Бақылау сұрақтары:
1. Соғыстың алғашқы айларындағы майдан даласындағы шығындардың себебіне тоқталыңыз.
2. Москва түбінде қандай дивизия ерлік көрсетті?
3. Тыл еңбеккерлерінің ерліктеріне тоқталыңыз.
4. Партизандық қозғалысқа қатысқан Қазаақстандықтар.
Дәріс5. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1954 жж.)
1. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы халық шаруашылығындағы қиыншылықтар. 2.Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы. Бекмахановтың ісі. 3. Қазақстан территориясындағы ядролық сынақ және оның салдары.
4.Білім беру, ғылым мен мәдениеттің дамуы (1940-1950 жж.).
Мақсаты: Соғыстан кейінгі еліміздің әлеуметтік жағдайын, соның ішінде, қоғамдық-саяси және мәдени өмірін жан-жақты қарастыру.
1.Төртінші бесжылдықтың (1946-1950 ж.ж.) негізгі экономикалық және саяси міндеті - өнеркәсіпті, көлікті, байланысты және ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту. Жұмысшылар, колхозшылар, интеллигенция – республиканың бүкіл еңбекшілері соғыстан кейінгі шаруашылықты өркендету бағдарламасын жүзеге асыруға асқан құлшыныспен кірісіп кетті. Бесжылдықта қара металлургия мықтап дамыды. Теміртаудағы зауытта үш прокат станогы мен екі мартен пеші, Ақтөбе ферросплав зауытында оның үшінші кезегі іске қосылды. 1950 жылдың аяғына таман металлургиялық процестердің тұйық циклімен жұмыс істейтін Қарағанды металлургия зауыты құрылысын жүргізуге дайындық жұмыстары басталды. 1947 жылы Өскеменде қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жөніндегі жұмыстар одан әрі жүргізілді. Жезқазғанда аса ірі мыс балқыту комбинаты объектілерінің кешені салынып жатты. Текелі қорғасын-мырыш комбинатының екінші кезегін іске асыруға әзірлік жүргізілді, Шымкент, Лениногорск қорғасын зауыттары және түсті металлургияның жұмыс істеп тұрған басқа кәсіпорындары қайта құрылып кеңейтілді. Өнеркәсіпте бесжылдық тапсырмаларын орындау барысында жаңа техника енгізіліп отырды. Қарағанды көмір бассейініндегі шахталарда жоғары өнімді 50 “Донбасс” комбайны, көмір қазып тиейтін және түсіретін 100-ге жуық машина, көмір және кен жыныстарын тиейтін 40 машина, 1000-нан астам қуатты қырнағыш конвейер жұмыс істеді. “Қаратау” кен-химия комбинаты мен Жамбыл суперфосфат зауытының бірінші кезектері пайдалануға берілді. Қостанай талшық зауытында өнімнің алғашқы тонналары шығарылды. Қарағанды синтетикалық сағыз (каучук) зауытында екі цех қатарға қосылды, Ақтөбе химия зауыты кеңейтілді. Бірқатар мұнай кәсіпшіліктерінің, соның ішінде Қаратон, Мұнайлы және басқаларының іске қосылуы мұнай өндіруді 1950 жылғы соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда 52 пайызға арттыруға мүмкіндік берді. 1950 жылы электр қуатын өндіру 1946 жылға қарағанда 2,3 есе өсті, бесжылдық тапсырмасы 1,5 есе дерлік асыра орындалды. Құрылыс материалдары индустриясын дамытуға баса көңіл аударылды, цемент өндіріле бастады. Кірпіш, әк, алибастр және басқа кейбір материалдар өндіру соғысқа дейінгі деңгейден асып түсті. Тастөбе мен Қарағанды цемент, Өскемен, Петропавл және Қостанай кірпіш зауыттары салынды. Жеңіл өнеркәсіп одан әрі дамыды. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда былғары зауыттарының құрылысы аяқталды. Көлік пен байланыс одан әрі дамыды. 1950 жылы ұзындығы 438 шақырым Мойынты-Шу темір жолы салынып жатты. Жамбыл-Қаратау темір жолында қатынас басталды. Темір жолдың жалпы ұзындығы 1940 жылғы 6581 шақырымның орнына 1950 жылы 8407 шақырымға жетті. Жүк тасу 1945 жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейді. Паравоздан гөрі неғұрлым тиімді тепловозға ауысу басталды. Тас жолдардың желісі ұлғайды, автомобиль көлігінің жүк тасу айналымы 1940 жылға қарағанда 1950 жылы 1,9 есеге көбейді. Республиканың 21 қаласында автобустар жүре бастады. Әуе және өзен көлігі дамыды, ұшақпен және өзен көлігімен жүк пен жолаушылар тасу едәуір көбейді. Бесжылдықтың соңғы жылдарының өзінде ғана 119 мың адам су жолдарымен сапар шекті. Байланыс құралдара шапшаң дамыды, бесжылдық жоспар үш жылда орындалды: барлық аудан орталықтары телефондандырылды; совхоздардың, селолық және аудандық кеңестердің көпшілігі телефон арқылы аудан орталықтарымен байланыс жасайтын болды; 1949 жылы көктемге қарай Алматыда АТС іске қосылды; Астан Одақтың 56 қаласымен байланыс орнатты; Радио қабылдағыш пен радио нүктелерінің саны 1940 жылмен салыстырғанда 2 есе дерлік көбейді; 1950 жылы колхоздардың 60 пайызына жуығы 1 күнге 1 кг астық берді. Өнеркәсіптің өндіруші салаларында едәуір жетістіктерге жетуіне қарамастан, 50-60 жылдар ішінде Қазақстан Экономикасында, оның келешегіне қатысты алып қарағанда, бірқатар келеңсіз тенденциялар да қалыптасты. Республика экономикасында шикізаттық бағдар белең алды. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымы салалық тұрғыдан түрленбеді, шығаратын өнім күрделенбеді, өндіруші секторға сай өндіруші сектор дамымады. 30-жылдары қалыптасқан қағида бойынша өнеркәсіптің “Б” тобына (тұтыну тауарлары) қарағанда “А” тобын (Өндіріс құралдарын) өндіруді жеделдете дамыту бағыты сақталып қалды. Қазақстан өнеркәсібін шикізаттық-өндірушілік бағытта қалдырғанда, Орталық мынадай мақсаттарды көздейді:
Достарыңызбен бөлісу: |