1-тақырып. Қазіргі әлемдегі журналист және журналистика Дәріс жоспары: «Журналистикаға кіріспе»



бет11/38
Дата18.09.2022
өлшемі193.42 Kb.
#460874
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
Лекция - Даурен А.

Журналистің кәсіби этикасы журналисттің іскерлік мінез-құлқының кәсіби-адамгершілік реттеу үшін тұспалдайды. Осы жерде «кәсіби борыш», «кәсіби жауапкершілік», «кәсіби ар», «кәсіби намыс» тәрізді түсініктерді қарастыру әбден қажет
Журналистік этиканың іргетасында жататындар:
1. Шыншылдық, объективтілік
2. Адалдық, адамгершілік
3. Абырой, намыс
4. Кәсіби ауызбірлік

Ресми заң тұрғысынан қарағанда, журналистер ең алдымен елдің Конституциясы және БАҚ туралы Заңды басшылыққа алады. Дегенмен, тек журналистерге ғана мәні одан кем болмайтын мінез-құлықтың адамгершілік қағидаттары бейресми Журналист кодексіне шоғырландырылған.


Адамгершілік қағидаттары:
1) қоғамдық мүдделер және жалпы адамзаттық гуманистік құндылықтардың басымдығын топтық мүдделерден жоғары тұту;
2) өз елінің заңдары және халықаралық құқықтық актілерін ұстану;
3) жалпыға бірдей мораль нормаларын, сонымен қатар өзара қарым-қатынас мәдениетінің стандарттарын сақтау;
4) барлық кәсіби іс-әрекеттерді оймен, адал, мұқият орындау»

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге қазақстандық журналистика әлемдік журналистикамен ашық байланысқа шыға бастады. Кеңестік идеология теріс баға беріп келген шетелдік журналистиканың демократиялық сипаттары қазақстандық журналистикада шын мәнінде орнықты. Адам құқығын қорғау, сөз, баспасөз бостандығы мен пікір алуандығына негізделген журналистика елдің саяси, әлеуметтік, экономика және рухани салаларындағы өзекті мәселелерге белсенді араласа бастады.


Журналист этикасына адал болуына, өзара кәсіби тәжірибе алмасуына Қазақстан Журналистер одағының съездері мен өзге де бас қосуларының, халықаралық медиа форумдардың ықпалы мол. Журналистердің Қазақстанда шын мәнінде тәуелсіз, алайда өзге де азаматтардың құқықтарын бұзбай қызмет атқаруына Қазақстан Журналистер академиясы,"Әділ сөз" Халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымы атты журналистік кәсіби ұйымдар кепілдік береді


6- ТАҚЫРЫП. Журналистиканың ақпараттық сипаты


Дәріс жоспары:
1. Журналист әлеуметтік позициясының қалыптасуы
2. Журналистика принциптерінің жүйесі
3. Журналист принципшілдігі проблемасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет