Кітап баспалары. Кітап тарихы - кешенді ғылым. Кітап және оның даму, қалыптасу жолдарын қарастыратын ғылым саласы кітаптану негіздері делініп жүр.
Кітап – адамзат қорытқан қазынаны сақтайтын қойма. Кітап басылымы - бұл қуатты ақпарат құралы өмір сүрудің материалдық нысаны. Бірақ кітап басылымы өздігінен халық арасына тарап кете алмайды. Ол нағыз БАҚ құралына айналуы үшін біріншіден, көп тиражбен басылып шығу керек. Екіншіден, кітап саудасы жүйесі арқылы халық қолына тиюі керек. Үшіншіден, кітап сөрелерінде тұруы керек. Яғни кітап ісі бас-басына атап айтқанда баспа, полиграфия, кітап саудасы, кітапхана, библиография жұмысын жолға қоюуы қажет.
Кітап тарихы - кітаптану ғылымының құрамдас бөлігі. Кітаптану ғылымы өндіру, тарату, пайдалану жолдарының жалпы теориялық, методологиялық жағын қарастырады.
Кітаптану ғылымында төмендегідей мәселелер қамтылады:
Кітап тарихының І кезеңі (1807-1867)
Қолжазба кітап
Кітап басу ісі
ІІ кезеңі (1867-1900)
Миссионерлік кітаптар
ІІІ кезең (1900-1917)
Қазақ кітабы және цензура
Кітап сату тарату ісінің ілкі қадамдары
Ақпарат агенттігі. Агенттік - латынның «агентус» әрекет етуші деген мағынадағы сөзі. Бірінші беретін мағынасы өкілетті мекеме, бөлімше. Бір аймақта ірі мемлекеттің ісін жүйелі жүргізіп, тапсырмаларын орындайды. Олардың өнімдерін тарату немесе сатумен айналысады. Мысалы, фирманың маркетинг қызметін көрсететін агенттік жарнама құралдарын жоспарлау және пайдалану маркетинг жөнінде кеңес беру мәселесімен айналысады. Екінші, белгілі бір экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік міндет атақаратын мекеме. Мысалы, халықаралық энергетика агенттіктер-мұнай дағдарысын болдырмау ісімен айналысатын ұйым. Үшінші, мемлекеттің басқару құрылымындағы орталық атқарушы орган.
Қаз ақпарат агенттігі – қазақ ақпараттық ұлттық компаниясы ашық акционерлік компаниясы. БАҚ-қа қызмет көрсетуге маманданған ақпарат органы. 2002 ж. 8 қарашада ҚР М және А қоғамдық келісім мемлекеттік республикалық қазыналық кәсіпорын Қазақ ақпараттық агенттігі негізінде құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |