармен ғана шектелсе, одан кейінгі кезеңде ол өте-мөте қатал жаппай саяси қуғынға ұласты. Кеңес үкіметінің өлкедегі әр түрлі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920-жылдардың аяғы мен 1930-жылдардың ортасы болды. Большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы саяси қуғынды бастауының негізгі себебіне тоқталатын болсақ, ол мынадай жағдайға байланысты болды. Большевиктер ірі байларды тәрбиелеуге байланысты бас көтерулерді ұйымдастырушылар деп қазақ зиялыларын айыптап оларға қарсы шабуылды бастады. 1928 жылдардың орта шенінен бастап бұрынғы Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлер жаппай тұтқындалып, аяғы ашықтан-ашық түрмелерге қамауларға ұласты. Соның нәтижесінде 1928 жылдың аяғында қазақтың ірі ағартушылары, әдебиетшілері әр түрлі саладағы зиялылары және Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Х.Ғаббасов және тағы басқа барлығы 44 адам қуғындалып тұтқындалды. Алаш қозғалысы қайраткелеріне Бүкілодақтық Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4-сәуірдегі және 1920 жылғы 15-сәуірдегі шешімімен амнистия жарияланса да, түрлі әдіспен бүркемеленген қудалау ақыры, осылайша И.Сталиннің тікелей ұйымдастыруымен «Алашорда ісі» атты тергеу ісіне айналып, өмір бойы отарлық билікке қарсы күрескен екі ірі тұлға – Ахмет Байтұрсынов пен Мұхамеджан Тынышбаев «тобы»деген атпен белгілі болды. Бұл зобалаңнан аман қалған зиялы қазақ саусақпен санарлық еді. 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында ұлттық зиялыларының екінші бір тобы (40-қа жуық адам), құрамында Х. және Ж.Досмұхамедовтар, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Ж.Күдерин, Қ.Кемеңгеров және өзге де зиялы қауым өкілдері тұтқындалды.
1932 жылы 20 сәуірде №2370 іс бойынша РКФСР Қылмыс Кодексінің 58/7, 58/11 және 58/3 баптарының тармақтарымен айыпталған М.Тынышбаев жазасын өтеу үшін, алғаш 1930 жылдан бастап бес жыл мерзімге концлагерге қамауға жіберілсе, кейіннен бұл жаза Ресейдің Орталық Қаратопырақты аймағына (Воронеж қаласына) жер аударумен алмастырылды. Мұндай жазаға сонымен бірге, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев, Ж.Күдерин, М.Жұмабаев, М.Дулатов сотталып, жер аударылды, Ж.Аймауытов Мәскеудiң түрмесiнде атылды. М.Әуезов түрмеге қамалды. 1920-1930 жылдарда араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандар «пантүркист», «панисламист», тіпті, «халық жауы» деп жарияланып, қудалауға ұшырайтын болды. Кітапхана қорларынан әкімшілдік-төрешілдік жүйенің теориясы мен практикасына мазмұн мен қайшы басылымдар, ең алдымен олардың ішіндегі араб әрпімен басылғандары аластатылды. Мұндай іс-әрекеттердің барлығы большевиктердің өздеріне идеялық жағынан қарсылық көрсете алатын зиялылардан құтылу жолы екенін байқатады. Сондықтан да елдің санасында қорқыныш сезімін ұялату, сөйтіп қарсылық көрсету мүмкіндігінен толық айыру жолы ретінде осы қуғын-сүргін – репрессия саясатын жүргізді.
3. 1925 жылы желтоқсанда БКП (б) XIV съезі өтіп, онда елді индустрияландыру бағытына көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл шешім бойынша үкіметтің алдына жедел қарқынмен аграрлы елден басталған өнеркәсіпті елге айналдыру мақсаты қойылды. Индустриаландыру басталған кезде Қазақ АКСР-ның халық шаруашылығының жалпы өнімі 84,5%-ды құраса, ауылда тұратын халық саны 90% болды. Одақтың орталық органдары алғашқы күннен бастап Қазақ өлкесін Кеңес Одағынының шикізат базасына айналдыру бағытын көздеді. Жоғарғы басшылық жер байлығын зерттеудің бағдарламасын жасап, түсті металл, көмір және мұнай өнеркәсібін дамытуды негіздеді. 1920 жылдардың соңы мен 1930 жылдардың басында Қазақстанның барлық аймағында табиғи байлықтың зерттеу ісімен айналысқан экспедициялар жұмыс істеді. 1928-1929 жылдары республикада 50-ге жуық геологиялық топ жұмыс істесе, ал 1931 жылы олардың саны 140-қа жетті. Индустрияландырудың ең ірі құрылысының бірі – Түркістан - Сібір теміржолын салу болды. 1445 км-ге созылған Сібір мен Орта Азияны жалғайтын жол құрылысы 1927 жылы сәуірде басталды. Құрылыс бүкіл халықтық сипат алды. 1930 жылы 25 сәуірде мерзімінен 17 ай бұрын аяқталды. Сол кезеңдегі ірі құрылыстардың қатарына Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс және Ащысай полиметалл комбинаттары жатады. Сондай-ақ текелі полиметалл, Жезқазған мыс балқыту комбинаттарының, Өскемен қорғасын мырыш зауытының құрылысы басталды. Бұлар тек Қазақ өлкесіндегі ғана емес, Кеңес одағының түсті металлургияның ірі кәсіпорындары еді. Шымкент, Ақтөбе және басқа аудандарда химия кәсіпорындарын салу басталды. Мұның бәрі электр қуатын өндірудің көлемін арттыруды талап етті. Соған орай Қарағанды ЖЭС-і, Үлбі ГЭС-і, Балқаш мыс өңдеу комбинатының ЖЭО-сы сол кездегі екпінді құрылыс бағыттарына айналды. Ембі мұнай өндіру аймағы дамыды. Индустрияландыру жылдары ірі тамақ өнеркәсібі орындары да салынды. Оларға Семей ет комбинаты, Гурьев балық зауыты, Алматы жеміс-консерві комбинаты, Жамбыл, Мерке, Талдықорған қант зауыттары жатады. Егер 1926 жылы Қазақстанда 44 қала және қалашық болса,1939 жылы олардың сан 81-ге жетті. Қала тұрғындарының саны 8,2%-дан 27,7%-ға өсті. Инженер техникалық, жұмысшы кадрларының білікті тобы қалыптасты. 1926 жылы халық шаруашылығында істейтін жұмысшылар саны 10,7%-ды құраса, 1939 жылы бұл көрсеткіш 33,8%-ға жетті. Сонымен қатар индустрияландырудың келеңсіз жақтары да аз емес еді. Индустрияландыруды жүзеге асыру үлкен қаржылық қорды қажет етті, ал ол қаржы ауыл шаруашылығы есебінен және ішкі несие арқылы алынды. Индустриаландырудың Одақ бойынша дамуы Қазақстан өнеркәсібін шикізат өндіру бағытында ғана дамытуға әкеліп соқты. Газ, мұнай, металл өңдейтін, машина станок, прибор, автомобиль жасау кәсіпорындары салынбады. Қазақ Республикасы елді электрлендіру, темір жолдар мен оны пайдалану бойынша Одақ көлемінде артта қалды.Қазақстан байлығы сыртқа шектеусіз тасылып жатты және Қазақстанның Орталыққа экономикалық тәуелділігі одан әрі күшейе түсті. Қазақстан индустриясын дамытуда еріксіздер еңбегі де көп пайдаланылды. Ішкі істер халық комиссариатының саяси бөлім басқармасының лагерьлер жүйесі ірі өндіріс орындарын арзан жұмыс күшімен қамтамасыз етті.
Кеңес өкіметінің алдына қойған басты мақсаты жеделдетілген индустрияландыруды жүргізу болды. Ал оған қаржыны экономиканың аграрлы секторы беруі тиісті еді. Меншікке негізделген дәстүрлі шаруашылық қысқа мерзімде қажетті қаржыны бере алмады. Сондықтан да 20-жылдардың аяқ кезінде шаруашылықты ұжымдастыруға бағыт алынды. Сталиндік басшылықтың жоспары бойынша Қазақстанда ұжымдастыру науқаны 1932 ж. көктемінде аяқталуы тиіс болды. Ал республикадағы бюрократтар осы мерзімді де қысқартып, ертерек рапорт беруге ұмтылды. Республиканың аудандары «рапорттар тасқынын қардай жаудырды». Газеттер «колхоз майданындағы» ақпарларды жариялауға әзер үлгеріп отырды. Науқанды өткізу қарқыны күннен –күнге артты. Егер 1928 ж. барлық шаруашылықтың 2 %-ті ұжымдастырылса, 1930 ж. 1-сәуірінде 50,4, ал 1931 ж. қазанында 65 %-ке жуығы ұжымдастырылды. Еріктілік принципі мен заңдылықтың бұзылуы жаппай сипат алды. Ауыл жиындарын өткізудің барысында үнемі кім ұжымға кіргісі келеді?,-деп сұраудың орнына кім ұжымдастыруға қарсы деп сұрау дағдыға айналды. Шаруалар еркімен ұжымға кіруге ниет білдірмеген жағдайда, оларды «зорлықпен енгізу» әдісі кең тарады. Жер аудару, тәрбиелеу мақсатымен қамау сияқты әдіс-тәсілдер шектен тыс пайдаланылды.
Азық– түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. 1931–1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80% - ы мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді.
Асығыс жүргізілген отырықшыландыру мен ұжымдастыру кезінде тұрақты баспаналар мен мал қоралар және жем-шөп жетіспеді. Қыс айларында киіз үйге мал қамалды. Жем-шөпсіз бір жерге шоғырланған мал жаппай қырыла бастады. Мысалы, Әулиеата ауданында 1929 жылдың өзінде-ақ жарты миллионға жуық малдан 7 мыңға жетер-жетпес мал қалды (Республикада ұжымдастырудың алдында малдың саны 40 млн. болса, 1930 ж. 5,1 млн-ға түседі). Осы жылдары ет даярлау науқанында асыра сілтеушілік орын алды. Мысалы, Балқаш ауданында 1930 ж. 173-186 мың бас мал қалған еді. Ал етке тапсырар малдың жоспары 279 мың басқа жетті. Қыс айларында қосымша жүн салығы енгізіліп, қой қырқымы жүргізілді, осының нәтижесінде мыңдаған қойлар суықтан қырғынға ұшырады. Ұжымдастырумен қатар бір мезетте астық дайындау науқаны жүргізілді. Егін екпейтін қазақ шаруаларына астық салығы салынды. Қолда бар малын астық айырбасына салған кедей және орта шаруалар малсыз қалды. Елде аштық жайлады. Мұның өзі қазақ халқының өсуіне орасан зор зиянын тигізді. Егер 1926 ж. КСРО-да 3.968 мың қазақ болса, 1959 ж. кісі саны 3.622 мыңға әрең жетті.
Қазақ халқының басына тарихтан этнос ретінде жойылып кету қатері төнгенде, оның азамат ұлдары бас көтере бастады. Голощекиннің жүгенсіздігі жөнінде Т.Рысқұлов халықтар көсемінің атына екі рет хат жолдады. Сол тарихи кезеңдегі хал-ахуал мына хаттан айқындала түседі. «Қазақстанмен көршілес өлкелерге көшіп барғандардың жерлерінен шамамен алынған соңғы деректер бойынша қазір Орта Волгада – 40 мың, Қарақалпақстанда – 20 мың, Батыс Сібірде – 50 мың, Қырғызстанда – 10 мың, Орта Азияда – 10 мың қазақ бар. Көшіп кетушілер тіпті Тәжікстан, Солтүстік өлке және басқа да алыс жерлерге барған. Байлар бастаған халықтың бір бөлігі Батыс Қытайға көшіп кеткен...». Бұл жай көшу емес, едәуір дәрежеде аш адамдардың тамақ іздеп босуы еді. Яғни қазақ халқы жаппай босқыншылыққа ұшырады. Елдегі ашаршылық пен халықтың күйзелісін нақты деректер келтіре отырып, Голощекинге хат жолдаған Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, К.Қуанышев, Е.Алтынбеков сияқты азаматтар ұзақ жылдар бойы қуғындалды.
1930 – 1933 жылдары аштықтан 6,2 млн. адамның 2,1 миллионы өлді. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді. Зұлмат ауқымның зор болғаны сонша, 1930 – 1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді. Кеңестік тоталитарлық жүйенің өктем саясаты мен зорлық-зомбылығы 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың бас кезінде халық наразылығын туғызды. 1929-1931 жж. Қазақстанда 80 мыңдай адам қатысқан 372 халық наразылығы мен көтерілістері болды. Бас көтерген халыққа аяусыз жазалау шарасы жүргізілді. 1929-1931 жылдары көтерілістерге қатысқаны үшін 5551 адам сотталып, оның 855-і атылды. Жалпы алғанда, күштеп ұжымдастыру кезінде 100 мыннан астам адам жазаланды.
4. 1920 жылдан бастап әлеуметтік күштеудің мемлекеттік механизмі мен социалистік құрылымға қарсы пікір білдірушілерге қарсы террордың тәжірибесі негізделіп, оның жалғасы 1937-1938 жылдардағы «Үлкен террор» еді.Ол заңды логикалық процесс механизмі болды. Бірақ кеңес халқына қарсы жүргізілген саяси қуғын-сүргін бір дүркін түрде емес, толқынды сипатта жүрді. 1937-1938 жылғы жаппай саяси репрессия өзінің жүргізілу кезеңінде мемлекеттегі тоталитарлық-авторитарлық билік жүйесіне сәйкес келді. Тоталитарлық жүйе ол тек идеология мен этакратиядан ғана емес, жаңа қоғамды құру процесстері мен алғышарттар нәтижесінен пайда болды. Оның КСРО сияқты алып мемлекеттегі үлгісі биліктегілердің саяси репрессия шараларын өз халқына қарсы қаруы ретінде ұстап, қоғамдық өмірдің барлық саласына: экономика саласына, қоғамның әлеуметтік құрылымына, саяси институттарына толық бақылау жүргізіп отыру түрінде болды және ол заңды қарама-қайшылыққа әкелді.
Осы қарама-қайшылықтарды басып-жаншу мен тұншықтыру саяси қуғындау шараларымен жүзеге асты. Сондықтан пролетариат диктатурасы атанған сталиндік режимнің өз халқына қарсы жүргізген «үлкен терроры» әрине кездейсоқ жаңылыс құбылыс емес-тін. Яғни, 1937-1938 жылдардағы жүргізілген қуғын-сүргін науқандары кең ауқымды әлеуметтік топты қамтыды. 1935-1938 жылдар арасындағы И.Сталин бастаған шағын арандатушы саяси топтың өзінің туған халқына қарсы жасаған аса ауқымды қылмысы заң қорғау органдары саяси қуғын-сүргін жүйесін қалыптастырып, арнайы қабылданған қаулы-қарарлар, нормативтік актілер арқылы репрессияның заңдық негізі жасалды. Бұл арқылы белгіленген немесе жасырын дұшпандар нақты таңбаланған – «ұлтшыл,» «алашордашыл,» «троцкист-зиновьевшіл», - деген саяси атқа ие болды. Кейіннен «дүнгендер» тобына «фашистер», «шпиондар», «барлаушылар» мен «диверсанттар», сонымен қатар бүлікшілер де қосылды. Осымен бірге, «жайбарақат элементтердің,» «ашық ауыздың» және «шіріген либералистердің» өмірін оқыту әдістері де анықталды. Бұдан кейінгі «дұшпандар» шеңберінің кеңеюі ішкі және сыртқы саяси факторлардың әсеріне байланыстырылып, 1937 жылдың өн бойында «троцкистер мен басқа екі жүзділер,» «троцистік-зиновьевтік фашист-бандиттер», «азғырушылар» болып кете береді. Репрессияның тарихи салдарларының ауқымының көптігі сонша өмірдің барлық салаларында жекелеп қарастыруға болады. Оның саяси өмірге де экономика, әлеуметтік, мәдени салаларға әкелген зардабы орны толмас таңба болып қалды. Сталиндік репрессия зиялыларымыздың ғылыми қызметіне нұқсан келтіріп қана қоймай, олардың шәкірттері мен жанұяларына да қасірет әкелді. Сталиндік қуғын-сүргін қоғамда ауыр із қалдырды. Түрмеге қамау, жер аудару, партия қатарынан шығару және қызметтен босату тәрізді жазалаулар қазақ зиялыларын жалтақ, жасқаншақ, тіптен екі жүзді етіп қалыптастырудың жаңа кезеңіне апарды. Сталин қайтыс болғаннан кейін ғана ол жағдай бәсеңдей бастады. Алашорда зиялылары қазақ елін отарлық езгіден азат ету, қазақ қоғамын орта ғасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолына шығаруды мақсат етіп қойды.
Олар біртұтас халықтық мүддені көздеді. Кеңестік кезеңдегі «ұлтшылдар» атанған ұлттық бағыттың заңды жалғастырушылары болды. Бұл үрдіс келе-келе әміршіл-әкімшіл жүйенің туындауымен үзіліп, тәуелсіздігімізді жариялауға, дербестік ұмтылыс жасау тұрмақ, емеурін білдіруге де болмайтын, төрешіл де тегеурінді мемлекет ішінде «кіші іні» ретінде өмір сүруге алып келді. Бұл жағдай Қазақстанның өзін-өзі билеуіне бөгет қойды, ғасыр басындағы ұлт зиялыларының ізгі арманы ХХ ғасырдың аяқ кезінде Одақтық мемлекеттің күйреуі нәтижесінде ғана ақиқатқа айналды. Кеңес үкіметінің орнаған алғашқы күніне бастап-ақ үзіліссіз жүргізіп отырған бұл шараның қанды шеңберіне қоғамның саяси өміріне белсенді түрде араласқан адамдардың барлығы да іліккен еді. Жазықсыз жазаланғандар саны әлі күнге дейін әртүрлі мөлшерде айтылады. Саяси жаламен «үлкен террор» кезінде репрессияланғандар – 16520 адам, 1937 жылы – 6329 адам, 1938 жылы – 7191 адамды құрады. Қазақстан облыстары бойынша репрессияланғандар санының көп бөлігі Батыс Қазақстан облысынан еді. Оның мәні аймақ бойынша Орталыққа жақын орналасуында еді. Алайда Батысқа жақын аймақтар Қарағанды (23,2%), Ақтөбе (14,4%), Оңтүстік Қазақстан (20,0%) үлестері де аз емес. Дегенмен аймақтық фактор ғана емес, ол аймақтардың өндірістік және ауылшаруашылық деңгейіне де байланысты. Тұрғындары сирек және экономикалық қатынаста әлсіз аймақтарға репрессияға ұшырағандардың саны аз келеді. М.Тәтімов «Зұлматтың ауыр зардабы» атты еңбегінде 1937-1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмеде, ал оның 22 мыңы атылған деп айтады. 1936-1938 жылдар арлығында 29 әртүрлі «контрреволюциялық ұйымдар» ашылып, 1937-1938 жылдары 160 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Ал, 1937 жылы ақпан айында Алматыда күніне 37-39 адам, наурыздан бастап күніне 53-54 адам, 1937 жылы 700, 1938 жылы 980 адам атылған. Бұл келтірілген сандық фактілердің ар жағында мыңдаған-миллиондаған адамдардың қайғылы тағдыры, бірнеше буын ұрпақтардың, бүтін халықтардың өзгеріске деформациялауға ұшыраған рухани болмысы, мінезі жатқандығын айтып жеткізу әрине оңай емес. 20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап, И.В.Сталиннің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетінің дамуына үлкен кеселін тигізді. Партиялық-мемлекеттік құрылымның идеологияландырылған саясаты профессионалдық оқу орындарындағы істің жағдайына бәрінен де көп зиян келтірді. Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерін қудалау мен жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин өлгенге дейін жүргізілді. Осының нәтижесінде 30-шы жылдардың ортасында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлімхан Ермеков, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Мұхаметжан Тынышпаев, Халел Досмұхамедов, Телжан Шонанов, Қошке Кемеңгеров, Ғаббас Нұрымов және басқа аса көрнекті қоғам қайраткерлер, ғалым, педогогтердің өмірі қиылып кетті. Сол жылдары адамдар бойындағы тек қана адамзатқа ғана лайықты сапа-қасиеттерді азайту қуғын-сүргін саясатымен қатар жүрді. Жазылған «домалақ арыздар» сол кезеңнің ақиқатын көрсетті. Қудалау, нақақтан жала жабу қоғамдық өмірдің барлық саласынан көрініс табатын, тіпті үйреншікті деп атауға болатын құбылысқа айналды. Халықтың жалған жауларымен күрес кеңейе келе өз мақсаттарын жүзеге асыра бастады. Оның қарқынды жүргені соншалық, еліміз лагерьлер торабымен шырмалып (Карлаг, Степлаг, Алжир), оның жан-жағы тікенекті темірлермен қоршалды.
Қорытындылап айтар болсақ, «Адамдар мемлекет үшін өмір сүреді» деген қағиданы ұстанған кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіп әлемге адам құқын аяққа басудың неше түрлі үлгілерін көрсетіп берді. Адамды жазықсыз айыптау, ал сотталғандарға адамдық өлшеммен қарамау секілді кері тартатын құбылыстар өмірден берік орын алып, адами қасиет-сапаларды төмендетті. Кеңестік тоталитарлық қоғам мемлекеттің ең басты капиталы адам екендігін естен шығарып, адамилық мәселесін мемлекеттен кейінгі екінші орынға қалдырылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет