1. Патологиялық физиология туралы түсінік, оның маңызы. Патофизиология


Некроз бен апоптоз даму механизмдері



бет23/44
Дата17.09.2023
өлшемі111.86 Kb.
#477777
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44
1. Патологиялы физиология туралы т сінік, оны ма ызы. Патофизи

22.Некроз бен апоптоз даму механизмдері
Жасуша өлімі-бұл оның бүлінуінің соңғы нәтижесі.Екі негізгі түрі бар-некроз және апоптоз.
Некроз бұл жасушаның химиялық немесе физикалық бүлінуіне байланысты дамыған өлімінің патологиялық түрі. Ол дистрофияның соңғы сатысында немесе төтенше
бүліндіргіш ықпалдың тікелей әсерінен дамиды. Тіршілігін жоғалтқан жасушалардың айналасына фагоциттер шоғырланып, қабыну үрдісі байқалады. Некрозға үшыраған жасушалар лизосомалық ферменттердің және оттегінің белсенді бос радикалдарының қатысуымен ыдыратылады. Жасуша құрылымдарының осындай жолдармен өзін-өзі ыдыратуын аутолиз дейді. Бүлінген жөне некрозға үшыраған жасушалардың ыдыратылуы фагоциттердің және микробтардың протеолиздік ферменттерінің қатысуымен болады.
Жасушалардың некрозға ұшырау алдындағы жағдайын некробиоз дейді. Бұл кезде пайда болған өзгерістер қайтымсыз өзгерістерге жатады жөне некроз дамуына әкеледі.

Апоптоз - жасушанын алдын-ала бағдарланған гендік акпараты бойынша тіршілігін жоюы. Оның дамуын қадағалайтын екі түрлі гендер белгілі. Апоптоз дамуын тежейтін ген Bcl-2 қадағалауымен антиапоптоздық нәруыз түзіледі. Ол митохондрийлардың мембранасының өткізгіштігін төмендетіп, жасуша цитоплазмасына, апоптозды сергітетін фактор — цитохром С шығарылуын азайтады. Апоптозды күшейтетін нөруыз Bad, Bax гендерімен жөне супрессор гендер Rb (ретинобластома). р53 гендерімен кадағаланады. Осы нәруыздың түзілуінен эндонуклеаза ферментінің белсенділігі артып, ДНК молекуласы бөлшектеліп кетеді. Апоптоздың гендік бағдарламасын дабылдык ақпарат жүзеге асырады. Ал, некроз бүліндіргіш ықпалдың әсерінен дамиды. Некроздың нәтижесінде жасушаның ыдырауы болып, оның ішіндегі заттар жасуша аралық кеңістікке босап шығады. Босап шыққан лизосомалық ферменттер айналасындагы тіндерді ыдыратады. Ал, апоптоз кезінде жасушаның ыдыраған қүрам бөлшектерін фагоциггер жеп қояды. Некроз өрдайым дерттік үрдіс. Ал, апоптоз көптеген табиғи болмыстық үрдістердің барысында байқалады. Сонымен бірге, ол бүліндіргіш ыкпалға жасушаның бейімделуі түрінде де кездеседі. Ңекрозға қарағанда апоптоз энергия пайдаланып өтеді және ол нуклеин қышқылдары мен нөруыздар түзілуін қажет етеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет