1. Патологиялық физиология туралы түсінік, оның маңызы. Патофизиология



бет20/44
Дата17.09.2023
өлшемі111.86 Kb.
#477777
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
1. Патологиялы физиология туралы т сінік, оны ма ызы. Патофизи

Эндогендік себепкер ықпалдар туа біткен жүре пайда болған болып бөлінеді. Туа біткен себепкер ықпалдарға жасуша мембранасындағы тұқым куалайтын ақаулардың болуы жатады. Бүл кезде мембрананың күрамында кейбір нәруыздар, фосфолипидтер немесе ферменттер болмауы ықтимал.
Жүре пайда болған эндогендік себепкер ықпалдарға:
- жүйкелік эндокриндік реттелулердің біріншілік бүзылыстары;
- иммундық бүзылыстар немесе аллергиялық үрдістер;
- зат алмасуөнімдерінің (Н, К, Са, асқын тотықтар т. б.) жиналып қалуы;
- организмде су мен электролиттер алмасуының бүзылыстары;
- бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі;
- ағза қызметінің тым қатты көтерілуі немесе үзақ мерзім болмауы;
- жасушанын картаюы жатады.
Жасушаның бүліністері пайда болуында әсер ететін ықпалдармен бірге, жасушаның өзінің ішкі жағдайы да маңызды. Жасушаның алғашқы жағдайына байланысты кез келген ықпал қорғаныстық немесе бүліндіргіш өсер етуі мүмкін.
Жасушаның жағдайлары тұқым қуалайтын қасиеттерімен анықталады және жүре пайда болған авитаминоздар, созылмалы гипоксия, зат алмасу үрдістерінің өзгерістері т. т. жасушаның көптеген әдеттегі әсерлерге төзімділігін төмендетеді. Гормондық реттелудің бүзылыстары зат алмасу үрдістерін бірінші бүзып, сол арқылы әртүрлі әсерлерге жасушаның тұрақтылығын азайтады. Мәселен, гипертиреоз кезінде оның гипоксияға төзімділігі төмендейді. Қантты диабет кезінде микробтарға төзімділігі азаяды.
Сонымен бірге, көптеген (биологиялык, химиялык, физикалык) ықпалдар жиі бірігіп әсер етуі мүмкін.
Жасуша бүліністерінің жалпы даму жолдары мына бүзылыстардан байланысты болады:
(крч олим агай видеосындагы мысалда 1- ишемия 2-Са бұзылысы 3- бос радикалдар 4-реперфузия )
• энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстарына; (АТФ бұзылуы митохондрия)
• жасуша мембраналарының бұзылыстарына; (мембрананың немесе клетканың иммунды бұзылысы Олим агай )
• гендік құрылымдарының бұзылыстарына;
• жасушада иондар мен сұйықтардың алмасуы бүзылыстарына; (ишемия)
• жасуша қызметтерінің реттелулерінің бүзылыстарына - байланысты дамиды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет