Пайда болу реті бойынша
-Біріншілік Организмнің ішкі ортасы тұрақтылығының біріншілік бұзылысы салдарынан жанама бүліну дамиды.
-Екіншілік біріншінің салдарынан дамиды
Өмірлік цикл фазасына қарай
-Митоздық
-Интерфазалық
Жасуша бүліністерінің себептері келесі ықпалдар:
Гипоксия. Жасуша бүлінуінің өте маңызды кең таралған себебі. Ате- росклероз, тромбоз кезінде қанайналымның азаюы (ишемия), артериялардың қысылуы гипоксияның негізгі себебі болып табылады. Баска себептерге жүрек-кантамыр немесе өкпе патологиясында қанай- налымға оттегі жеткіліксіздігі болуы мүмкін. Үшінші себебі оттегі тасымалдануының бұзылысы, мысалы анемия кезінде, көміртегі тотығымен уланғанда немесе меттемоглобинтүзушілер (нитраттар және нитриттер, хлорлы және хлор тәрізді түздар, феррицианилтер, дәрілік заттар - фе- нацитин, амидопирин, сулыфаниламидтер және т.б.) (толығырак 16.2-та- рауды караңыз);
Физикалық ықпалдар - механикалық жаракат, температураның әсері, барометрлік кысымның тербелісі, иондаушы және ультракүлгін радиация, электрлік ток;
Химиялық ықпалдар және дәрілер. Жасушанын бүлінісі өмірге қажетті химиялық қосылыстармен, мысалы глюкоза немесе гипертониялық концентрациядағы ас түзы, жоғары концентрациялы оттегімен туындауы мүмкін. Санаулы сағат немесе минут ішінде улы заттар (көбінесе мышьяк, цианидтер, сынап жасуша болдыруы мүмкін. Жасуша өлімі сыртқы орта ықпалдарының, «әлеуметтік» ықпалдар ішімдік, темекі тарту, нашақорлық және әсерінен мүмкін; •иммунологиялық реакциялар.
Иммундық реакциялар организмді биологиялық ықпалдардың әсер стуінен корғаса, кейбір жағдайларда (аллергия, аутоиммунды реакциялар) жасушаның бүлінісін тудыруы мүмкін;
Генетикалық бүліністер (мысалы, тұқым қуалаушылық мембранопатиялар, энзимопатиялар және т.б.);
Тамақтану үйлесімділігінің бұзылысы.
21.Жедел және созылмалы жасуша зақымдалу сатылары
Жасуша бүлінуі даму жылдамдығына және негізгі айқын көрінісіне байланысты жедел және созылмалы болып бөлінеді.Жедел бүліну бір реттік,бірақ қарқынды зақымдау әсерінен тез дамиды. Жедел зақымдалудың сатылары:
Бүліндіргіш жайыттың біріншілік спецификалық әсері
Жасушалардың бейспецификалық серпілісі
Паранекроз (қайтымды жағдай)
Некробиоз (жасушаның «агониясы»)
Некроз
Созылмалы бүліну көп реттік,бірақ қарқындылығы төмен патогенді әсер салдарынан баяу дамиды.Зақымдалу сатылары:
Апаттық сатысы
(Қалған құрылымдардың қызметінің жоғарылауы, жасушаның гендіқ ақпаратының белсенділенуі)
Тұрақты икемделу сатысы
(Жасуша құрылымдарының гипертрофиясы мен гиперплазиясы)
Дистрофиялық өзгерістері мен жасуша өлу сатысы
Достарыңызбен бөлісу: |